Apple iPad Air
Желі қолданушылары бұл гаджетті “үйдегі кеңсенің жүрегі” деп баға берген. Планшетке USB-C коннекторы арқылы монитор және клавиатура орнатуға болады. Осылайша планшетті компьютерге айналдыра аласыз. iPad Air-да Apple Pencil қаламының көмегімен экранда тікелей қағазға қол қою мүмкінідігі бар.
Планшетте құпия сөзді бірнеше рет термеу үшін саусақ ізі сенсоры да қарастырылған. iPad Air 2020-ны озық етіп тұрған тағы бір негізгі фактор – алты ядролы чипі бар A14 Bionic процессоры. Оның қуатының өнімділігі 40%, графикалық өнімділігі 30% өсті. Сонымен бірге iPad Air-да 4K сападағы видеоны оңай монтаждауға болады.
Xbox Series X
Xbox Series X – 2020 жылы әлем нарығына шыққан ең қуатты ойын консолі. Онымен бірге Xbox Series S ойын консолі де таныстырылып, бірге шығарылды. Тек S сериясы – бюджеттік нұсқасы. Екеуі де – Microsoft-тің тоғызыншы буын ойын консольдері.
Xbox Series X-ті 2017 жылы шыққан Xbox One X-пен салыстырғанда екі есе күшті, сонымен бірге оның тез жұмыс істеуіне көмектесетін флэш-жадысы мен басқа да артықшылығы бар. Алғашқы Xbox ойын консолі 2001 жылы қарашада шықты. Кейінгі 19 жыл ішінде әлем танымастай өзгерді, бірақ Xbox ойынға қызығатындардың арманы болып қала береді.
Lenovo ThinkPad X1 Fold
Икемді экраны бар әлемдегі алғашқы ноутбук-планшет. Бүктеледі, 90 градусқа бұрып, бір бөлігін сенсор клавиатураға айналдыруға да болады. Бөлек клавиатура бекітсе, ноутбук те бола алады. Ол MIL-STD-810 әскери стандартына сәйкес сынақтан өткен, соның ішінде соққыларға, әртүрлі температураға төзімділігі тексерілген. Сондықтан планшетті әскерилер, геодезистер кез келген жағдайда қолдана алады. Тек бір минусы – суға төзімді емес, жаңбырдан қорғау қажет болады.
ThinkPad X1 Fold-тың тағы бір артықшылығы – ықшам. Бүктелген кезде кітаптан сәл үлкенірек болады: ені – 23,6 сантиметр, ұзындығы – 15,8 сантиметр. Кез келген, тіпті кішкентай иыққа асатын сөмкеге сыйып кетеді. Бірақ қалыңдығы екі ASUS ZenBook 14 ноутбугімен тең, қалтаға салуға келмейді. Салмағы клавиатура мен стилусты қоспағанда – 999 грамм. Планшеттің бес ядролы Intel Core i5-L16G7 процессоры (1,40 ГГц және 3,0 ГГц Turbo Boost) және 8 Гб lpddr4x жедел жадысы бар.
Beats Powerbeats x Ambush
Жаңа Powerbeat құлаққабының бұрынғылардан артықшылығы – дизайнында. Олар тез қуат алады. Токиолық Аmbush брендінің дизайны құлаққаптың сыртқы көрінісіне ерекшелік қосқан. Қараңғыда жарқырайды. Қуаты 15 сағатқа дейін жетеді. Егер 5 минут заряд алса, бір сағат қолдана аласыз. Демек, құлаққапты ең көп дегенде 25 минут қуаттау жеткілікті.
Тер мен суға төзімді. Бірақ онымен суға түсуге болмайды. Powerbeats x Ambush-тің чипі Apple AirPods-тікімен бірдей. AirPods-та сенсор болса, Powerbeats тек батырмамен жұмыс істейді. Ол көбіне спортпен айналысатындар үшін өте тиімді.
JBL Club ONE
Толық өлшемді сымсыз Club ONE құлаққабы – JBL-дің ең үздік жиынтығы. Айналадағы шуды жоюға арналған True Adaptive Noise Cancelling технологиясы секундына 50 мың рет шуға бейімделіп қана қоймай, жанама факторларды, мысалы: көзілдірік таққаныңызға, шаш үлгіңізге, тіпті басыңыз қай жаққа бұрылғанына байланысты бейімделе алады.
