— Кваме, форум сессияларында сіз IT-маманының маңызды дағдылары туралы және олардың техникалық білімі мен дағдыларын жетілдіру үшін үнемі тәжірибеден өтуі керек екенін айттыңыз. Бірақ soft skills туралы не айтуға болады – олар бағдарламашы үшін қаншалықты маңызды және оларды қалай дамыту керек?

 — Бір қарағанда, инженер-бағдарламашы мамандығы ешқандай soft skills-тіқажет етпейді. Кем дегенде университеттер мен колледждер бұған әдетте дайындалмайды. Бір қызығы, информатика soft skills-і жоқ жалғыз пән шығар. Ақпараттық технологиялар саласындағы алғашқы кафедралар пайда болған 60, 70, 80-жылдары электрик мамандығына ұқсас болды. Адамдар IT мамандығын әлеуметтік емес нәрсе ретінде қарастырды. Бағдарламашылар ешкіммен араласпай, өз әлемінде өмір сүрді және жұмысынан ләззат алды. 

Индустриядағыөзгерістер 1990-жылдардың ортасында басталды. Қазір барлығы дерлік компьютермен байланысты, мамандығымыз танымал бола бастады, бұл жаңа дағдыларды, соның ішінде soft skills-ті дамытуды талап етеді. Қазақстанда BCPD командасы ашқан QWANT мектебімізде оқушылар оқу процесінде коммуникатив дағдыларды дамытады. Біз әртүрлі роль ойындарын жаттықтырамыз, мысалы, техникалық сұхбат жүргізу немесе жұмысқа қабылдау. 

— Бүгінгі таңда сарапшылар трансформацияның тегіс болуын қамтамасыз ету үшін ІТ-ды басқа салалармен біріктірудің маңызы туралы көбірек айтады. Бұл мәселе бойынша сіздің пікіріңіз қандай?

— Бұл – өте қиын сұрақ, себебі не болуы мүмкін екенін болжау әрқашан қиын. Университетте бағдарламалауды оқып жүргенімде HTTPS протоколы болған жоқ. Сондықтан қазіргі адамға қажет өте маңызды дағды – оқу қабілеті. Бұл – жұмыс әлемін үздіксіз дамытудың және өзгертудің жалғыз жолы.

Мәселе дәстүрлі білім беру жүйесініңстуденттерге бұл дағдыны бере алмауында. Біз мектептен бастап мұғаліммен бірге оқуға дағдыланғанбыз. Бірақ, айталық, жаңа технологиялар пайда болып, оны меңгеру керек болғанда, дайын мұғалімдер болмай қалуы мүмкін. Бір мұғалімге орта есеппен 20оқушыдан келетінін ескерсек, яғни шұғыл түрде 200 мың маман даярлау керек болса, 10 мың мұғалім қажет. Ал заман талабына сай білімі бар мұғалімді дайындау үшін 5-6 жыл қажет болуы мүмкін. 

Әртүрлі тапсырманы орындау, адамдармен жұмыс істеу және оларға дұрыс сұрақтар қою арқылы үйренуді үйрену керек. Ешқашан HTTP-ді университетте оқымадым, өйткені ол кезде ол тіпті болмаған. Оны өзім үйренуім керек еді. 

– Түйіндеме жазғанда не ұсынасыз? Өтініш беруші не нәрсеге назар аударуы керек? 

Хуссейн Ашими: Түйіндемеңізді әуелібағдарламалық қамтамасыз ету арқылы оқитындықтан, онда сіз өтініш берген лауазымға қатысты кілт сөздер болуы керек. Компаниялар үшін сіздің қай университетті бітіргеніңізден гөрі сіздің қандай дағдыларыңыз бен тәжірибеңіз бар екенін білу маңызды. Өзіңізді қызықтыратын лауазымның сипаттамасын іздеңіз және түйіндемеңізді жазған кезде соған сүйеніңіз. Үш қарапайым ұсыныс бергім келеді:

  • қарапайым болыңыз, өйткені істі қиындататын адамдар жұмысқа орналаспайды; 
  • шаблоннан аулақ болыңыз: жұмыс берушілер не істей алатыныңызды көргісі келеді; 
  • компанияның миссиясы мен құндылықтарын білу – оның дамуына қалай үлес қосу керегін түсінетіндігіңізді көрсетеді. 

Кваме Ямгнане: Ешқашан ілеспе хатты елемей қоймаңыз. Ондабірнеше тармақты көрсетуге тырысыңыз:

  • жас екеніңізді және энергияңыздың көп екенін атап өтіңіз;
  • компанияның сіз үшін неліктен жақсы екенін, құндылықтарыңыздың қаншалықты сәйкес келетінін және тағы басқаларын айтыңыз. 

Тұрақты сүйікті жұмысыңыз болса да, кәсіби дайындық туралы ұмытпаңыз. Салаңыздағы жаңалықтарды үнемі оқып шығыңыз. 

2022 жылғы 27-29 маусым аралығында Нұр-Сұлтанда офлайн форматта төртінші халықаралық білім беру технологиялары форумы өтті. EdTech Forum M.E.T.A.(Mobility. Innovations. Technologies. Actions) – Орталық Азиядағы білім беру технологиялары саласындағы ең ірі конференция. Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы BCPD (Үздіксіз кәсіби даму бюросы) – өмір бойы білім алу үшін цифрлық өнімдерді әзірлейтін технологиялық компания.