Тауға электр велосипедпен шығу
AyuSai electrobikes.kz алматылықтар мен қала қонақтарын Үлкен Алматы көліне баруға шақырады. Екі сағаттық сапардан кейін аяқтарыңыз кәдімгі велосипедтегідей ауырмайтынына кепілдік береді. Дегенмен электр велосипедті дұрыс айдау жолын білу қажет.
Бір тур бір адамға 15 мың теңге тұрады. Бағаға мыналар кіреді: гид, дулыға, электр велосипед және сұраныс бойынша қосымша қорғаныс құралдарын алуға болады. Ұйымдастырушылар тауға күннен қорғайтын крем, көзілдірік, жемпір, жауын өткізбейтін шекпен және су алып шығуды ұсынады.
Орындарды алдын ала брондау керек, сапар Аюсай визит-орталығынан басталады. Саяхат басталмас бұрын визит-орталығының жолдарымен велосипед айдап, өзіңізді сынап көруіңізге болады.
Атпен саяхаттау
Тау соқпақтарында атпен серуендеу ұмытылмас әсер мен эмоция сыйлайды. Almaty Horse Explorers компаниясы таңертең және кешке Қарғалы шатқалының бойында атқа міну турларын ұсынады. Тәжірибелі шабандоз атқа мінудің негіздерін үйретеді.
Атқа міну құны – бір адамға 9 мың теңге. Бағаға мыналар кіреді: дулыға және ат. Ұйымдастырушылар жылы киімдер мен тамақ алып шығуды және атқа мінгенде сандал немесе тәпішке кимеуді ұсынады.
Жиналатын орны: Қарағайлы бөгеті, Ақбөкен 501/1. Сапар күніне екі рет: сағат 10.00-де және кешкі 19.00-де жүргізіледі.
Тауды джиппен аралау
Электр велосипедтер мен аттардан басқа, тауда джиппен де жүруге болады. Alatau-Travel.kz Алматы облысының шығыс өңірі арқылы Көмірші шатқалына, Тұзкөл тұзды көліне, Хан Тәңірі шыңының панорамалық көрінісіне бару жолын ұсынады. Шалкөде аңғарынан өтіп, Кетмен асуын (3100 метр) басып өтіп, Шонжы аңғарына түсіңіз.
Тур ұзақтығы – 2 күн, 14 сағат. Бағасы – 68 мың теңге. Бағаға мыналар кіреді: гид, тамақ, экологиялық төлемдер, туристік құрал-жабдықтар (ыдыс-аяқ, шатыр, асхана, қолжуғыш, газ оттығы, ыстық душ, ағаштан жасалған дала саунасы және тағы басқалары).
Жиналатын орны: Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы 2/4.
Суда демалу
Тау туризміне балама – сапсёрфиң. Мысалы, Алматыдан 40 минуттық жерде орналасқан Бірінші Май көлдерінде немесе Сайран көлінде. Сондай-ақ қала маңында, мысалы, Іле өзенінің бойында басқа маршруттар болуы мүмкін.
Қайықпен саяхаттың ұзақтығы – 1,5 сағат. Турдың құны – бір адамға 7 мың теңге. Оған мыналар кіреді: үйрету, SUP жабдықтары (борт; қарғыбау; қалақ), құтқару кеудешесі, жеке заттарға арналған жабдықтар (су өткізбейтін сөмке), фотограф қызметтері және нұсқаушы.
Жиналатын орны: Восточная көшесі, 89. Шомылу киімін, арнайы гидроаяқкиім, ауыстырып киетін киім алып шыққаныңыз дұрыс.
Мылтық пен садақ
А.Асанов атындағы оқ ату үйірмесінде мылтық атуға немесе садақ тартуға болады. Клуб Алматы облысының Байсерке ауылында орналасқан. Қонақтар Beretta мылтықтарын жалға алып, атыс алаңдарына шығады. Жаттықтырушылар жаңадан бастағандарға қаруды қалай ұстау керегін үйретеді.
Бағалар топтағы қатысушылардың санына байланысты болады. Үш адамға дейінгі компания үшін инструктаж 4000 теңге тұрады; 10 мың теңгеге 25 рет атуға болады. Топтағы атқыштар саны көбейсе, инструктаж ақысы да өседі. Жеке жаттығу да бар: 50 оқ пен 1 сағат жаттықтырушы жұмысы 50 000 теңге тұрады.
Садақ ату да топпен өткізіледі. Топ 3 адамға дейін (15 минут) – 4000 теңге, 10 адамға дейін (30 минут) – 10 мың теңге. Жұмыс уақыты дүйсенбі мен сейсенбіден басқа күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін.
Параплан
Үшқоңырда ғана емес, Шымбұлақта да парапланмен таулардың үстінен ұшуға болады. ParaFly.kz 3200 метр биіктікте нұсқаушымен ұшуды ұсынады. Жылдың кез келген уақытында ұшуға болады. Ұшу ұзақтығы ауа райына байланысты 10 минут немесе одан да көп.
Нұсқаушы бар рейс құны – 35 мың теңге. Қосымша 5 мың теңгеге экшн-камерамен видео түсіруге тапсырыс беруге болады.
Баггимен жүру
Алматылықтар үшін баггимен жүру таңсық емес. Баггиді басқару өте қарапайым және адреналин сыйлауымен танымал. Baggydrom құмда, асфальтта, борпылдақ топырақта жүруге болатын баггилерді жалға ұсынады.
Прокаттың 30 минуты 20 мың теңге, 60 минуты 25 мың теңге тұрады.
Add comment