Биылғы “Берекелі жұма” жаппай сатылымы 25-27 қараша аралығында болады. 5Q платформасы да жаппай сатылымға қатысып, курстарды 50% жеңілдікпен сатады. Оған қоса, “Берекелі жұмада” затты қалай тиімді сатып алуға қатысты кеңес береді.

“Берекелі жұмаға” қалай дайындалу керек?

1. Әуелі онлайн мен офлайн дүкендерден өзіңізге қажет тауар бағасын алдын ала көріп шығыңыз. Жеңілдіксіз қанша теңге болатынын біліп алсаңыз, ертеңгі жаппай сатылымда қанша теңге үнем болатынын жобалай аласыз. Алдын ала анализ жасау үшін, бәрінен бұрын, алданып қалмау үшін керек.

2. Әр интернет-дүкеннің жеңілдікпен сататын тауары болады. Біреу тоңазытқышқа жеңілдік ұсынса, енді бірі ойыншыққа басымдық береді, ал кейбірі барлық тауарға аз мөлшерде жеңілдік қарастырады.

3. Тауар бағасы ұтымды болған екі-үш дүкенді түртіп қойыңыз. Жеңілдік бастала сала бірінші сол дүкендерге барыңыз.

4. “Берекелі жұма” уақытынан ерте басталып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз. Сондықтан интернет-дүкендерді бейсенбі кешінен бастап қараңыз. Алғашқы сатып алушылардың тауар азаймай тұрып немесе таусылып кетпей жатып алуға мүміндігі бар.

5. Тауарларды тек ресми сайттан қараңыз. Blackfriday-kazakhstan.kz сайтын жаппай сатылымға қатысатын ресми интернет-дүкендер тізімін ұсынады.

6. Жаппай сатылым күні жұма екенін ұмытпаңыз. Не сатып алатыныңызды алдын ала жоспарламасаңыз, жұма күні нақтылап алғаныңыз жөн. Сосын кешке тауар алуға барасыз.

“Берекелі жұма” күндері зат сатып алып үлгермесе, не істеу керек?

Жаппай сатылымға үлгере алмай қалсаңыз, алда Кибердүйсенбі бар екенін ескеріңіз. Бұл күн “Берекелі жұмада” қалаған затын ала алмай қалғандар үшін қосылған.

Жеңілдік 28 қараша – дүйсенбі күні басталып, 4 желтоқсанға дейін созылады. Демек белгілі бір тауарды бір апта ішінде жеңілдіктегі бағасымен алуға болады.

Кибердүйсенбіде көбіне электрон тауарларға жеңілдік жасалады. Сондықтан осындай заттар сататын дүкендерге көз қиығын сала жүріңіз.

Қазақстан азаматтары көбіне қай тауарды сатып алады?

Picodi.com жеңілдіктер платформасы ұсынған статистика бойынша, қазақстандықтар жаппай сатылым кезінде мына санаттағы тауарларды сатып алып жүр: киім/аяқкиім, электроника/тұрмыс техникалары, автомобиль/автобөлшектер, косметика және пафюмерия, демалыс пен саяхат.

Дүниежүзіндегі тенденция бойынша, “Берекелі” күндері киім мен аяқкиім (жалпы, фэшн-индустриядағы тауарлар) жиі сатып алынады.

Picodi.com платформасы аналитиктері 2021 жылғы “Берекелі жұма” күндері қазақстандықтардың орташа чек сомасы 6 300 тг болғанын жазды. Азаматтар жаппай сатып алуға көбіне жұма күні шығады. Әсіресе, 20:00 мен 21:00 арасы – сауданың нағыз қызған шағы.

Фейк жеңілдікке ұрынып қалмас үшін…

Жаппай сатылым кезінде маркетплейсқа тіркеліп алып, 1-2 күн ғана онлайн-дүкен боп «шыға келетіндер» бар. Оларға алданып қалмас үшін мына нәрсені ескеріңіз:

– Сатушының сайты, әлеуметтік желіде парақшасы бар-жоғына мән беріңіз. Сайт та, парақша да болса, оның қашан тіркелгенін, қолданушылар қандай пікір жазып жатқанын біліңіз.

– Танымал интернет-дүкендерге дизайны ұқсайтын жалған сайттар да болады. Байқасаңыз, мессенджерлерде осындай сайттан түрлі хат тарап жүреді.

– Жалған сайтқа алданып жеке ақпаратыңызды берсеңіз, тауар ақысын төлеп қойсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

5Q платформасы барлық курсқа 50% жеңілдік ұсынады

Платформа “Берекелі жұмаға” қатысады. 25-30 қараша аралығында 5Q платформасындағы курстың бәрі 50% жеңілдікпен сатылады. Олар:

1. Backend әзірлеу курсы: Java (орысша)

Бұрынғы бағасы – 34000 теңге, жеңілдікпен – 17000 теңге

2. Қазақ тілі курсы (орысша)

Бұрынғы бағасы – 23000 теңге, жеңілдікпен – 11500 теңге

3. Жаңадан бастаушыларға арналған бизнес аналитика курсы (орысша)  

Бұрынғы бағасы – 33000 теңге, жеңілдікпен – 16500 теңге

4. React web бағдарламалауға кіріспе курсы (орысша)  

Бұрынғы бағасы – 30000 теңге, жеңілдікпен – 15000 теңге

5. Жаңадан бастаушыларға арналған QA курсы (орысша)

Бұрынғы бағасы – 18000 теңге, жеңілдікпен – 9000 теңге

6. Excel: кестелер сиқыры курсы (қазақша)

Бұрынғы бағасы – 18000 теңге, жеңілдікпен – 9000 теңге

7. SMM-қысқа да нұсқа курсы (бастапқы деңгей, қазақша)

Бұрынғы бағасы – 18000 теңге, жеңілдікпен – 9000 теңге

8. React web бағдарламалауға кіріспекурсы (қазақша)

Бұрынғы бағасы – 30000 теңге, жеңілдікпен – 15000 теңге

Басты фото: Unsplash