Proxy деген не?
Прокси дегеніміз – пайдаланушы мен ақпарат сұралатын серверлер арасындағы, яғни адам мен үлкен деректер арасындағы сүзгі. Бір сөзбен аралық сервер деуге болады. Проксиді пайдаланған кезде трафик компьютерден серверге тікелей емес, сүзгі немесе шлюз арқылы өтеді.
Прокси серверлер көбіне барлық сайтта, желіде қолданылады. Қолданушы мұны байқамауы мүмкін, бірақ тауар сатып, контент өндіріп жатқан желілер проксиге жүгініп отырады. Себебі оның мүмкіндігі көп. Бұл сервердің көмегімен кей сайтты бұғаттауға, файлдың көлемін кішірейтуге, жарнамаға фильтр қоюға, аудиторияның қызығушылығын анықтауға және алаяқтардан қорғануға болады. Ең маңыздысы – қолданушының деректерін жинауға немесе ақпаратты сақталмайтындай етіп қоюға болады.
Оны не үшін қолданады?
Прокси сервердің қайда, не мақсатпен қолданылатыны оның түріне байланысты. Прокси шифрлау үшін де, ақпаратты кэштеу үшін де, уеб-сүзгі ретінде де жұмыс істейді. Қазіргі прокси серверлердің көмегімен қолданушылардың қызығушылығын анықтауға немесе интернет алаяқтардан қорғануға мүмкіндік бар.
Мысалы, үлкен ұжым қызметкерлерінің мұқтаждығын білу үшін, цифрлық құрылғы жұмысын тездету үшін, ал жеке адам өзінің IP-мекенжайы мен тұрғылықты жерін жасырып қалу үшін қолданып жатады.
Сонымен қатар прокси сервер – қазіргі кезде қазақстандықтар үшін ең актуал нәрсе – бұғатталған әлеуметтік желі мен сайттарды ашып немесе керісінше бұғаттап, қолдануға мүмкіндік береді. Бұл серверді іске асыра алатын адам болса, онда көмегімен қолданушының мүмкіндігін шектей де, кеңейте де алады.
Қандай түрлері бар?
Прокси серверінің мүмкіндіктері мұнымен бітпеді. Ол қолданушы мен сервер арасындағы сүзгі болғандықтан адамның қызығушылығы мен әрекетінен профиль жасап бере алады.
Қолданушы нені көп қарайды, күніне қанша уақытын желіге арнайды және тағы басқа ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Әрине, мұндай профильденген ақпаратты бизнес өкілдері мен сайттар өз аудиториясын анықтауға, жарнама жіберуге қолданады.
Проксидің қолдану мақсатына қарай Forward Proxy, Reverse proxy, ашық, аноним, бұрмалаушы және тағы басқа типтері бар. Ал оның түрлері жетеді: SMTP, POP3, CGI, FTP және тағы басқа. Кең тараған түрлері – HTTP-proxy, HTTPS-proxy, Socks proxy.
HTTP-proxy көбіне деректер көлемін ыңғайлауда, кей ресурсты блоктауға және жарнаманы сүзгілеуге көмектеседі. HTTPS-proxy біліктілігі жоғары заңгер сияқты. Қолданушының дерегін, жеке ақпаратын ешкімге көрінбейтіндей сақтай алады. Бірақ бұл проксидегі ақпаратты алуға мүмкіндік жоқ деген сөз емес.
Қазір көп қолданылатын танымал Socks proxy деректің сақталуын қадағалайтын, оны жасыратын, қолданушының тапсырысын орындап отыратын қауіпсіздік бөлімінің бастығы сияқты. Бұл прокси қолданушының IP мекенжайы мен өзін көрсетпейді.
VPN-нен айырмашылығы неде?
