ГлавнаяБлог

Ақ шаштың пайда болуын тоқтатын 10 әдіс

Отбасы дәрігері Гүлзат Қопанова шаштың ерте ағаруынан сақтайтын тиімді әдістерді атады.

Шаштың түсіне байланысты жасушалар “меланоциттер” деп аталады. Олар меланин бояғышты шығарады, оның түрі мен мөлшері шаштың түсін анықтайды.

Шаштағы меланин екі түрге бөлінеді: эумеланин және феомеланин. Пигменттердің саны мен комбинациясы шаштың басым түсіне әсер етеді. Эумеланин — қоңыр және қара шашқа жауап беретін қара пигмент. Феомеланин — ақшыл шашқа имбирь мен құлпынай реңктерін беретін қызыл түсті пигмент.

Шаштың түсіМеланиннің түрі және саны
ҚараЭумеланин саны көп
ҚоңырЭумеланин саны орташа
Ақшыл сары (блонд)Эумеланиннің саны аз
Сарғыш немесе жиренАздаған эумеланин және көп феомеланин

Меланоциттер шаштың бүкіл ұзындығын бояй отырып, білігіне пигментті айдайды. Жасушалар саны азайған кезде меланин өндірісі азаяды және шаштың түсі күміс немесе ақ реңкке айналады.

Ақ шаш ерте түспесін десеңіз…

Шаштың ерте түсуіне әртүрлі фактор әсер етеді. Мысалы, шамадан тыс стресс, дұрыс тамақтанбау, ұйқының болмауы және тағы басқалары. Егер сіз шашыңызға ерте ақ түскенін қаламасаңыз, онда төмендегі 10 кеңесті ұстануыңыз қажет.

1. Стрестен алшақ болыңыз

Стресс денсаулыққа байланысты көптеген мәселені, соның ішінде қант диабеті мен инсультті, сондай-ақ безеу мен әжімдер сияқты тері проблемаларын тудыруы мүмкін. Ал үнемі стресте болу — шаштың ерте ағаруына тікелей себеп. Сондықтан одан қашу өте маңызды. Өзіңізге уақыт бөліңіз, демалыңыз, спа-салондарға, кинотеатрларға, сүйікті мейрамханаларыңызға барыңыз, дүкен аралаңыз, музыка тыңдаңыз, достарыңызбен кездесуге барыңыз, сізді қуанта алатын нәрсені жасаңыз.

2. Темекіден бас тартыңыз

2010 жылы ғалымдардың зерттеуі бойынша темекі шегетіндердің шаштары шылым шекпейтіндерге қарағанда 2,5 есе ерте ағаратынын көрсеткен. Темекі шегу ластанған ауа сияқты оттегінің реактивті түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Бұл — организмде тотығу стресін тудыратын, соның ішінде меланин өндірісінің биохимиялық процесін бұзатын тұрақсыз оттегі молекулалары.

3. Ағзадағы ылғалдың мөлшерін қалыпта ұстаңыз

Егер шашыңыздың әрдайым жылтырап, әдемі болып көрінуін қаласаңыз, онда суды көп ішіңіз. Алкоголь мен кофеин мөлшерін азайтыңыз. Су теріні ылғалдандырып, ағзаны таза және сау етіп қана қоймайды, шашты да ылғалдандырады және оның ерте ағаруынан, жиі түсуінен қорғайды. Егер ағзаңызда ылғал мөлшері аз болса, қоректік заттар шаш фолликулаларына жетпейді, нәтижесінде шаш ақшыл болады және шаш түсуі мүмкін. Сондықтан күн сайын 8-10 стакан су ішуді ұмытпаңыз.

4. Мысты көбірек пайдаланыңыз

Жаңғақтар шаштың ерте ағарып кетпеуіне көмектеседі. Өйткені олар мысқа бай. Шашқа бастапқы түс беретін пигмент меланин өндіруге көмектеседі. Сонымен қатар мультивитаминдерді үнемі қабылдауға болады, өйткені олардың барлығында дерлік мыс бар. Сондай-ақ диетаңызға мысқа бай тағамдарды қосуға болады: шпинат, ямс, лима бұршағы, бадам, қаражидек, анар және ананас құрамында да мыс бар.

