ГлавнаяБлог

Naiza 45 Grand-Prix. Жаңа чемпиондар анықталды

Гран-придің жартылай финалына шыққан командалар белгілі

Әлемнің үздік лигаларының бірі — Naiza промоушенінің 45-ші турнирі өтті. Сегізбұрышта төрт команда айқасты.

Қазақстанның AIBYN FIGHTING TEAM мен ALMAS QYRANDARY TEAM және Ресей мен Қырғызстан командалары Гран-придің жартылай финалына шығу үшін күресті.

*GRAND–PRIX турнирінің ережесі бойынша командалар бес салмақта бақ сынайды. 61 және 66 келі салмақ дәрежелерінде командаларға тәжірибелі файтерлерін шығаруға рұқсат етілсе, қалған үш салмақ (70, 77, 84) жас, кәсіпқойға енді қадам басқан спортшыларға арналған. 

Almas Qyrandary Team мен Қырғызстан командалары арасындағы айқас 4:1 есебімен аяқталды. Жеңіске жеткен қырғыз файтерлері 19 ұпай жинаса, Almas Qyrandary Team командасының қоржынында 3 ұпай.

ALMAS QYRANDARY TEAM — Қырғызстан командасы

Руслан Бакаев (Almas FT) — Эржан Жаныбеков (Қырғызстан)

Ринат Байбөриев (Almas FT) — Эльбек Ураимов (Қырғызстан)

Ернар Әлімбеков (Almas FT) — Азиз Усманов (Қырғызстан)

Шарапбидин Хамза уулу (Almas FT) — Али Сануев (Қырғызстан)

Нұржігіт Баймен (Almas FT) — Брено Петерсон (Қырғызстан)

Ресей командасы Aibyn Fighting Team командасын жеңіп, жартылай финалға шықты. Үш салмақта файтерлері жеңіске жеткен Ресей командасы 14 ұпай жинады.

Aibyn Fighting Team — Ресей командасы

Бахтишат Турганов (Ресей) — Денис Черников (Aibyn FT)

Ислам Абуев (Ресей) — Аманжол Хайша (Aibyn FT)

Рашид Алиметов (Ресей) — Ринат Махмутов (Aibyn FT)

Асадбек Раджабов (Ресей) — Жанболат Құрмашев (Aibyn FT)

Гран-придің алғашқы айналымында Нұр-Сұлтан қаласының TOBET TOP TEAM командасы Иранның YOUSEFI TEAM ұжымымен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші тарапта қазақстандық  DAR TEAM мен Өзбекстанның MURADOV TEAM командалары айқасты. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық ұжым 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жартылай финалға алғашқы айналымда Қазақстанның TOBET TOP TEAM және DAR TEAM командалары шықса, екінші айналымда Қырғызстан мен Ресей командалары жолдаманы алды. 

Гран-при жекпе-жектерінен бөлек жанкүйерлер екі титулдық айқас өтті. Қазақстандық файтер Райымбек Орынбай (7-3) мен ресейлік Сайфулла Жабраилов (12-2) жартылай жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салды. Титулдық жекпе-жек үш раундқа созылды. Сайфулла Жабраилов соңғы раундта Райымбек Орынбайды техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай жеңіл салмақтың уақытша чемпионы атанды.

Екінші титулдық жекпе-жекте қазақстандық Сергей Зубков (4-4) пен ресейлік Хусейн Адамов (10-2) қолғап түйістірді. Қос спортшы ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді бәске тікті. Жекпе-жек жоспарланған 5 раундқа созылды. Айқастың нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті ресейлік Хусейн Адамовқа берді.