Платформаға шыққан жаңа курстардың жетеуін “Біліміңді монетизация жаса” деген байқаудың финалистері шығарды. Ал қалғанын белгілі блогерлар мен эксперттер жасады. Бұл курстардың төртеуі қазақ тілінде ұсынылған. Олар – PR және іскерлік бедел, Project Management, Көпшілік алдында сөйлеу, SMM және Digital Marketing. Жаңа курстарға шолу жасайық. 

PR және іскерлік бедел

Курста белгілі PR-менеджер әрі блогер Әлішер Елікбаев беделге қатысты дағдарыстың алдын алып, олардан шығуды үйретеді. Курс әркімге-ақ арналған. Курс әр адамға күн сайын абыройды нығайтып, тұлға ретінде даму үшін коммуникациялық машықты қолдануға мүмкіндік береді. Курстың орысшасы бар.

Көпшілік алдында сөйлеу

Курстың авторы – Әлішер Елікбаев. Ол кез-келген адам шешен болып, бұл машықты толық меңгере алатынына сенімді. Блогер курсында көпшіліке алдында қысылмай сөйлеуді, аудиторияны басқарып, сұраққа сауатты жауап беруді, нақты, сенімді, қызық сөйлеуді қалыптастыратын механизмдерді үйретеді. Курстың орысшасы бар.

SMM және Digital Marketing

Бұл курты оқығысы келетін адам Instagram, Facebook, Youtube сияқты әлеуметтік желідегі құралдар туралы білуі қажет. Курсты оқитын адам Әлішер Елікбаевтан әлеуметтік желіге арналған қызық контент дайындауды, әлеуметтік медиаға арналған пиар-жобаларды біліп шығды. Оған қоса, Yоutube платформасына видеоролик әзірлеп, жүктеуді және беделді тұлғалармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйренеді. Курстың орысшасы бар.

Project Management негіздері

Курсқа қатысатындар жоба менеджері деген кім екенін, оның қандай дағдысы мен құзыреті болатынын біліп шығады. Курстың мақсаты – халықаралық және Қазақстандағы жобаларды басқару стандарттарына негізделген жоба менеджменті бойынша білім беру. Бұл курсты оқу үшін арнайы білім қажет емес. Курс «Жобаны басқару» мамандығынан хабары жоқ студенттерге арналған.

Шағын бизнеске арналған үлкен маркетиңнің қысқаша курсы

Курста 9 сабақ бар. Онда Шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған must-know база жинақталды. Қатысушы маркетиңнің мынадай ұғымдарын үйренеді: маркетиңге бағытталған компанияның не екенін, мақсатты аудиторияны қалай анықтау қажет екенін, науқан мақсатын жасап, түсінуді және тағы басқа. 

Тригонометрия. Басынан аяғына дейін

Курста 8-10-кластағы мектеп бағдарламасының барлық тарауы бар. Курс ең қарапайым теориялық есептерді де, мектеп бағдарламасының шеңберінен асатын күрделі есептерді де қамтиды. Курсты оқу үшін 7-8-кластардың алгебра және геометрия білімі болуы керек. 

Жаңадан бастағандарға арналған копирайтиң

Курс 10 видеосабақтан тұрады. Әр сабаққа практикалық тапсырма беріледі. Курсқа қатысқан адам жарқ ете қалатын тақырып қоюды, әлеуметтік желіге мәтін жазуды және лендиңді біліп шығады. Контент жоспарын жазып, мақсатты аудиторияны анализдеуді және бірегей сауда ұсынысын жасауды үйренеді. Курстың авторы – Ассоль Хасанова. Ол жарнама саласында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Power BI жүйесімен жұмыс істеуді қалай оңай үйренуге болады?

Бұл курс түрлі дереккөздегі мәліметтерді анализдей отырып интерактив есеп жасауға көмектеседі. Курсқа қатысқан адам Power BI мүмкіндіктерінің көбін жылдам біліп алады. Курс тыңдаушы барынша қысқа мерзімде, еш қиналмай бағдарлама логикасын түсінетіндей етіп жасалған.

Постковидік Yelikbayev

Курс коронавирустан кейінгі шындыққа қалай жылдам бейімделуді үйретеді. Өйткені пандемиядан соң ондаған жылды қажет ететін нәрсе 1,5 жылдың ішінде жүзеге асып жатты. “Заманың түлкі болса, тазы боп шал”. Жаңа заманда жаңалыққа жылдам бейімделуді Постковидік Yelikbayev курсынан бастаңыз. 

Кәсіби видеомейкиң

Инстаграмға, Ютубқа жариялау үшін сапалы видеороликтер түсіруді үйренгіңіз келсе, виедоға түсіру немесе видеоны монтаждауға қатысты курстар қарап жүрген шығарсыз. Бұл машықтың бәрін меңгергіңіз келсе, Кәсіби видеомейкиң курсын ұсынамыз. 

Digital performance маркетолог

Курстың мақсаты – қатысушыға жарнама және уеб-талдау алаңдарымен жұмыс істеуді үйрету. Соның арқасында маркетолог мақсатты әрекеттер арқылы жарнаманы өзі жүргізеді. Ментор – Азат Такиров. Ол digital маркетолог болып 5 жылдан бері жұмыс істейді. 

Тиімді даму ережелері

Платформамыз Әлішер Елікбаевтың тағы бір курсымен толықты. Курс адамның өзі сызып алған шеңбер аясынан шығып, өміріне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Курс авторы кіріс, саяхат, мойындалу дегеннің бәрі адамның өзіне байланысты екенін айтады. Әлішер Елікбаевтың көмегі арқылы өз мүмкіндігіңізге басқа көзбен қарап көріңіз. 

Introduction to Cybersecurity

Курс қатысушыға киберқауіпсіздік негіздерін, криптографиялық шешімдерді үйретіп, негізгі желі машықтарын таныстырады. Оған қоса,  көп таралған кибершабуылдарды көрсетеді. 

Онлайн продюсер

Бұл курсты 7 жылдан бері түрлі сала эксперттері мен мамандарға продюсер болып жүрген Жәнібек Қыдырәлиев жасады. Курс әлеуметтік желіде жеке брендін дамытып, клиенттер тартқысы келетіндерге арналған. Курсқа қатысқан адам продюсердің кім екенін, клиентті қалай табу қажет екенін, SWOT, УТП анализдерін және тағы басқасын үйренеді. 

Басты фото: pikisuperstar