Біріншісі Fight Matrix нұсқасы бойынша әлемнің 25 үздік промоушндарының қатарына енген, ал екіншісін шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан Хабиб Нурмагомедов құрған. Дәл осындай дәрежедегі спорттық шараға ММА жұлдыздары Шавкат Рахмонов пен Шамиль Завуров қатысты.
Каспий теңізінің маңында ауқымды турнир өткізу идеясын бірнеше жыл бұрын Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ұсынған. Енді ол идея жауынгерлерімен танымал Маңғыстауда жүзеге асты. Мұндай аймақтық деңгейдегі турнирді өткізу DAR компаниялар тобының қолдауының арқасында мүмкін болды.
«Ыстық» – әңгіменің бергі жағы ғана
Ашық аспан астындағы турнирді ұйымдастыруға 180 адам қатысып, оған қажет құрал-жабдықтар мен конструкциялар Алматыдан 5 жүк көлігімен тасымалданды. Монтаждау жұмыстары турнирге 4 күн қалғанда басталды, бірақ аптап ыстыққа байланысты алаңды түнгі ауысыммен қоса таңертең және кешке ғана дайындау мүмкін болды. Турнир сағат 19:00-де басталып, маңғыстауша барлық мағынасында ыстық болды.
Көрермендер жағалауға уақытынан бұрын жинала бастады. Ыңғайлы болу үшін ұйымдастырушылар бірнеше үлкен экран орнатты, оларға қарсы Каспий теңізі көкжиекте қызарған күнді баяу шығарып салды.
40 градус ыстыққа қарамастан, тікелей эфирді онлайн тамашалаған 40 мың ММА жанкүйерін есептемегенде, турнирді тамашалауға кемінде 15 000 адам келді. Керемет шоуды 16 жекпе-жек қыздырды, оның ішінде үшеуі – титулдық жекпе-жек. Ұйымдастырушылар мен режиссерлардың күш салуымен іс-шара кідіріссіз басталып, жекпе-жек арасында ұзаққа созылған үзіліс болған жоқ. Турнирдің динамикасын жүргізушілер мен комментаторлар да белгіледі. Әсіресе, қазақстандық балуандар шетелдік қарсыластармен рингке шыққанда жиылған қауым ерекше қуанды.
Қатысушылардың 10-ы ғана еліміздің атынан шықты, оның ішінде төртеуі – DAR Team жауынгері. Тағы 20 спортшы Ресейден, екеуі Бразилиядан және АҚШ, Әзірбайжан, Қырғызстан және Тәжікстаннан бір-бір спортшы кеді. Бір күн бұрын өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылардың бірі жауынгерлер жаттығу кезінде аптап ыстыққа үйренгенімен, жергілікті климат барлығы үшін үшінші көрінбейтін жауға айналғанын айтты. Оның үстіне ауа райы сегізбұрышқа кірер алдында спортшыларды шаршата бастады, мұны әсіресе алғашқы сағаттарда шайқасқан жауынгерлер сезінді.
Блицкриг және техникалық нокауттар
Жекпе-жектің негізгі бөлігі бірінші картаға түсті, оған DAR Team жауынгері Мейірбек Төлегенов (3-1) пен әзірбайжандық Джейхун Годжали (0-1) арасындағы жекпе-жек қарқын берді. Қазақ балуанының қарсыласы жекпе-жек бастала салысымен ол үшін жеңіліспен аяқталады деп күтпеген сияқты. Үш минутқа жетер-жетпес уақытта Мейірбек қарсыласын ауыртпалық қақпанында қолын мықтап ұстады.
Турнирге жаттықтырушылармен 2 ай бойы дайындалдым, функционал дайындық, тактикалық дайындық, спарринг өткіздім. Қарсылас аяққа кеткенде, алдымен «гильотина» жасамақ болдым, бірақ мойнын мықтап ұстамағандықтан партерге ауысып, қолға өттім. Жекпе-жектен кейін қарсыласым берілмейтінін айтты, бірақ мен сықырлаған дауысты естідім, төреші жекпе-жекті тоқтатты, – дейді Мейірбек Төлегенов.
Файтердің туған өлкесі – Маңғыстау, достары мен туыстарының қолдауға келуі оның жекпе-жекте жеңіске жетуіне жауапкершілігін арттыра түсті. Спортшы жиналғандардың барлығын жылдам жеңісімен қуантты, алайда оның қарсыласы мұнымен үзілді-кесілді келіспеді. Бірақ шешім әлдеқашан қабылданған болатын, бұл Гожалиді бір жерін сындырып алудан құтқарған болуы мүмкін. Бірақ келесі жекпе-жекте қолын сындырып алған америкалық боксшы Джозеф Хенлидің (12-4-1) жолы болмады. Алайда бұл оның жеңіске жетуіне кедергі болмады.
