5Q Media аз ақшамен қалай инвестция жасау керегін, қандай қауіп және пайда бар екенін түсіндіріп, жаңадан бастаушыларға алғашқы қадамын жасауға көмектеседі. 

Инвестиция жасау үшін алдымен брокермен байланысу керек. Өйткені жеке инвестор биржада саудаласа алмайды, ол үшін брокерде арнайы шот ашу қажет. 

Биржадан не сатып алуға болады?

Биржада акциядан бөлек облигациялар мен биржалық қорларды (ETF) сатып алуға болады. Мамандар жаңа бастаған инвесторларға осы құралдарды қолдануға кеңес береді. Тәжірибе жинаған соң құрылымдық ноталарға инвестиция жасай аласыз. 

Облигация – қызмет көрсететін бағалы қағаз. Оны сатып алуға не сатуға болады. Облигация сонымен құнды. Компания облигацияны табыс көзі ретінде есептейді. Оларды шығаратын ұйым сізден қарыз алып, орнына белгілі бір процент ұсынады. 

Акцияларды, облигация секілді, белгілі бір эмитент ұйым шығарады. Айырмашылығы акцияны сатып алған инвестор компанияның «бірлескен иесі» болады. 

Қор биржасы – активтер саудаланатын жүйе. Қорларда бағалы қағаздардың портфелі жасалады да инвесторларға белгілі бір үлесі сатылады.

Инвестицияны неден бастаймыз?

Білім. Экономиканың не қор нарығының қалай жұмыс істейтінін білмей тұрып, инвестиция жасаудың пайдасы шамалы. Сондықтан аз қаржымен инвестиция жасамастан бұрын, нарық жұмысының терең үңілу қажет. 

Инвестиция жасайтын қаржының мөлшерін, сосын тұрақты қанша ақша жұмсайтыныңызды анықтаңыз. 

Мақсат. Қор нарығында қай бағытта жұмыс істейтініңізді білу үшін мақсат құру керек. Портфельді қалай құру керек, активті алып-сатудың жиілігі және осы сияқты тағы басқа да жұмыстың жүйесін құруға көмектеседі. Басынан бастап нақты мақсат қою – табысқа жетудің бір жолы. 

Тәуекелге дайын болу. Ірі брокерлік компаниялар шот ашарда тәуекелге қаншалықты дайын екеніңізді білу үшін арнайы тесттен өткізеді. Өйткені шығынға ұшырауға қаншалықты дайын екеніңіз актив таңдауда маңызды шарт болып есептеледі. 

Брокерді таңдау. Жеке инвесторлар биржада сауда жасай алмайды. Мұндай операция жасау үшін брокер қажет. Арнайы брокерлік шот ашылып, соның көмегімен активті сатып алу-сату операцияларын жасай аласыз.

Соңғы ақшаңызды инвестицияламаңыз. Алдымен қандай да бір жағдайда құтқаратын ақша қорын жинау керек. Бұдан бөлек мамандар қаржыны бөліп, әр жерде сақтауға кеңес береді. Мысалы, жарты ақшаңызды депозитте, жартысын қолма-қол, қалғанын жекеменшікте дегендей. 

Қарыз ақшаны инвестицияламаңыз. Қор нарығында өзіңіздің емес, брокердің ақшасына сауда жасайтын мүмкіндік бар. Алайда жаңадан бастаушыларға әзірге мұндай мүмкіндікті пайдаланбаған жөн. 

Портфельді әртараптандыру. Бір ғана акцияны сатып алудан аулақ болыңыз. Табысы көп, бірақ тәуекелі бар акциялармен қоса табысы аз, дегенмен қауіпсіз акцияларды қатар алған жөн. Сол кезде шығын шыққанда қалтаңызды қатты қақпайтын болады. 

Қанша ақшамен инвестицияны бастауға болады?

Мамандар инвестицияны аз қаржымен бастауға кеңес береді. Мысалы, алғашқы портфеліңізді 200-300 мың теңгеге жинасаңыз болады. Уақыт өте салатын ақша сомасын көбейтіп, қосымша акциялар аласыз.