Proxy мен VPN бір-біріне ұқсайды, екеуі де – делдал, сүзгі. Негізгі айырмашылық – түпкілікті шифрлау. VPN пайдалану кезінде компьютер мен VPN сервері арасында қауіпсіз байланыс арнасы құрылады. VPN қорғап қана қоймай, аноним түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Анонимділікті сақтау үшін VPN пайдаланған жақсы. Бұл тек IP-мекенжайыңызды жасыру қажет болса, ақталады. Ресурс шектеулерін реттегіңіз келсе, трафик жылдамдығын арттырғыңыз немесе сайттағы жүктемені таратқыңыз келсе, проксидің көмегі қажет.
Бір сөзбен айтқанда, прокси үшін құпиялықты қамтамасыз ету – міндеттердің бірі ғана. Ал VPN үшін ол – негізгі атқаратын қызмет.
Қарапайым пайдаланушы болсаңыз, прокси емес, VPN пайдаланғаныңыз жөн. Себебі қауіпсіздеу әрі қарапайым пайдаланушыға сенімді проксиді табу қиын. Компания иесі болса, техникалық мәселелер туындаса, онда прокси қажет.
Қазақстандық IT-мамандар бірнеше прокси жасап, таратты
Қазақстандықтар интернет жоқ күндері Proxy сервері арқылы Telegram мессенджерін пайдаланды. Себебі VPN арқылы интернетті қосуға мүмкіндік болмады. Ал Proxy серверін қолдану – Telegram-дағы бұғатты шешудің ең оңай түрі.
Төтенше жағдай кезінде шетелдік және жергілікті IT-мамандар proxy жасап, сілтемесін таратты. Соның бірі Telegram-дағы Narikbi LIVE каналының авторы – Нәрікби Мақсұт. Ол интернет жоқ кездері Proxy, VPN cілтемелерін жариялап, Telegram-ға қосылуға шетелде отырып көмектесті. 8 қаңтардан бері Proxy сілтемелерін жіберіп, біраз отандасымыздың мессенджерге кіруіне ықпал етті. Қазақстандықтар прокси сілтемесін SMS арқылы бір-біріне жіберіп, жақындарымен сөйлесуге мүмкіндік жасады. Себебі қосылу үшін интернет керек емес.
Proxy-ді қолданып, интернет өшіп тұрған кезде пайдалану үшін мына сілтемелерді смартфонға сақтап алыңыз. Сонда интернет өшкен кезде де Telegram-ға кіре аласыз.
Narikbi LIVE каналынан Proxy сілтемелер:
- 128.199.36.59
- 138.68.108.26
- 138.68.183.252
- 165.227.229.202
- 49.12.233.91
- 62.113.99.9
- 5.181.109.199
- 45.84.227.229
- 62.113.99.224
- 62.113.99.9
- 5.181.109.199
- 45.84.227.229
- 94.130.173.76
- 49.12.227.57
- 116.203.84.38
- 95.217.130.144
- 65.108.157.19
- 65.108.49.248
- 188.166.148.159
- 164.90.210.186
- 138.68.108.26
- 165.227.236.130
- 64.225.101.181
- 206.189.21.124
- 51.158.180.174
- 138.68.183.252
- 65.108.155.216
- 137.184.9.113
- 165.227.168.133
- 64.225.101.181
- 137.184.33.25
- 138.68.183.252
- 128.199.36.59
- 138.68.108.26
Verstand каналынан Proxy сілтемелер:
- 164.90.239.113
- 165.232.68.135
- 46.101.232.12
- 167.99.244.134
- 161.35.199.53
- 165.232.70.140
- 165.232.73.5
- 165.232.78.209
- 165.232.73.230
- 165.232.65.166
- 45.155.170.216
- 51.158.71.47
- 212.47.245.10
- 51.15.195.36
- 212.47.245.10
IT білім каналынан Proxy сілтемелер:
- 206.189.63.162
- 206.189.63.162
Қазақстандықтар қолдансын деп университет, мектеп түлектері де Proxy жасап жатыр. Барлығын Narikbi live Telegram каналынан табуға болады.
Қалай қолданамыз?
