Осы жағдайға жету үшін мен көптеген жылдар бойы жұмыс істедім! Мен, қарапайым қазақтың қара домалақ баласымын,қазір әлемдегі ең үздік ММА промоушенмен контрактқа отырдым, сіздерге айтарым: мақсаттарыңызға апаратын жолдан таймасаңыз, бәрі болады! Үміттеріңізді үзбеңіз!

Мен DAR Team командасына және оның негізін қалаушы, маған сенген, қолдау көрсеткен және шабыттандырған Алидар Болатұлына, Азиз ағай, Эдуард ағай бапкерлеріме, командамыздың әрбір мүшесіне алғысым шексіз! Біз барлығымыз бір үлкен отбасымыз. Сонымен қатар чемпиондық белбеуді ұтып алған, Naiza лигасының президентіне, маған қолдау көрсеткен және өз сенімін білдірген барлық жанға алғысымды білдіремін!

10 жыл бұрын мен базарда жұмыс істегенмін, дегенмен UFC-ға түсетініме күмәнім болмады! Бүгін, міне, әлемдегі ең мықты промоушенмен келісім- шартқа қол қойғыздырдым, алайда жас кезім әлі есімде. Армандаудан қорықпаңыздар! Еңбек етсеңіз, жаттығудан жалықпасаңыз және өзіңізге деген сеніміңіз болса, мақсаттарыңызға жетесіздер! Өзім тексеріп көрдім!

Осындай қиын, бірақ қызықты жолда жанымда болған адамдарға рахмет айтқым келеді!