Lrn.dev
Lrn.dev–alem мектебінің құрған онлайн платформасы. Бұл платформада бағдарламалауды ешқандай мұғалімсіз өзіңіз үйренесіз. Оқу процесіне тіркелгеннен кейін компьютер деңгейіңізге қарай тапсырмалар беріп отырады. Ал сіз сол тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыпты меңгересіз. Тапсырманы қалай орындағаныңызды компьютер тексереді.
Lrn.devбағдарламалауды 0-ден жоғары деңгейге дейін оқытады. Бұл платформада Git, Bash Algorithms & Data Structures, HTML CSS JS, Python, Databases технологияларын меңгеріп шығасыз. Оpen source жоба болғандықтан ешқандай төлемді қажет етпейді. Оқу тегін.
JANARU жобасы
Бұл–қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтардың базалық деңгейін үйрететін онлайн курстар жиынтығы. Жоба Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен жүзеге асып отыр. JANARU төрт бағыт бойынша оқытады. Олар:
- SMM
- уеб-дизайн
- менеджмент
- soft-skills дағдыларын дамыту.
Осының ішінде уеб-дизайн бөлімін таңдағандарға Python бағдарламалау тілі, Landing құру, UI/UX дизайн мен моушн-дизайн қамтылған.
Айта кетейік, бұл курста жоғарыда аталған мамандықтарды толық меңгермейсіз, тек базалық білімді аласыз. Сабақтар онлайн түрде Janaru сайтында өтеді. Оқу тегін, қатысушының жасы маңызды емес. Оқу үшін бар болғаны сайтқа тіркелсеңіз, жеткілікті.
QWANT мектебі
Бұл мектептеоқытушы да, лекция да жоқ. Ешкім сізге мектептегідей немесе университеттегідей баға қоймайды. Оқуға кіріскен соң компьютер сізге тапсырмалар беріп бастайды. Ал сіз сол арнайы тапсырмаларды орындайсыз. Егер тапсырманы қалай орындауды білмесеңіз, интернеттен қарап, достарыңыздан сұрап жүріп өз бетіңізше үйренесіз. Оқу онлайн форматта болады. Тегін. Бұл мектептен кәсіби full-stack developer, software engineer, architect, data/cloud engineer, AI/ML немесе data scientist сияқты ІТ-мамандықтарды толығымен меңгеріп шығасыз. Дегенмен тегін мектепке түсу үшін алдымен емтихандарын сәтті тапсыру керек. Емтихандары туралы сайтынан толығырақ біле аласыз.
Beyond School
Бұл мектептің негізін Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов қалаған. Beyond School-дан сіз бағдарламалаудың тек Python тілін үйрене аласыз. Дегенмен олар бұл тілді бүге-шүгесіне дейін қамтып, барынша түсінікті етіп түсіндіруге тырысқан. Оқу орыс тілінде, онлайн форматта өтеді. Тегін. Сондай-ақ Beyond School-да Питон тілінен өзге робототехника, органикалық химия, математика олимпиадасына дайындалу деген сияқты мектеп пәндері де қамтылған. Негізі бұл платформа мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған.
Аlem мектебі
Егер бағдарламалауға, ІТ-ға қызықсаңыз, бұл мектеп жайлы естімеуіңіз мүмкін емес. Америкадағы 42 Silicon Valley, Киевтегі Unit Factory, Франциядағы Ecola 42 мектептерінің жалғасы болып 2019 жылы Қазақстанда ашылды. Бітірген түлектері қазақстандық және шетелдік ІТ-компанияларда қызмет етеді.Жылына екі рет жаңа студенттерді қабылдайды. alem мектебінде тегін оқу үшін “бассейнге батпай жүзіп өтсеңіз” болғаны. “Қалай түсуге болады?”, “Басейіндеген не?” деген сияқты мәліметтің барлығын сайтынан толығырақ біле аласыз.
Alem мектебінде оқу бұған дейін офлайн форматта болған. Алайда офлайн деген күннің өзінде онда барлық сабақ пен тапсырма компьютер арқылы жүргізілді. Бұл мектепте сізге келіп сабақ өтетін ешқандай оқытушы жоқ. Бәрін компьютер арқылы өзіңіз үйренесіз.
Yy