Серік Ақышев – медиа-кәсіпкер. Журналистикада жүргеніне 20 жыл болды. Тележүргізушіні көрермен көбіне “Кто хочет стать миллионером?” ток-шоуынан таниды. Журналист мұндай ТВ-шоулармен қоса, YouTube-жобалар жасап, әлеуметтік желілер жүргізеді, оған қоса, жұртты өз ісіне баулиды. 26 қаңтарда Алматыда Серік Ақышев шеберлік сағатын өткізіп, оған қатысқандарға жеке тәжірбиесі туралы баяндады және ақыл-кеңес айтты. 

№1 кеңес: Шешендік өнерді үйреніңіз

Көпшілік алдында сөйлеу машығы блогерлер үшін ғана must have өнер емес. Аудиторияға ойды анық әрі сенімді жеткізу – әртүрлі мамандық өкілдеріне пайдалы жан-жақты машық. Дәрігер, психолог, брокер немесе автомеханик болсаңыз да, біліміңіз кең аудиторияға пайдалы болуы мүмкін. Келешекте білімді әлеуметтік желіде бөлісе аласыз, одан курс жазып, монетизация жасауға болады. Оған қоса, оффлайн түрде көпшілік алдына шыға аласыз. 

№2 кеңес: Смартфон камерасымен “достасыңыз”

Instagram-да тікелей эфирге шығып, сізге жазылған адамдарға өзіңіз, шын мәнінде, не нәрсеге қызығатыныңыз жайлы аз-кем әңгіме айтыңыз. Тым болмаса, бірнеше минут сөйлеңіз. IT, тиімді жоспарлау, «Қайрат» футбол клубы – не туралы айтатыныңыз маңызды емес, бастысы сізге шабыт беретін тақырыпты қозғаңыз,

— дейді Серік Ақышев.

Бұл әдістің несі жақсы? Біріншіден, тақырып іздеп әуре болмайсыз. Тақырыбыңыз дайын, ол туралы достармен кездесіп отырғандай әңгіме қыла бересіз. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаған соң кейін түрлі тақырып жайлы сөйлеген жеңіл болады. Осы орайда танымал тележүргізуші өзінің басынан өткен оқиғаны айтып берді.

Бұрында радиода істесем деп армандадым. Бір күні айым оңынан туып, сонда сынақ мерзімінен өтетін болдым. Бірақ тікелей эфирде ауа райын оқып берерде кідіріп қалдым. Егер маған ауа райының орнына JCS тобының шығармашылығы туралы айт десе ғой, анағұлым сенімді сөйлеп шығар едім,

— дейді эксперт.

№3 кеңес: Шыдамды болыңыз 

Блогиң — ұзақ уақыттың жұмысы. Қай платформаны таңдасаңыз да, контент жасаудағы басты нәрсе – тұрақтылық. Әйтеуір бір жетістікке жететініңіз анық, бірақ оған дейін ұзақ әрі тұрақты жұмыс істеу керек. YouTube-ке шығам десеңіз, аптасына бір рет ролик жүктеп отырам деген ереже орнатыңыз. Ал Reels түсірем дейтіндер күн сайын ролик жүктегені дұрыс. 

Танымал блогер Гари Вайнерчук тиктокерлерге күнінн 4-8 видео жүктесін деп кеңес береді. Басқа шаруаға қол босамай қалатыны рас, бірақ сол видеолардың біреуі болса да көруге ұсынылатын видеолар қатарына шығатыны анық. Сондықтан күн сайын бір ролик салу – қолдан келетін іс,

– дейді маман. 

Телефонға CapСut сияқты видеоредактор жүктеп ап, роликке субтитр қойып, оны өңдеңіз. Көбі мұны да істемейді. Негізі, бұл монтаж оңай әрі нәтижеге ықпал етеді. 

№4 кеңес: Нейрожелі қолданыңыз

Жасанды интеллект сіздің харизмаңызды алмастыра алмайды. Дегенмен креатив пен контент жасауға көмектеседі. Мысалы, GPT ендігі мәтін жазады, MidJourne жап-жақсы вижуал жасайды. Оның бір жарқын мысалы – Snoop Dogg пен Eminem-нің “Қазақстанға келгені” туралы трек. Бұл тректі Астанадағы креатор Руслан Сыздықов нейрожелі арқылы жасады. Жақында Русланмен Qreatorlar Telegram-каналында онлайн сұхбат алдық. Сұхбаттың жазбасы жақында каналға жарияланады. 

№5 кеңес: Трендтер мен аудиторияны анализдеңіз 

Бұл видеоға назар аударуға және сіз жасап жатқан дүниеге қызығатын көрермендермен байланысуға көмектеседі. Сондай-ақ, тақырып таңдағанда іздеу сұрауларын ескеріңіз. Оларды Google Trends және Keyword сияқты тегін және ақылы сервистер арқылы талдауға болады.

№6 кеңес: Көбірек оқыңыз 

Кез келегн тақырып туралы қызық әдебиет болады. Мектеп бағдарламасын еске түсіріп отырудың қажеті жоқ, өзіңізге ұнайтын нәрсені оқыңыз. Кітаптың арқасында сөздік қорыңыз байып, білім көкжиегі кеңейеді. Дауыстап оқуды жаттықтыруды, интонациялармен ойнауды, орфоэпия ережелерін үйренуді және дауыс тембрін жаттықтыруды да ұмытпаңыз.  

№7 кеңес: Тек өзіңізбен жарысыңыз 

Алғашқы кезеңдерде өзіңізді бұрыннан блог жүргізетін немесе медиада баяғыдан жұмыс істейтін адамдармен салыстырмаңыз. Камераға түсу – дамытуға болатын машық. Қазіргі танымал блогерлер басында мұны да білмеген еді. Олардың алғашқы видеосы қазіргілерімен бәсекелесе алмайтыны анық. Сондықтан көбірек жаттығып, өзіңізге сеніңіз. Сонда бәрі қолыңыздан келеді. 

Серік Ақышев басқа да жаттығулар мен нұсқаулықты, лайфхакты өзінің “Видеоблогер, тележүргізші бол!” деген онлайн курсында баяндайды. Бұл оқу бағдарламасында сегіз сабақ бар. Курс платформаға салынды, оны тиімді бағаға сатып алып, өзіңізге ыңғайлы уақытта оқыңыз.

Қалған фотоларды мына сілтемеден көре аласыз.