ГлавнаяБлог

Онлайн платформаларда қанша ақша табуға болады?

Егер пайдалы дүниеңізді монитизациялауды ойластырып жүрсеңіз, онда бұл ақпарат сізге қажет болады. Төменде креаторларға табыскөзі бола алатын платформалардың тізімін дайындап қойдық.

YouTube

Бұл бейне хостинг, басқа платформаларға қарағанда, креаторларға бәрінен бұрын төлей бастаған екен. Егер сіз миллиондаған көрмесі бар арнаның иесі болсаңыз, сіздің максималды табысыңыз айына $15-20 мың құрауы мүмкін. Бірақ ескере кететін жәйт: қазақстандық Youtube-тегі монетизация әлсіз — 1 млн қаралымнан шамамен $300 таба аласыз.

YouTube каналын жүргізуді қалай бастаған жөн: бастаушыларға арналған 5 кеңес

Онымен қоса, монетизацияны қосу үшін арнаның 1 мың ізбасары болып, бейнелердің қаралымы 4 мың сағаттан кем болмауы керек. Аталмыш продакт-плейсменттен табатын ең перспективалы табыс көзі — бір интеграцияға 500 мың тг.

TikTok және Instagram

TikTok монетизация бағдарламасын 2020 жылы креаторларды қолдау қоры аясында іске қосты. Бірақ, оған тек 10 мың жазылушыдан тұратын аудиториясы бар 18 жастан асқан тиктокерлерді ғана қабылдайды. Монетизация бағдарламасы барлық елдерде жұмыс істемей бермейді екен, онымен қоса кірісі — 1 млн қаралым үшін шамамен 20$ ғана құрайды. Ал брендтермен жарнамалық интеграцияны айтсақ, ол енді басқа әңгіме. Осыдан екі-үш жыл бұрын Meta Reels Play монетизация бағдарламасы сынап көрген болатын, бірақ жобаның бағы жанбады ба, әлде басқа себептері бар ма, белгісіз — жоба жабылды.

Patreon

2013 жылы екі музыкант Джек Конте мен Сэм Ям YouTube-та бейнелерін монетизациялау әдісін ойлап тапты. Әр жаңа бейне баяннан кейін жанкүйерлер оларға ақша аудара алыпты. Осылайша Патреон пайда болды. 10 жыл ішінде бұл платформа арқылы 3,5 млрд доллар астам ақша берілді. Платформада 250 000 автор өз жұмыстарын жариялайды. 30 000 жазылушысы бар креатор айына шамамен $315-тен 1575 дейін ақша таба алады. Орташа алғанда, бір жазылушысы 7$ жібереді. Сонымен қатар, платформаның ай сайынғы аудиториясында 8 млн патроны бар.

Комиссиясы: әр түрлі төлем әдістерін қолдануға байланысты басқа төлемдерді есептемегенде, валюта айырбастау үшін 5-тен 12%-ға дейін, плюс 2,5%.

Boosty

Ресми мәліметтерге сәйкес, бастаушы блогерлер платформада 50-ден 100 мың руб. дейін, ал жоғарғы блогерлер миллионнан астам ақша таба алады. Айтпақшы, 2022 жылдың шілдесінде 10 462 блогердің кірісі туралы бейресми деректер пайда болды. Негізгі қорытындылар мынандай:

  • Креаторлардың үлкен жартысы 1000 руб. аз ақша табады.
  • 82 автор айына 100 000-нан 500 000 руб. дейін табады;
  • 7 автор айына 500 000-нан 5 350 000 руб. дейін ақша табады екен;

Комиссиясы: 10%, сонымен қатар төлем әдісіне байланысты қаражат алу үшін алымы бар.

5Qbе

Қазақстандық креаторларға арналған алғашқы платформа 2022 жылдың жазында ашылып, онлайн-курстарды сатуға арналған функционалды ұсынды. Қазір олардың саны 30-дан асты және каталог үнемі толықтырылып отырады. Сондай-ақ, платформада жазылым арқылы қол жетімді авторлық контент орналастыруға болады.

Комиссиясы: 8%, оның 5% платформаның жинауы, ал 3% өңдеуге кетеді. Тапқан қаражатты кез келген қазақстандық банктің картасына шығаруға болады.