ГлавнаяБлог

Жұмысты жеңілдететін 5 smart гаджет

5Q Media өмір сапасын жақсартуға, жұмыс өнімділігін артыруға көмектесетін 5 smart гаджетті ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ментал денсаулық дегеніміз — адамның әлеуетін жүзеге асыра алатын, стресті жеңе алатын, өнімді және жемісті жұмыс істейтін және қоғамның дамуына үлес қосатын әл-ауқат жағдайы. Уақыт өткен сайын мұндай денсаулық барлық адамға ауадай қажет. Соған байланысты өміріңізді, жұмысыңызды жеңілдететін гаджеттер тізімін әзірледік.

Екіге бөлінген пернетақта

Пернетақта көп жерде Ultimate Hacking Keyboard (хакерлік жасауға арналған пернатақта)  деп аталып жүр. Алайда оны тек хакерлерге арналған деу — қате. Бұл — программалаушыларға ыңғайлап жасалған құрылғы. Үнемі компьютер алдында отыратын адамның омыртқасы, қол, аяқ сүйектері жиі қақсайды. Себебі адам сол гаджеттің ыңғайына қарай отырады. Ал пернетақтаны қолданғанда қол да соған икемделіп, ұзақ уақыттан соң ауырсынуы мүмкін. Мұны ескерген бір топ программалаушы осы пернетақтаны ойлап тапқан. Ерекшелігі — енді пернетақтаның бөліктері адамның қолына қарай бейімделеді.

бөлінген пернетақта

Бағасы 320 АҚШ долларынан басталады (150 мың теңге). Мына жерден тапсырыс беруге болады 

Сымсыз қуаттағыш кілемше 

Жалпы мұндай қуаттағыштың бірнеше түрі бар. Мысалы, iPhone-ға ыңғайлап жасалған шағын, кітап сияқты жиналатын нұсқасы да кездеседі. Онда кемінде үш құрылғы (Apple Watch, AirPods) сыяды. Оның бағасы маркетплейстерде 10 мың теңгеден басталады. Онлайн дүкендерден күннен қуат алатын қуаттағыштарды да табуға болады, ол саяхатқа шыққанда өте пайдалы.

GAZEPAD PRO

Ал біз көрсетіп отырған түрі — көбіне бір жерде отырып, жұмыс істейтін адамдарға арналған Gazepad Pro. Онымен көбіне сымсыз тінтуірді қуаттауға болады. Одан басқа тағы екі құрылғыға орын бар.

Бағасы 18 мың теңгеден басталады. 

Биіктігі реттелетін электр үстел

Бұл үстел күні бойы тапжылмай компьютер алдында жұмыс істейтін адамдарға өте қажет. Оның басты артықшылығы — адамның бойына, отырысына байланысты ыңғайланады. Мысалы, отырып жұмыс істеуден шаршаған адам оны биіктетіп, тұрып жұмыс істей алады. AIRLIFT үстелінің тағы бір пайдалы қызметі — оның үстіне маркермен жазып, кейін оңай өшіруге болады. Биіктігін үстелдің оң жағындағы батырмамен өзгертуге болады. Биіктік шамасы цифрлық дисплейде көрініп тұрады.

AIRLIFT PRO үстелінің бағасы 200 мың теңгеден басталады. Дегенмен мұндай функциясы бар үстелді басқа да онлайн дүкендерден табуға болады. 

Ноутбукке арналған портатив монитор

Мұндай монитордың екі және үш экраны бар. Бұл ноутбукпен көп жұмыс істейтін адамның жұмыс өнімділігін арттырады. Оны ноутбукпен қоса алып жүру де ыңғайлы. Қолданушы кім болса да — трейдер, геймер, программалаушы, кәсіпкер немесе студент болса да, ноутбуктың пішініне сай портатив экран жалғап, оңай жұмыс істей беруге мүмкіндік жасалған.

trio

Сондай монитордың бірі — Trio. Онлайн дүкендердегі бағасы — 120 мың теңге. 

Тайм-менеджер

Жұмыстан жалыға бастағанда «аз уақыт әлеуметтік желіні шолып шығайын» немесе «телехикаяның жаңа сериясын көріп тастайыншы» деп бірнеше сағатыңыздың қалай өткенін сезбей қалатын кезіңіз жиі бола ма? Онда сізге уақытты басқаруды үйрену керек. Ол сіздің бастығыңыз болуы міндетті емес. Мұндай кезде Ticktime таймері көмекке келеді. Бұл гаджет арқылы жұмысқа зейін қойып, оның өнімділігін арттыруға болады.

Ticktime уақытты санаудың үш әдісін ұсынады: басынан бастап санау және алдын ала орнатылған кері санақ және жеке қойылған кері санақ. Алдын ала орнатылған кері санақпен санауды қайта бастаудың қажеті жоқ, ол үшін гаджетті кері аудару керек. Жеке кері санақта уақытты өзіңіз қалағандай белгілеу қажет.

Бұл гаджеттің құны онлайн дүкендерде 17 мың теңгеден басталады.