ГлавнаяБлог

Саяхатшыға қажет 10 гаджет

Саяхат кезінде әсер мен эмоция үшін комфортты құрбан етудің қажеті жоқ. Дұрыс таңдалған құрылғылар сапар кезінде мүмкін болатын қолайсыздықтардан және артық шығындардан құтқарады.

Портатив WiFi-роутер

Бағасы: 19 990 теңге

Не үшін қажет: барлық жерде онлайн болыңыз

Nommi Mi-Fi-роутер — шетелге саяхатқа шыққанда must huve гаджет. Ол әлемнің көптеген елінде қымбат интернетті арзанға ауыстыруға көмектеседі, саяхатшыларға интернет-трафикті үнемдеуге мүмкіндік береді.

Nommi интернет-трафикті ұялы байланыс операторларынан немесе жаһандық провайдерлерден жаппай сатып алады, сөйтіп пайдаланушыға роумингтегі интернеттің стандарт бағасынан әлдеқайда арзан етіп ұсынады. Сондай-ақ құрылғы әлемдегі кез келген қолжетімді Wi-Fi желісіне қосыла алады. Бұл желілерге арналған құпиясөздердің кең дерекқоры құрылғыда бұрыннан бар. Ал гаджетке орнатылған VPN сапарыңыз кезінде кафелердегі, қонақүйлердегі және басқа орындардағы деректеріңізді қорғайды.

Powerbank

Бағасы: 3000 — 30000 теңге

Не үшін қажет: зарядтау үшін

Саяхат кезінде смартфон көп электр қуатын тұтынады. Ол ең қажет уақытта таусылып қалмауы үшін рюкзакқа сыртқы аккумуляторды салыңыз.

Пауэрбанктер сыйымдылығы бойынша ерекшеленеді. Қажет қуатты есептеу үшін смартфонның батарея сыйымдылығын екіге көбейтіңіз. Әдетте қуаты сағатына 10 000 мА пауэрбанк екі толық зарядтау үшін, сағатына 20 000 мА үш-төрт рет зарядтауға жеткілікті. Банк картасының көлеміндей пауэрбанктер бар, олар көп заряд бермейді, бірақ әмиянға сыйып кетеді. Есіңізде болсын — сыртқы аккумуляторды ұшақта багаж ретінде тіркеуге болмайды.

Күн батареясы

Бағасы: 6 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: қосымша энергия үшін

Сыртқы аккумулятор да отырып қалса ше? Күн энергиясын пайдаланыңыз! Портатив күн батареясы көп орын алмайды, бірақ ұзақ сапарда немесе табиғатқа шыққанда құтқарушы ролін атқарады. Қосымша зарядтау үшін батареяны тегіс бетке қойыңыз немесе оны рюкзактың үстіне байлаңыз. Бірақ жаңбырлы және бұлтты аймақтарда құрылғының еш пайдасы болмайтынын есте сақтаңыз.

Күн батареясының беті неғұрлым үлкен болса, соғұрлым тиімдірек. A5 парағынан кем емес гаджет алыңыз, дұрысы — A4. Сондай-ақ орнатылған күн батареясы бар пауэрбанктер де болады, бұл құрылғыны зарядтау уақытын арттырады.

Bluetooth пульті бар селфи таяқшасы

Бағасы: 2,5 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: керемет фотосуреттер түсіріңіз

Барлық досыңыздың кадрда болғанын қалайсыз ба және ешкім объективтен тыс қалмауы керек пе? Онда сізге селфи таяқшасы немесе селфи монопод қажет. Бұл — solo trip үшін де must have гаджет.

Заманауи селфи таяқшалары фотографтың қолын «ұзартып» қана қоймай, bluetooth түймесі арқылы алыстан суретке түсіре алады. Әр смартфон үлгісі үшін сымды бөлек таңдаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ штативке айналатын селфи таяқшалары бар, бұл смартфонды кез келген жерге қажет күйде бекітуге мүмкіндік береді.

Smart құлақ тығындары және ұйқыға арналған маска

Бағасы: 11,9 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: кез келген жағдайда дұрыс ұйықтау үшін

Хостелде немесе ұшақта смарт құлақ тығындар немесе кіріктірілген ұйқы құлаққаптары бар маска проблемаңызды шешеді. Құлаққаптар қатты дыбыстарды бәсеңдетеді және оны аққұла шуылмен, сарқырама дыбысымен немесе құстардың әнімен алмастыруы мүмкін.