5. Йодқа бай тағамдарды ас мәзіріне қосыңыз

 Йод шаштың ақ немесе сұр болып кетуіне жол бермеуге көмектеседі, бұл сіздің диетаңыз арқылы оның жеткілікті мөлшерін алуыңыз керек дегенді білдіреді. Шпинат, банан және сәбіздің бәрі йодқа бай. Қарапайым ас тұзының орнына йодталған тұзды қолданып көріңіз.

6. Ақуызды да қабылдауды ұмытпағаныңыз жөн

Шаш күрделі протеиндерден тұрады. Олар оның өсуіне, мықты болуына, сондай-ақ жарқын түске ие болуына көмектеседі. Күн сайын диетаға 90-120 грамм ақуызды енгізуді ұмытпаңыз. Ақуызға жаңғақтар, майсыз ет, жасымық, соя және бұршақ бай.

7. Циркуляцияны жақсарту

Ақ шаш ерте түспеуі үшін қан айналымының дұрыс болуы өте маңызды. Маңызды минералдар мен дәрумендерді тұтынуға болады. Бірақ олар шаш пен бас терісіне жетпесе, онда бәрі пайдасыз болады. Қан айналымын жақсарту үшін күніне кемінде жарты сағат жаттығу жасау қажет. Сондай-ақ бас терісіне күн сайын 5-10 минут массаж жасауды әдетке айналдырыңыз.

8. Міндетті түрде ұйқынызды қандырыңыз

Күн сайын тұрақты түрде 6-8 сағат ұйықтамасаңыз, денсаулықта түрлі проблема пайда болады. Таң энергияның тапшылығымен басталады. Ұйқыңыз дұрыс болмаса, ерте қартаясыз.  Шашыңызға ақ ерте түседі.

9. Күн сәулесінен нәр алыңыз

Күннің зиян әсері сағат 10.00 мен 16.00 аралығында байқалады. Бұл кезде үй ішінде болуға тырысу керек. Алайда күн сәулесінен мүлде аулақ болуға болмайды, себебі оның сәулелері D дәруменіне бай, бұл біздің денсаулығымызға, терімізге және шашымызға өте маңызды. Шаш фолликулаларында D дәрумені бар, сондықтан күн сәулесін алу ақ шаштың ерте түспеуіне көмектеседі.

10. Кокос майын пайдаланыңыз

Кокос майының пайдасы өте көп. Ол — жақсы өсімдік майы, теріге арналған ылғалдандырғыш және шашқа жақсы әсер ететін өнім. Кокос майын үнемі қолдану шашыңызды ылғалдандырады және лаурин қышқылымен байытады. Талшықтарды жұмсартады, нығайтады және оларды ұзақ уақыт бойы ақ шаштың пайда болуын бәсеңдетуге көмектесетін антиоксиданттармен қамтамасыз етеді.

Сонымен, егер шашыңыз жылдар бойы жылтырап, табиғи жас қалпын сақтағыңыз келсе, онда шашыңызға үнемі кокос майын жағып, басыңызға массаж жасаңыз.

Қазіргі заманда ақ шаштың пайда болуын тоқтатуға көмектесетін бірненше әдіс қолданылады:

  • Мезотерапия. Қоректік ерітінділерді (кальций, магний, мырыш және басқалары) қолдану арқылы инъекция жасау.
  • Әртүрлі дәруменді-минерал кешендерді қабылдау түріндегі терапия.
  •  Терідегі қан айналымын және метаболикалық процестерді ынталандыратын, шаш фолликулаларының қоректенуін жақсартатын физиотерапиялық процедуралар.
  •  Дарсонвализация (жүйке ұштарына, май бездеріне, кіші тамырларға, жалпы жүйке жүйесіне әсер ететін импульстік токтарды қолдану), лазерлік терапия, УДЗ және басқа әдістер.