JBL Club ONE-да Personi-Fi технологиясы арқылы дыбысты сіз ұнататындай етіп, жекелендіріп алуға да болады. Оны қолданбадан баптау қажет. TalkThru технологиясының көмегімен дыбысты бәсеңдетуге болады, солай құлаққапты шешпестен жаныңыздағы адаммен сөйлесуге мүмкіндік бар. Ал Ambient Aware технологиясы көшедегі шуды естіртпей реттейді. Бұл құлаққапта Google дауыс көмекшісі де бар.
Samsung Galaxy Z Fold 2
Бұл – Samsung шығарған екіншіиілгіш смартфон. Біріншісі ақауларына байланысты сатылымнан алып тасталған еді. Дегенмен жаңасының бұрынғысынан көп өзгешелігі жоқ, тек кей функциясы дамытылған. Бұл құрылғының біздің озық гаджеттер тізіміне енуіне иілгіш қасиеті себеп болып отыр. Дегенмен оның минустары да жоқ емес. Ол қарапайым телефондарға қарағанда қалың әрі ауыр, салмағы – 280 грамм. Оны қалтаға салып жүру ыңғайсыз. Бірақ шағын корпуста, әрі үлкен экранда видео көргіңіз келсе немесе түрлі ойын ойнауды қаласаңыз, Samsung Galaxy Z Fold 2-ге тең келетін смартфон жоқ.
Galaxy Z Fold 2-нің сымсыз қуаттағышы (қос батареясы 4500 мАч) болады. Сонымен бірге 4 камерасы бар, олар: кеңбұрышты, ультра кеңбұрышты, телефото және алдыңғы камера). Ең көп жады көлемі – 256 Гб.
Dyson V11 Absolute Extra
Бұл модель Dyson сымсыз шаңсорғыштарының ішіндегі ең қуаттысы. Оның биіктігі – шамамен 128 сантиметр және салмағы – 3,05 келі. Ол бұған дейінгі модельден 400 грамм ауыр. 2020 жылы шыққан V11 Absolute Extra шаңсорғышы – Dyson технологиясының бар жақсысын бойына жиған десек, қателескеніміз емес. Ол төрт түрлі режимде, яғни еденді ғана емес, үйдің қабырғасын, бұрыштарды және автокөліктің ішін де тазалай алады. Оның жеті саптамасы бар. Сонымен бірге бір сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істейді.
Electrolux IntuIt SteamPro OKA9S31WХ
Steamify функциясы бар 900 SteamPro пеші кез келген тағамды буға, суға пісіруге және қуыруға мүмкіндік береді. Пеште сувид (вакуумда пісіру түрі) технологиясымен де пісіруге болады. Оның температурасын реттесеңіз, пеш тағамды пісіуге қажет параметрлерді өзі қоя алады. Тіпті пешті телефондағы Connected Cooking қолданбасы арқылы қашықтан реттеуге, басқаруға немесе бақылауға болады.
Apple Watch Series 6
Ақылды сағат салауатты өмір салтымен айналысқысы келетін адамның ең жақын көмекшісі бола алады.
Apple Watch-тың бұл сериясындағынегізгі өзгеріс – қандағы оттегінің мөлшерін өлшейтін импульстік оксиметр және биіктікті өлшеп тұратын алтиметрі бар. Сосын ондағы Apple S6 чипінің арқасында Wi-Fi жиілігі 5 ГГц-ке дейін барады.
LG XBOOM WK7Y
LG ThinQ экожүйе құруды жалғастырады. Жасанды интеллект, ақылды дыбыс шығарғыш құрылғы Алисаның көмегімен ұсақ-түйек тапсырмаларға дейін орындай береді. Ол әр үйге жайлы атмосфера сыйлап қоймай, иесінің уақытын үнемдеуге де көмектеседі, теледидардың дыбысын реттей алады, шәйнекті электр энергиясына қойып, кондиционердің температурасын реттейді. Алиса жолдағы кептеліс туралы айтады, оңтайлы маршрут жасайды, қажет болса, оятқыштың рөлін атқарады. Ол тіпті кішкентай балалармен де тіл табысады.
Жалпы LG ThinQ экожүйесімен шығарылған техникалар дауыспен, смартфон арқылы немесе LG-дің smart теледидарындағы (2019 жылдан бергі) ақылды үйді басқару панелі арқылы қашықтан жұмыс істейді. Қазірге дейін мұндай функциясы бар кіржуғыш машина, робот шаңсорғыш, ауа тазартқыш, кондиционер, тоңазытқыш және LG Styler киім күтімі жүйесі шығарылған.
Add comment