ГлавнаяБлог

Әр программалаушы жазылуы керек телеграм каналдар

Кейінгі жылдары IT нарығы қарқынды дамып келеді. Болашақ мамандығы ретінде программалаушыны таңдайтындар қатары да өсіп жатыр. 

Осы ретте 5Q Media DAR компаниясының комьюнити-менеджері әрі программалаушысы Талап Кенжебаевпен бірге әр программалаушы жазылуы керек телеграм-арналар топтамасын жасады.

Типичный программист

Ой сергітуге арналған, түрлі қызық материал мен жаңалыққа толы телеграм-арна. Программалаушылар әлеміндегі барлық соңғы жаңалық, құралдар топтамасы мен әр түрлі тақырыптағы посттар жарияланады. Сонымен қатар, канал авторлары ойын-сауық бағытындағы көңілді посттарды шығаруды да ұмытпайды. Арасында программалаушылардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін оқиғалар туралы да жазады. 

Библиотека программиста

IT әлеміне жаңа келгендерге міндетті түрде жазылуға кеңес береміз. Соңғы жаңалықтардан бастап түрлі қызық материал жиынтығы бар. Сондай-ақ, тәжірибе жинауға арналған тапсырмалар мен үйрететіндер посттар да шығады. 

NOP::Nuances of Programming

Telegram мессенджерінде программаушыларға арналған каналдың түрі көп. Арасында ағылшын тіліндегі танымал мақалалардың аудармасын ұсынатындары да бар. Соның бірі әрі сапалы түрі — NOP::Nuances of Programming каналы. Сан түрлі тақырыптағы мақалалар бар. Әсіресе, тәжірибелі программаушыларға арналған. Жұмыс барысындағы проблемаларды шешу жолы, жасалу жүйесі туралы кеңестер таба аласыз.

Хабр

Бұл каналда ірі IT-компаниялардың бөлек блоктары бар. Жаңалықтар, технологиялар мен жұмыс барысы туралы ақпарат шығады. Бұған қоса IT әлеміндегі жаңалықтар мен қызықты материалдар да жарияланады. 

Techozimiz

IT саласына қызығатындар бас қосқан коммьюнити. Бұл каналда тек IT емес, маркетинг пен жобаларды басқару салалары да қозғалады. DAR компаниясының жобасы Қазақстанның IT саласына қызығатын мыңнан астам адамын бір каналға жинаған. Тағы бір айта кетерлігі, каналда пост екі тілде — қазақша және орысша жарияланады.

Бонус

IT KazUTB

IT-ге жаңа келгендер үшін таптырмас канал. Бұл жерде программалаушыларға арналған вакансиялар, жобалар мен шетел компанияларының программалары жарияланады.