Кейбір маска ұйқының фазасын анықтай алады және босаңсыту әсері үшін музыканы автомат түрде өшіреді немесе қыздырады. Көршілерді мазаламау үшін смарт құлаққаптарда сізден басқа ешкім естімейтін жеке оятқыш орнатылған. Гаджеттерді смартфондағы арнайы қолданба арқылы басқаруға болады.

Фитнес-трекер

Бағасы: 2,5 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: денсаулығыңызды уақытылы бақылаңыз

Фитнес-трекер – қадам санағыш қана емес, денсаулық көмекшісі. Заманауи фитнес-трекерлердің мүмкіндіктері физикалық белсенділікті бақылаумен шектелмейді. Олар жүректің соғу жиілігін және қан қысымын өлшей алады, калорияларды есептейді, ұйқының сапасын бақылайды және тағы басқа пайдасы бар. Бұған сағатты, оятқышты және смартфоннан хабарландыруларды алуды қосыңыз, яғни саяхат кезінде нағыз таптырмас әмбебап құрылғы.

Іздеу кілті

Бағасы: 1,3 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: сапарда заттарды жоғалтпау үшін

Жүкті немесе сөмкеңізді жоғалту кез келген сапарды бұзуы мүмкін. Статистикаға сүйенсек, әлем бойынша әуе компаниялары жыл сайын 25 миллион чемодан жоғалтады. GPS сенсоры бар іздеу кілті түріндегі құрылғы заттарыңыздың орналасқан жерін бақылауға және олардың сізбен бірге келетініне сенімді болуға көмектеседі.

Кілттер орналасу дәлдігі мен диапазонына қарай (1000-2000 метрге дейін) ерекшеленеді. Кейбір құрылғы сигнал беріп, қозғалыстың басталуы туралы хабарлай алады.

Әмбебап адаптер

Бағасы: 3,5 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: кез келген розеткаға қосу үшін

Әлемде розетка қосқыштарының 15 түрі бар. Саяхатқа шыққанда өзіңізбен бірге әмбебап адаптерді алып жүріңіз – сонда зарядтауда қиындықтар болмайды. Мұндай адаптерлерде розеткалардың барлық түріне арналған жиналмалы штепсельдер және USB құрылғыларына арналған кірістер бар. Ал шетелден сатып алынған гаджеттерді біздің еуропалық розеткаларға еш қиындықсыз қосуға болады.

Батареямен жылытылатын ұлтарақ

Бағасы: 1,6 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: аяқты жылы ұстау үшін

Қысқы демалыс USB арқылы зарядталатын, жылытатын ұлтарақпен ыңғайлырақ болады. Олар чемоданыңыздағы жылы шұлықты алмастырады. Әмбебап ұлтарақтар кез келген аяқкиімге жарайды. Қажет болса, оларды өлшеміңізге қарай кесуге болады. Жақсы ұлтарақтың заряды 6-7 сағат жаяу жүруге, арзаны — 1,5-2 сағатқа жетеді.

Портатив дезинфектор

Бағасы: 8,3 мың теңгеден бастап

Не үшін қажет: инфекцияны қорғану үшін

Коронавирусқа байланысты қолды жүйелі түрде дезинфекциялау қалыпты жағдайға айналды. Дегенмен көпшілік күнделікті қолданатын смартфоны мен басқа да гаджеттерде микробтар өте көп екенін естен шығарады. Мысалы, смартфонның бетінде дәретханаға қарағанда 10 есе көп бактерия өмір сүреді. Мамандар гаджетті спиртпен немесе басқа бактерияға қарсы сұйықтықтармен сүртуді дұрыс деп есептемейді. Себебі мұндай шаралар смартфон экранын бұзуы мүмкін.

Портатив дезинфекциялау құралдары құрылғыларыңызды қорғауға көмектеседі. Мұндай құрылғылар ультракүлгін сәулелердің көмегімен ауаны және кез келген бетті қауіпсіз дезинфекциялайды.

Дезинфекторлар үстел шамдары немесе ықшам қол құрылғылары түрінде болады. Сондай-ақ кірістірілген стерилизаторы бар сымсыз смартфонды зарядтау құрылғыларының нұсқалары бар.