Иманбектің, Айсұлтан Сейітов пен Тик-токта “Хомяк” деген никнейммен белгілі Алина Кимнің ұқсастығы қайсы? Оларды шығармашылық пен зияткер қабілеттен пайда табуға мүмкіндік беретін әртүрлі саласы бар креатив экономика біріктіреді. Сонымен қатар мұндай экономиканың креаторларға кәсіпкерлік бағытында кең орын беретін түрлі саласы бар. 

Қазақстанда креатив индустрияны дамытуға кәсіпкерлер де, мемлекеттік институттары бар үкімет те атсалысып жатыр. Экономиканың бұл жас саласы қалай дамып жатқанын AlmaU жанындағы Шығармашылық индустрия орталығының директоры Дана Шаяхметпен бірге қарастырамыз.

Ол бірнеше жылдан бері креатив экономиканы зерттеп, жергілікті шешім қабылдауды ақпараттандыру үшін деректер жинаған. 

1. Қазақстанда нақты қанша креатив индустрия бар екені белгісіз  

2018 жылы олардың шамамен 18 мыңы тіркелген, бірақ шын мәнінде одан да көп болуы мүмкін. Мұндай ақпаратты Британ кеңесі қаржыландыратын креатив индустрияларды зерттейтін авторлар беріп отыр. Олар креатив кәсіпкерлер бизнесті тіркей бермейтінін айтып өтті. 

Салыстыру үшін айтайық, 2019 жылы экономика министрлігінің дерегі бойынша креатив индустрияда 32 мыңнан сәл асатын кәсіпорын болды. Ал 2020 жылы бұл салада 310 мыңға жуық адам немесе жалпы жұмыс істейтіндердің 3,4%-і бар. 

2. Креатив өнеркәсіптегі кірісті қадағалап отыру өте қиын 

Бүкіл әлем бойынша осындай практика бар. 2020 жылғы салық шегерімдерінің 60%-і өнерге, сәулетке және IT саласындағы бизнеске тиді. Бұл ретте қызметтің 18%-і бюджет кірісінің 80%-ке жуығына тең.

«Көбінесе шағын бизнес немесе фрилансерлер салық төлеуден жалтарады, сөйтіп мемлекет креатив экономикадағы қаражат айналымын көре алмайды. Болмаса, мысалы, адам қолөнердің қандай да бір түріне әуес болды делік, кейде өз өнімдерін сатады, бірақ өзін кәсіпкермін деп санамайды», – дейді Дана Шаяхмет.

3. Креатив өнеркәсіптің құрылымында шағын бизнес басым

Креатив бизнестің көбі Алматыда – 2019 жылы ол тіркелген креатив бизнестің 44,8%-іне немесе заңды тұлғалардың жалпы санының 6%-тен астамына тең болды. Екінші орында Астана тұр, екі қалада да ең жоғары қосылған құны бар қызметтер (жарнама, сәулет және IT) басым. Олар секторда тіркелген заңды тұлғалардың 90%-тен астамын алады. 

Сонымен бірге креатив өнеркәсіп құрылымында шағын кәсіпорындар басым. Алматы мен Астанадағы креатив жобалардың 75%-і бір адамнан бес адамға дейін жұмыс істейтін микро және шағын ұйымдарға тиесілі. 

4. Туризм креатив экономиканың өсу драйверіне айналуы мүмкін

Креатив экономиканың негізінде шығармашылық пен интеллектуал қызмет арқылы жасалған өнімдер мен қызметтер жатыр. Қазақстанда әзірге аймақтың және ұлттық экономиканың ерекшелігін көрсететін креатив салалардың өзіндік классификаторы жоқ. Сондықтан зерттеушілер халықаралық әзірлемелерді пайдаланады, мысалы, ЮНЕСКО-дан шығармашылық қызметтің бөлінуі. Әмбебап классификаторға мыналар кіреді: 

  • Кино-, видео- және анимация;
  • Телехабар тарату, подкаст пен видеоблогиң;
  •  Фотография;
  •  Орындаушылық өнер: театр, би және т.б.;
  •  Музыка, концерт, фестиваль;
  •  Әдебиет, баспасөз ісі;
  •  Архитектура, урбанистика;
  •  Дизайнның барлық түрі, оның ішінде киім дизайны бар;
  •  Жарнама;
  •  Қолөнер;
  •  Өнер және антиквариат нарығы;
  •  IT және компьютер ойындарын, қолданбалар әзірлеу.  

«Алғашқы кезеңде туризм креатив салалар классификаторына енуі керек. Мысалы, Өзбекстанда мемлекет қолөнершілерге салынатын салықты азайтты, Дубайда бірнеше фильм түсірілді, оның ішінде «Орындауға келмейтін миссия» деген фильм де бар. Мұның бәрі мемлекет тарапынан елдегі туризмді және онымен байланысты салаларды дамыту үшін жасалып жатқан стратегиялық қадамдар», – дейді зерттеуші. 

5. Креатив кәсіпкерлер жасарып келеді  

Креатив индустрияда әртүрлі мамандықтағы адамдар жұмыс істейді. Зерттеушілер екі негізгі категорияны көрсетіп жатыр: тікелей шығармашылық адамдар және корпоратив әлеміндегі адамдар. Сонымен қатар креатив кәсіпорын өкілдерінің орташа жасы жыл сайын жасарып келеді. Үш жыл бұрын ол 26 жасқа жеткен еді.

6. Креатив кәсіпкерлер бірнеше сала мен рөлді біріктіреді

62 креатив кәсіпкер арасында жүргізілген онлайн сауалнама бойынша (2020 ж.) сауалнамаға қатысқандардың 25,8%-і екі немесе одан да көп бағыттағы жобаларды біріктіреді. Олар үштен сегізге дейінгі рөлді біріктіретін бай бизнесті жүргізеді. 

Үш негізгі позиция бар, олар: бастамашы/идеялық шабыттандырушы (сұралғандардың 93,5%-і), директор (75,8%) және маркетолог (66,1%). Сонымен қатар респонденттердің 61%-і бас технолог/дизайнер рөлін атқарады, ал 59,7%-і сатумен немесе өндірумен айналысады. 

7. Жүйелі білімнің жоқ екені креатив бизнестің өсуіне кедергі келтіреді 

Көбінесе креатив кәсіпкерлер бизнесті өз бетімен жүргізіп  үйренеді және бизнес процестер мен сапа стандарттарын субъектив түсінуді басшылыққа алады. Біраз уақыттан кейін олар сапалы шешім қабылдау үшін бұрыннан бар білімі жетпей, бұл қаржылық шығын қауіпін арттырады.  

Креатив саладағы кәсіпкерлік кең ауқымды білім мен дағдыларды қамтиды, оның ішінде қаржы сауаты негіздері, бухгалтерлік есеп, авторлық құқық және жаңа цифрлық құралдар және тағы басқа. Сондай-ақ маңызды дағдылардың ішінде эксперттер жобалық ойлауды және жеке көзқарастарды дамытуды айтып өтеді. Қосымша оқыту, соның ішінде онлайн форматы барлық креатив кәсіпкерге бұл проблемаға қатысты көмектесе алады.

«Менде іргелі зерттеулерге бағытталған классикалық посткеңестік зерттеу орталығын құруға қатысты міндеті тұрған жоқ. Оның орнына біз қолданбалы мәселелермен айналысамыз. Мысалы, қаланың креатив индустрияға қатысты саясатын түзетуге көмектесетін деректер жинаймыз».