20 қазанда Xiaomi компаниясы Қазақстан нарығында өзінің ең жаңа флагман смартфондары – Xiaomi 12T сериясын жариялады. Жаңа смартфондар контент жасаушылардың көңілінен шығады. Өйткені сурет өңдеудің жаңа тәсілдері қосылған. Xiaomi 12T Pro мен Xiaomi 12T-ның қандай артықшылықтары барын бірге білейік.
Про-санаттық камера
Xiaomi 12T сериясының екі флагманы да пайдаланушыларға смартфонды пайдаланып суретке түсірудің ерекше мүмкіндіктерін ұсынатын про-класс камераларымен жабдықталған. 200 мегапиксельді суреттерді өңдеудің кейінгі жүйесімен жабдықталған Xiaomi 12T Pro камерасы меншікті жетілдірілген жасанды интеллект алгоритмдерінің арқасында айқындығы жоғары, түнгі түсірілімі сапалы және жылдам фокус ұстайды. Сондай-ақ, ұсақ заттарды немесе тез қозғалатын нысандарды түсіргенде де сурет анық шығады. Өлшемі 1/1, 22 болатын үлкен матрица арқылы 2 есе зуммен түсіретіндіктен, сурет сапасы сақталады.
Xiaomi ProCut және Ultra burst функцияларының арқасында Xiaomi 12T Pro дұрыс кадр ұстап, контент әзірлеуге көмектеседі. Ал бейнетүсірілімге келсек, Xiaomi 12T Pro 8K бейнені толық ажыратымдылықта қолдайды. Xiaomi12T-да мынадай үштік камера жүйесі іске асырылған: негізгі камера — 108 Мп, ультра кең бұрышты камера —8 Мп және макрокамера — 2 Мп. Тіпті қараңғы жердің өзінде анық түсіруге мүмкіндік береді.
Мега-өнімділік
Xiaomi 12T Pro алдыңғы қатарлы 4-нм TSMC техпроцессоры бар ең үздік Snapdragon процессорымен жабдықталған, ол Snapdragon 8 Gen 1-мен салыстырғанда, графикалық процессор мен ЦПУ өнімділігін сәйкесінше 16,7% және 11%-ға айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ әрқайсысының энергия тұтынуын 33% және 30%-ға төмендетеді. Процессор қатты жұмыс істеп жатқан күннің өзінде смартфон қызып кетпейді. Өйткені онда буландырғыш камерасынан тұратын жылу бұру жүйесі бар. Алдыңғы 11T Pro сериясына қарағанда мұнда жылу сақтау 125%-ға тиімдірек.
Xiaomi 12T 5 нанометрлік TSMC техпроцесінің негізінде құрылған MediaTek Dimensity 8100-Ultra озық чипсетімен жабдықталған. Чип графикалық процессордың мүлдем жаңа құрылымының арқасында толығымен жаңартылды. Бұл өнімділік пен энергиялық тиімділікті алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда 30%-ға, сондай-ақ тактілік жиілікті, кэш-жадыны және деректердің сақталуын ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Жылдам қуаттағыш
Екі смартфон да 5000 мАсағ аккумулятор сыйымдылығымен және қуаты 120 Вт Hyper Charge функциясымен жабдықталған. Яғни небәрі 19 минут ішінде толық қуатталады. Әрі күту режимінде 13,5 сағатқа дейін жұмыс істей алады.Бұдан басқа Xiaomi AdaptiveCharge технологиясының арқасында құрылғылар аккумулятордың ұзақ мерзімді жұмысын оңтайландыру үшін күнделікті зарядтау режимдерін талдайды.
Тартымды дизайн
Xiaomi 12T сериясы премиум-класс дизайнының маңызды элементімен ерекшеленеді. Смартфон үш түрлі түсті ұсынылған: қара, күміс және көк. Бетіне Corning Gorilla Glass 5 әйнегі салынған. Артқы панелі саусақ ізі қалмайтындай етіп істелген.
Бағасы
Қазақстанда Xiaomi 12T сериясы сатылымға 21 қазанда шығады. Еліміздің Sulpak, Технодом, Арман, Мечта, Белый Ветер, Эврика, Alser, Фора, DNS, Freedom Mobile, Билайн, Kcell, Tele-2 және Xiaomi Stores секілді барлық ірі сауда желілерінен ала аласыз. Xiaomi 12T Pro-ның 12 + 256 ГБ нұсқасының бағасы — 389 990 теңге. Xiaomi 12T-ның 8 ГБ + 256 ГБ нұсқасы сатылымға 299 990 теңгеден шығады.
Add comment