Әрбір қазақстандық онлайн-аукционға қатыса алады. Болашақта ол бүкіл Қазақстанға таралып, соның арқасында мемлекеттен жер сатып алу процесі ашық болады.

Осылайша, жер қоры мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа қолжетімділік онлайн режимінде жұмыс істейтін Қоғамдық кадастрлық карта арқылы қамтамасыз етіледі.

Жобаның мақсаты – клиенттер үшін де, мемлекеттік органдар мен департаменттер үшін де бизнес-процестердің барлық спектрін автоматтандыру. Сонымен қатар субъект өзінің өтінішін соңғы нәтижеге дейін бақылай алуы керек.

Бағдат Мусин Қызылорда облысындағы үш жер телімінің сәтті сатылғанын айтты. Бастапқы бағасы 1,5 миллион теңге тұратын біреуі «электрон» балғадан 2,8 миллион теңгеден астамға өтсе, екіншісіне 246 мың теңге төледі, үшіншісі 396 мың теңгеге сатылды. Сондай-ақ Ақтөбе мен Алматы облысындағы бірнеше жер телімін сату жоспарланып отыр.

Бұл жоба «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, «ҰАТ» АҚ және облыс әкімдіктерінің әріптестерінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.