ГлавнаяБлог

DAR 30 млн теңгеге спорт гранттарын табыстады

20 қыркүйек күні DAR компаниялар тобы Қазақстан аймақтарындағы спортзалдарды дамытуға арналған гранттар байқауының нәтижесін жариялады. Биыл 5 жеңімпаздың әрқайсысына спортзалдарды жөндеуден өткізуге, сонымен бірге қажет жабдықтар алуға 6 миллион теңге көлеміндегі грант берілді. 

Жеңімпаздар қатарында Қызылорда, Қонаев, Ақтау қалаларының және Алматы, Жамбыл облыстарының қатысушылары бар. Олардың спортзалдары грэпплинг, бокс, аралас жекпе-жек, еркін күрес, панкратион секілді жанаспалы спорт түрлеріне бағытталған.

Болат Садыкулов

“DAR 2014 жылдан бері спорт бағытын дамытып келеді. Алғашқыда жасөспірімдердің қоян-қолтық ұрысын Қазақстан аймақтарында өткізуге қолдау білдіруден бастаған еді. Бүгінде DAR TEAM атты команда құрдық. Оның құрамында спорттың түрлі бағытында жүрген 400-ден астам жас спортшы бар. Атап айтқанда, қоян-қолтық ұрыс, грэпплинг, жекпе-жек және т.б. Қазақстандық жауынгерлердің, мысал ретінде айтсақ, Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Сора Рахмоновалардың кәсіби өсуіне арналған жеке алаңымызды дамыта отырып, болашақ чемпиондар өсіп келе жатқан аймақтардағы спорттық кәсіпкерлерді де қолдаймыз. Бастысы, жағдай жасап, талантын ашуға мүмкіндік беру”, — деді DAR компаниялар тобының басқарушы серіктесі Болат Садықұлов.

Биыл байқау комиссиясы 31 өтінімді қарап шықты. Жеңімпазды таңдағанда спорт бағдарламасына, бизнес-жоспарына, қажет құжаттардың түгел болғанына баса мән берілді. 

“2012 жылдан бері Қызылорда облысында аралас жекпе-жек, панкриатион. Грэпплинг және ММА секілді спорт түрлерін дамытумен айналысып келемін. Біздің өңірде жанаспалы спорт түрлері өте танымал. Жастар DAR Team мүшелері сынды спортшыларға қарап, бой түзейді. Былтрыр Атырауда өткен ҚР Кубогінде біздің команда 12-13 жас категориясында екінші орын алса, 16-17 жастағылар тобы бірінші орынды иеленді. Бәрі DAR компаниясының қолдауымен ашылған спотрзалда жаттықты. Ұтып алған грантыма енді екінші зал ашамын. Қазақстанда спортты дамытып, түрлі бағытта қайырымдылықпен айналысып жүрген Әлидар Болатұлына алғысымды білдіремін”, – дейді Арман Меделханов.

2022 жылы DAR бұқаралық және балалар спортын дамыту мақсатында спорт клубтарын қолдау бойынша грант бағдарламасын іске қосқан еді. Бірінші іріктеу нәтижесінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Қызылорда және Көкшетау қалаларынан 5 қатысушыға грант табысталған.