Бағдарлама 2021 жылдың қазан айында іске қосылған сәттен бастап, 3 айдың қорытындысы бойынша 211 стартаптың 49 жобасы дамудың жаңа кезеңіне өтіп, 37 жаңа жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар қатысушылар тартқан инвестициялардың жалпы сомасы 195 млн теңге, ал сатудың жалпы сомасы – 250 млн теңге болды.

Бағдарламаға кез келген кезеңдегі технологиялық стартап қатыса алады: problem/solution fit — идея мен құндылық ұсыныс болса, MVP — өнімнің минималды нұсқасы бар жағдайда, product/market fit — тұрақты сатылымның болуы және scale — жобаның белсенді өсуі және масштабтау.

Бағдарламаның бірегейлігі — әрбір қатысушы өзінің оқу жоспарын қалыптастыра отырып, жобасына ғана қажетті қызметтерді таңдайды. Барлық уоркшоп, мастер-кластар онлайн форматта өтеді. Бұл бағдарлама еліміздің және әлемнің кез келген бұрышынан келген қатысушыларға қолжетімді.

Акселерация қатысушылары топтық семинарларда әрбір IT-кәсіпкер үшін пайдалы тақырыптарды меңгереді: “Бизнес-модель және нарық”, “Клиенттерді зерттеу”, “Стартап-жоба командасы”, “Стартап-жобадағы операциялық басқару”, “Маркетинг”, “Сатылым”, “Жобаға инвестициялар тарту” және басқалар.

Сонымен қатар стартаптар трекерлерден жеке кеңес ала алады. Бұл оларға мақсаттарды дұрыс қоюға және гипотезаларды тексеруге көмектеседі.

Барлық қатысушыға қосымша ретінде технопарктен PR, коворкингте жұмыс орындарын (орындар саны шектеулі) жалға алу, сонымен қатар Қазақстанның ең ірі IT-қоғамдастығына кіре отыра, үздік IT-кәсіпкерлермен нетворкинг жасау мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ Techpreneurs бағдарламасы аясында Invest Day және Demo Day іс-шаралары жоспарланып отыр. Онда қатысушылар әлеуетті инвесторлар алдында жобасын ұсына алады.

Techpreneurs-ке қатысуға өтінішті мына сілтеме арқылы 2022 жылдың 31 қазанына дейін беруге болады.