Telegram-ды интернетсіз де қолдану үшін Proxy сілтемесін басып, қосу дегенді таңдайсыз. Егер сілтемені ашқанда ештеңе шықпаса, келесі сілтемені көріңіз. Бұл серверлерді бүкіл Қазақстан бойынша адамдар қолданып жатқандықтан кейбірінің шамасы келмей қалуы мүмкін. Сондықтан Telegram қосылғанша сілтемелердің бірнешеуін ашып көріңіз. Егер сервер қосылса, экранның жоғарғы жағында Proxy-дің белгісі көрініп тұрады әрі хат-хабарламалар келе бастайды. Интернет қосылған жағдайда немесе мессенджерді пайдаланбайтын болсаңыз, экрандағы Proxy белгісін басып, қалаған кезде оны сөндіре аласыз.
Нені ескеру қажет?
Proxy серверлерін шетелдегі және жергілікті IT-мамандар қазақстандықтар жақындарымен хат-хабар алмассын деп жасап отыр. Бұл серверлер музыка тыңдауға, видео, фильм көруге және тағы басқа ойын-cауыққа арналмаған. Ауыр файлдар жүктегенде өзге адамдардың жақынымен байланысуына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан тек хат-хабар алмасып, жаңалық оқуға қолданғаныңыз жөн. Сонымен қатар тек сенімді адамдарға жібергеніңіз дұрыс.
Интернет қосқан жағдайда Telegram-ға кіріп, экранның жоғарғы жағындағы proxy белгісін басып, оны тоқтата аласыз. Осылайша серверге ауырлық түспеуіне көмектесесіз.
Proxy серверлерінің жұмыс істеп тұруы қаражатты қажет етеді. Сондықтан еріктілер оларды қолдау үшін есепшот ашып, жариялап қойды. Қаражат жіберіп, қолдай аласыз. Мұнда қолданушы – инвестор.
«Прокси сілтемелерін SMS арқылы жақындарыңызға жіберіңіздер. Бұл ең болмаса «Бәрі жақсы, аманбыз» деген хат алу үшін қажет. Proxy серверлерді жасау біраз ақша тұрады. Көбі өз қалтасынан төлеп жатыр. Бірақ сіздер donation жасап, көмектесе аласыздар. Егер серверге жүк тым ауыр болса, оны өшіріп, басқасын ашамыз», – деп жазды IT-маман Нәрікби.
Proxy-ді компьютерде қалай қолдана аламыз?
Ол үшін Windows және Mac-тағы Telegram-да жұмыс істеп тұрған Proxy сервер болуы керек.
1.Firefox браузерін жүктеп алыңыз (zip архивінде бар)
2. FoxyProxy браузерінің кеңейтімін орнатыңыз. Мүмкіндігінше соңғы 7.5 нұсқасын орнатқаныңыз жөн (файл zip архивінде бар)
2.1 Браузер баптауларына өтіңіз (Settings)
2.2 Төменгі сол жақтағы кеңейтімдер мен тақырыптарды таңдаңыз (Extensions & Themes)
2.3 Тісті доңғалақ белгішесін басыңыз
2.4 Қосымшаны файлдан орнатуды таңдаңыз (Install Add-on from file)
2.5 Жүктелген файлды таңдаңыз
2.6 Файл орнатылғанша күтіңіз
3. Орнатылған кеңейтім белгішесін басыңыз (Options)
4. Қосу түймесін басыңыз (Add).
5. Proxy конфигурацияларын қосу керек:
Тақырып: (Title) кез келген proxy түрін жазу керек: SOCKS5
IP-мекенжайы: кез келген IP мекенжай (мысалы xx.xx.xx.xx) Порт: 3785
Пайдаланушы аты: Proxy логин (бар болса)
Құпиясөз: Proxy құпиясөз (бар болса)
6. «Сақтау» түймесін басыңыз (Save)
7. Қосылған конфигурацияның үстінде ашылмалы тізім бар, сол жерден қосылған конфигурацияны таңдаңыз.
Add comment