Хамзат өзінің инстаграм парақшасында шешен және қазақ халқы әрдайым бауырлас халықтар болғаны туралы жазып, Қазақстан Республикасы туының фотосын салды. Сонымен қатар қасиетті Рамазан айында қазақ халқына бақыт, денсаулық, береке тілеп, жақын арада Қазақстанға сапар шеккісі келетіні туралы мәлімдеді.

Борз туралы жалғастыратын болсақ, Хамзат, 84 кг салмағындағы белбеуін қайтарып алған, Исраэль Адесаньяны жекпе-жекке шақырды. Швециялық спортшы, твиттер парақшасында Дана Уайтты белгілеп, чемпионмен кездескісі келетіні туралы өтінішін білдірді.