Сегізбұрышқа шыққан келесі шетелдік Бразилиядан келген дартим жауынгері Дуглас «Puma» Оливейра болды (13-6). Жекпе-жек басталардан бірнеше минут бұрын оның қарсыласы Тамерлан Хаджимурадов бразилиялыққа жекпе-жектің нәтижесін білдіретін әдепсіз ишарат көрсетті. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Екінші раундта Оливейра қарсыласынан гөрі мықты шабуылшы екенін көрсетіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бірінші раундта Хаджимурадов тұншықтыру әдісін орындай алмады, екінші раундта бразилиялықтың шабуылына төтеп бере алмады.
Болат Заманбеков DAR командасына қатарынан үшінші жеңісті әкелді. Бірінші раундта бастама қырғыз спортшысы жағында болса, келесі раундта қазақстандық файтер тартыстың бағытын өзгертті.
Басында біраз абдырап қалдым, шалқамнан жатып қалдым. Бірақ менің шабуылымнан кейін қарсыластың ойы бұзылды. Кейде жекпе-жектің нәтижесі бір соққымен-ақ өзгереді. Егер торға кірсеңіз, бірақ рухыңыз жоқ болса, атыңызды да ұмытасыз, – дейді Болат Заманбеков.
Жергілікті жұлдыз Руслан Сариев те (13-1) жылдам әсерлі жеңісімен көрермендерді қуантты. Файтер бұрыннан Eagle белбеуін нысанаға алып, Хабибтің назарын бірнеше рет аударған. Ақтауда боксшы Найзаның өкілі бразилиялық Кайк Аленкармен (10-3) кездесіп, оны бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.
Ал кім кімді жықты?
Қараңғы басқан сайын аптап ыстық бәсеңдеп, рингте ауыр салмақ дәрежесіндегі файтерлер көбейе бастады. Әдеттегідей, қарсыластар үш раунд бойы бірін-бірі қажытты.
Алдын ала кард ауыр салмақтағылар арасындағы жекпе-жекпен аяқталды, олар: жаңадан танылған дартимдік файтер Захар Рябов пен ресейлік спортшы Константин Андрейцев. Бір қызығы, экс-сандист жуырда ғана Ақтаудан Алматыға көшіп келіп, ММА-дан тәжірибелі қарсыласымен турнирге бір апта қалғанда, дайындық лагерінен өтпей-ақ, жұдырықтасуға келіскен. Нәтижесінде Захар Рябов жекпе-жекте жеңіліп қалды, бірақ үш раундқа созылып, қарсыластың босаңсуына мүмкіндік бермеді. Жақын арада боксшы DAR командасының жаттығуларына қосылып, әлі де өзін көрсете алады, бұған бапкерлер сенімді.
Примечательно, что еx-сандист только недавно переехал в Алматы из Актау и согласился на бой с более опытном соперником в ММА всего за неделю до турнира, не пройдя подготовительный сбор. В итоге бой Захар Рябов проиграл, но продержался три раунда, не давая противнику расслабиться. В ближайшее время файтер присоединится к тренировкам команды DAR Team и еще проявит себя, уверены тренера.
NAIZA лигасы үшін және жалпы қазақстандық ММА-ны дамыту үшін бірлескен турнир өткізу – үлкен серпін. Eagle FC биік белестерді бағындырып келеді, дегенмен біздің лига ұйымдастыру, өткізу сапасы жағынан еш кем түспейді, тіпті қандайда бір жолмен жеңіске жетуі мүмкін. Бірақ жауынгерлердің рейтингі мен тәжірибесіне келгенде, көп нәрсені үйренуіміз қажет. Біздің команда үшін бұл – бірінші сырттағы турнир және оған қатысу – спортшылардың мансабындағы маңызды кезең», – дейді DAR Team бас бапкері Азиз Разиев.
Турнирдің басты оқиғасы соңғы жекпе-жектер болды. Олар: Naiza-ның қазақстандық Мурад Абдурахманов пен Руслан Шамилов арасындағы орта салмақтағы титулдық жекпе-жегі, сондай-ақ Дәурен Ермеков пен Гамзат Хирамагомедов арасындағы Eagle FC уақытша титулы үшін жекпе-жегі.
Баспасөз мәслихатында қарсыластар арасындағы ауызша тартыс болғанын ескерсек, көрермендердің көбі соңғы жекпе-жекті күтті. Хирамагомедов қазақстандық файтерді жығамын деп уәде берді, бұған дейін жекпе-жекте Ермековті жеңген еді. Бірақ спортшы қарсыласын анық бағаламай, екінші раундта жеңіліп қалды.
Ұйымдастырушылардың мұнымен тоқтап қалмайтыны сөзсіз, Ақтауда Каспий маңы аймағының түкпір-түкпірінен қатысушылар келетін жаңа турнирлер де өтуі мүмкін. Бұл ивенттің Каспий кубогына айналуын уақыт көрсетеді. Екі лиганың басшылығы бірлескен турнирлерді жалғастыруды көздеп отыр және, келесісі Қазақстанда өтпеуі мүмкін.
Add comment