Медитация дегеніміз не? 

Медитация көбіне шығыс ілімдерімен және йогамен байланысты. Сонымен қатар бұл – босаңсыған күйге жетудің практикалық әдістерінің жиынтығы және оларды жасау үшін лотос күйінде отыру және мантраларды айту қажет емес. 

Медитацияның мақсаты біреу – ішкі тыныштыққа жету, ал әдістердің мәні – зейінді шоғырландыру және ойдың ретсіз ағынынан арылу. Мұнда медитацияның ең көп таралған тәсілдері немесе түрлері берілген:

  • Визуализация – өзіңізге жайлы мекенмен жағдайларды елестетесіз. Сонымен қатармүмкіндігінше көп сезім мүшеңізді жұмыс істетуге қолдануға тырысыңыз. Мысалы, теңіз жағасында екеніңізді елестетіңіз: көгілдір кеңістіктерді көресіз, самалжелді сезінесіз, толқындардың дыбысын естисіз, құмды аяқтарыңызбен сезінесіз.
  • Сезімдерге концентрация жасау – ыңғайлы позицияда жайғасып,бәсеңмузыканы қосып, назарыңызды шоғырландырасыз. Мысалы, тыныс алу ағымына, жүрек соғысынамән бересіз. 
  • Динамикалық медитация –терең тыныс алуды бақылай отырып, қарапайым қозғалыстар қатарын баяу қарқынмен орындайсыз. Нәтижесінде сана тез қарқынмен жұмыс істейтін стресс режимінен баяу, тыныштандыратын ырғаққа ауысады. 

Ғылыми тұрғыдан медитацияның пайдасы көп. Мынадай оң әсерлері бар: 

  1. Ми қызметін жақсарту. 
  2. Стресс пен шиеленісдеңгейін төмендету. 
  3. Мазасыздық пен қорқыныш деңгейін төмендету. Мазасыздық деңгейі неғұрлым жоғары болса, медитация соғұрлым тиімді болады. 
  4. Эмоциялық фонды жақсарту. 
  5. Ұйқы қалыпқа келеді, ұйқысыздық емделеді. 

Медитация үшін қандай қолданбаларды пайдалану керек? 

№1 – «Медитация для начинающих- практики осознанности»

Google Play-де 100 000-нан астам жүктеп алынған. 

Аты айтып тұрғандай, бұл – жаңадан бастаушыларға арналған медитацияның негізгі курсы. Әзірлеушілер курс стресті азайтуға, жан дүниеңізгеүңілуге, шиеленісті жеңілдетуге, шынайы ойыңыз бен сезімдеріңізді тыңдауға, қорқыныштарды тануды және бақылауды үйренуге, өзін-өзі бақылауды дамытуға көмектеседі деп уәде береді. Стреске қарсы жаттығулар күнделікті орындалады және олардың жиілігі мен саны шектелмейді – қалаған күйге жеткенше сіздің қалауыңыз бойынша. 

Төлем: тегін 

№2 – Meditopia

Google Play-де 10 миллионнан астам жүктеп алынған.

Бұл медитациялардың ең үлкен кітапханасы – мұнда олардың 1000-нан астамы бар.Мақсатты өзіңіз таңдайсыз: демалу және шиеленісті жеңілдету, өзіне сенімді арттыру, жанашырлық пен ризашылықты дамыту, ауырсынуды жеңілдету, денеңізді қабылдау, басқалармен қарым-қатынасты жақсарту және т.б. Ұйқыны жақсартуға арналған жаттығулар ерекше назар аударуды қажет етеді. Қолданбада ұйқының 30 техникасы, сондай-ақ тыныс алу және визуализация жаттығулары бар. Қолданба смарт сағаттармен интерфейс жасайды, олар белгіленген уақытта сеанстың басталуы туралы хабарландыру жібереді. 

