Эко сөзі – өте кең ұғым. Косметикада бұл – табиғи, органикалық ингредиенттер (пестицидтерсіз өсірілген және тағы басқалары) ғана емес, қайта өңделетін немесе екінші рет қайта өңделген шикізат қаптамасы.
Табиғи косметика – құрамында сығынды май, яғни өсімдік ингредиенті бар косметика. Табиғатта өсетін өсімдіктер болғанымен, оның қарқынды өсуі үшін түрлі химиялық заттар қолданады.
Ал органикалық косметика (бұл да табиғи) – құрамындағы ингредиенттері табиғи ғана емес, сонымен қатар арнайы минерал тыңайтқыштар, өсу күшейткіштері, ГМО жоқ өнім.
«Табиғи косметиканың құрамын түсіну үшін сіз кәсіби технолог болуыңыз керек. Бірақ кез келген адам косметикадағы негізгі зиян компоненттерді есте сақтай алады: мұнай өңдеу өнімдері (микропластика), силикондар, PEG-туындылары, парабендер, сыни консерванттар. Ал құрамы халықаралық дәлелденген экосертификаты бар косметикаға сенім артқан дұрыс. Мысалы, Cosmos Natural, ECO Cert, Natrue, BDIH, ICEA және тағы басқалары. Егер брендтер туралы нақты айтатын болсақ: тек табиғи өнімдерді шығаратын брендтер бар, ал интернетте табиғи өнімдер де, классикалық косметика да ұсынылған брендтер бар. Сондай-ақ аз мөлшерде табиғи емес ингредиенттер бар екенін түсіну керек. Сондықтан кейбір сертификат қаптамада табиғи компоненттердің % – ін көрсетуді талап етеді», – дейді Камила Әкімбекова.
Экокосметиканың кез келген проблемаға, яғни құрғақ теріге, бөртпелерге және тағы басқа мәселелерге классикалық косметикадан гөрі оң әсер ете алу ықтималдығы жоғары. Табиғи косметикада жоғарыда айтқан проблемаларды тудыратын, теріге зиян келтіретін, сондай-ақ қоршаған ортаға соның ішінде ағынсулар мен жерасты суларына түсетін компонент жоқ. Бұл жерде міндетті түрде айта кеткен бір ескертпе бар. Экокосметиканы таңдайтын кезде аллергияға бейім тұтынушылар құрамын мұқият зерттеуі қажет. Өйткені оны ішке емес, сыртқа, яғни денеге жағады.
Егер өнімде экомарка болса – бұл өнімнің құрамы жақсы екеніне көз жеткізудің ең оңай жолы. Әрине, таңбалаудың өзі шыныйы болуы керек. Әйтпесе, коммерция бағытын көздеген өндірушілер маркировканы өзі ойлап табуы мүмкін. Бірақ белгілі бір өнімнің сертификаттау жүйесінің органика стандарттарына сәйкес келуін тексеретін тәуелсіз ұйымдар бар. Әр экосертификаттың стандарты әртүрлі, бірақ олардың барлығы өте ұқсас.
Органикалық косметика сертификаттары:
- синтетикалық хош иістер мен бояғыштарды;
- өлі жануарлардың шикізатын (сиыр майы, коллаген);
- синтетикалық консерванттарды (парабендер, формальдегидтер және тағы басқалары);
- мұнай-химия өнімдерін (парафин, вазилин, минералды май) қолдануға тыйым салады.
Экоблогер Камила Әкімбекованың айтуынша, қазір нарықта түрлі жарнама тәсілі бар. Косметика өндірушілер қаптамада «эко», «био», «табиғи» және «органикалық» деген сияқты сөздерді қолданады. Сатып алар кезде халықаралық сарапшылардың пікірін ескеріп, косметиканың құрамын мұқият оқу керек. Өйткені өзіне, денсаулығына және қоршаған ортаға құрметпен қарау үшін білім қажет.
Экокосметиканың құрамы қандай болады?
Егер косметика құтысының сыртында «эко» өнімнің белгісі болмаса, онда өнімнің сыртындағы құрамды оқу маңызды. Осы орайда тек белсенді ингредиенттер немесе толық құрамға назар аударуды ұсынамыз.
Косметиканың құрамын түсіну үшін химик те, косметолог та, биолог та, технолог та болудың қажеті жоқ.
Егер сіз қауіпсіз, яғни 100% табиғи косметиканы іздесеңіз, сіз бір нәрсені білуіңіз керек. Косметика құрамындағы ингредиенттерде Еуропалық одақ және АҚШ сертификаттау органдарының рұқсаты болады.
- Толық құрамда (Еуропа, АҚШ және басқа елдерде өндірілген өнімдерде, яғни оны INCI-International Nomenclature of Cosmetic Ingredients деп атайды) өте ұзақ, бірақ шамамен 5 ингредиент болуы керек.
- Қаптамадағы ингредиенттер көлемді мөлшеріне қарай жазылады.
- Белсенді ингредиенттер тізімінде 2-3 өсімдік ингредиенті болуы керек. Бірақ өнімнің қаптамасындағы құрамда 10 ингредиент күмәнді болып, олар жазылмауы да мүмкін.
Косметика құрамындағы қандай ингредиенттер денсаулыққа зиян?
- Мұнай өңдеу өнімдерінен: Mineral Oil, Petrolatum, Paraffinum Liquidum, Paraffinum Subliquidum, Cera Microcristallina, Microcrystalline Wax, Ozokerit, Ceresin, Vaseline. Олар көбіне ингредиенттер тізімінің басында тұрады;
- Силикондар немесе конуспен аяқталатын барлық ингредиент: диметикон, циклометикон деп аталады;
- PEG-туындылары: Peg префиксі бар барлық ингредиент (PEG-3, PEG-55, PEG-120 Methyl Glucose Dioleate және тағы басқалары);
- Парабендер, яғни аяқталған ингредиенттер – парабен (метилпарабен, пропилпарабен және т. б.);
- Маңызды консерванттар: метилхлороизотиололинон мен метилисотиазолинон;
Әрине, косметикада күмәнді ингредиенттер біз ойлағаннан әлдеқайда көп. Бірақ біз көрсеткен ингредиенттер косметикада жиі қолданылады және сізге табиғи өнімді анықтауға көмектеседі деп сенеміз.
Косметиканы әлі күнге дейін жануарларға сынай ма?
Косметика сынағын өткізетін Ральф қоян туралы бейнебаян әлеуметтік желілерде өте тез таралды. Бейнебаянның шығарылымы «24 сәуір – зертханалық жануарларды қорғау» күніне орай жарияланды. Көпшіліктің назарын аударған Ральф қоян өзекті мәселені қозғады. Көптеген елде бұл тәжірибеге тыйым салғанына қарамастан сарапшылардың пікірінше, жыл сайын 500 мыңға жуық жануар сынақтардан зардап шегіп өледі.
«Барлық табиғи және органикалық косметика өндірушілері өнімдерін жануарларға сынамайды. Өнімдерді этикаға тексеру үшін сіз экологиялық сертификаттарға, соның ішінде арнайы сертификаттарға назар аударуыңыз керек. Мысалы, CrueltyFree.peta.org ресми сайтындағы ақпаратты оқып шығыңыз, тіпті өндірушіге сұрақ қоюға болады. Бірақ сұрақ қою барысында мәселені зерттеп барып жазған дұрыс», – дейді Камила Әкімбекова.
Add comment