Төлем: тегін демо-нұсқа және бөлек тегін медитация бар, алайда медитациялардың көпшілігі ақылы (990 теңгеден 29 990 теңгеге дейін)

№3 – «Headspace: Mindful Meditation» 

Google Play-де 10 миллионнан астам жүктеп алынған. 

Уақыттың да, пайдаланушылардың да сынынан сәтті өткен әлемдегі ең танымал қосымшалардың бірі. Қолданбаның жанкүйерлері арасында тіпті актриса Эмма Уотсон да бар. Қолданбаның тиімділігі оны жасаушының жеке тәжірибесімен түсіндіріледі. «Headspace: Mindful Meditation-ды»Энди Пуддикомб құрған. Бұрын будда монахы болған, қазір майндфулнесс сарапшысы ретінде танылды. Іс жүзінде барлық медитацияны Пуддикомбтың өзі дыбыстайды. 

Әзірлеушілер «Headspace ақыл-ой тәжірибесінің нұсқаушысына айналады, демалуға, күйзеліске қарсы тұруға, энергияны дұрыс бағытта жұмсауға, тыныш және позитив атмосфераны құруға үйрететінін»айтады. Қолданба негізгі тегін пакетті ұсынады – 10 минуттық 10 сеанс және кеңейтілген ақылы пакет. Екіншісі озық пайдаланушылар үшін жүздеген сабақты, шағын медитацияларды және тіпті балалар медитациясын қамтиды. Жағымдыбонус – тыныштандыратын музыка мен дыбыстардың таңдауы бар релаксация ойнатқышы, ол интернетке қосылмай-ақжұмыс істейді. 

Төлем: негізгі топтама тегін, қолданбаның ақылы нұсқасы2190 теңгеден 42 990 теңгеге дейін. 

№4 – «Stop, Breathe & Think»

Google Play-де 1 миллионнан астам жүктеп алынған.

Қолданбаныңмәні оның атауынан көрінеді – «Тоқта, тыныс ал және ойла». Ерекшелігі – қолданушыларға күнделікті сабаққа арналған бағдарламалар ғана емес, әр сабақтың алдында тест те ұсынылады.Күн сайын сіз шағын диагностикалық сынақтан өтесіз, содан кейін қолданба денсаулық жағдайына және мәселеге сәйкес жекелендірілген сабақты құрайды. 

«Stop, Breathe & Think»бағдарламасының негізгі міндеті – күніне бірнеше минут ішінде жақсырақ, сабырлы болуға және босаңсуға көмектесетін қарапайым әдеттерді дамыту. Эмоцияларды бақылау және үлгерімді бақылау үшін күнделік беріледі. 

Төлем: 30 курс тегін, қалғаны үшін 4190 теңгеден төлеу керек. 92 990 теңгеге дейін; премиум пакетіндефункционалыкөбейіп, йога және нүкте массажысабақтары ашылады. 

№5 – Prosto 

Google Play-де 100 000-нан астам жүктеп алынған. 

Prosto – Ирена Понарошку жобасы, оныресейлік театр және кино жұлдыздары: Равшана Куркова, Сергей Чонишвили, Никита Ефремов дыбыстаған. Қолданбада бинураль музыка жинағы бар – бұл релаксацияға, тепе-теңдікті табуға, ұйқыны жақсартуға арналған арнайы музыка. 

7, 10 және 30 минуттық медитация сеанстарын таңдай аласыз. Қолданбада тақырыптық курстарға бөлінген 60 медитация бар: негіздер, сау ұйқы, стресті азайту, жұмыста шоғырлануды жақсарту, бақыт табу. Кірістірілген таймер сабақта өткізілген уақытты қадағалайды және трендті бақылау опциясы жеке үлгерімді бақылайды. Жағымдыбонус – төтенше жағдайларда ақылға көмектесу үшін SOS медитациясыбар. 

Төлем: функционалы шектеулі тегін нұсқасы және 110 теңгеден 20 990 теңгеге дейін бастап ақылы өнімдері бар.