Алматыда 19 қаңтарда Red Point Kazakhstan коммуникация агенттігі негізін қалаған Әсел Қожақовамен кездесу болды. Кездесуде эксперт әрі 5Q.kz-тегі курс авторы ел нарығы үшін маңызды индустрия трендтері туралы айтты. Ең маңыздыларын баяндап берейік. 

Әсел Қожақова – кәсіби маркетолог әрі коммуникация жөніндегі маман, Chartered Marketer дәрежесі бар. Кейінгі жылдары Әсел әртүрлі ел мен сектор кәсіпкерлеріне белсенді түрде кеңес беріп, оларға маркетиң және коммуникация стратегияларын әзірлеуге, қате мен өсу нүктелерін анықтауға көмектесіп жүр. 

Ұйымға маркетиң енгізетін бірнеше деңгей бар:

  • Өнімге бағдар алу — біздің өнім ең жақсысы, инновациялық және тағы басқа. Басты кемшілік – өнімді көшіріп алуға болады; 
  • Клиентке бағдар алу — аудиторияға қарай өнімді әртараптандыру; 
  • Қарым-қатынас маркетиңі — клиент өнімді сатып алған соң тағы да келетіндей ететін жағдай (ниеттестік картасы, акциялар, сервистер және тағы басқа.);
  • Маркетиң-бағдарланған компания — жоғарыда айтылғанның бәрін біріктіру. 

Жаһандық тенденцияға қарамастан, бұл деңгейлер өзгермейді, бірақ олар дамуы үшін үнемі бір нәрсені зерттеп, жүзеге асыруы керек.

Экономиканың жаһанданбауы 

Бұл салаға шағын және орта бизнестің не қатысы бар дерсіз. Пандемиядан соң қаншалық ішкі ресурстарға тәуелді екенімізді түсіндік. Ал ірі брендтер жеткізушілерге және тағы басқасына тәуелді, содан икемді емес. Қазақстанда бұл тренд қазір біз дамытып жатқан шынайы мәдени код арқылы білінді. Көптеген бренд өнімді өзі шығарғысы келеді, жергілікті өнім танымал болсын деп, соған ұмтылады. 

Ұлттық бірегейлікті іздеу

Көптеген қазақстандық жергілікті бренд өнімін сатып алып, оның танымал болғанына үлес қосып бағады. Соған сай, өндірушілер де айдентикада танымал қазақстадық белгілерді көрсетуге тырысады. Сіз Қазақстан компаниясы болсаңыз, бұл туралы айтуыңыз керек. 

Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG)

Бұл термин бізге Еуропадан келді. Ол жақта ірі бизнес әлеуметтік жауапкершілікке қатысты көзқарасын қайта қарастырып жатыр. Бұған дейін әлеуметтік жауапкершілік деген қажет нәрсе сияқты көрініп, әдетте қайырым ретінде ұсынылатын еді. Ал енді брендтер пайдалы істі түрлі бағытта дамытуға ұмтылады. 

Тіпті, шағын кофешоп болса да, клиенттерге өз шыныаяғын ұстай келіп, сусынды арзанырақ сатып алуды ұсынуға болады. Осылай, клиенттер де таңдайтын болады, оларға бренд құндылықтары маңызды бола бастайды. 

Жеке-дара ұсыныс 

Адам үшін ең сүйкімді сөз – өзінің аты-жөні. Брендер клиентін есімімен айтқаны дұрыс, бұл адамдарға аса маңызды. Әсіресе, қазіргі ірі деректер анализі жөнімен құрылған маркетиң заманында бұл өте керек. Клиентке мұқият болғанын олардың өзі де байқап, бағалайды. 

Қолданушы контенті мен геймификация 

Біз digital marketing туралы айтатын болсақ, міндетті түрде тек байқаулар немесе жылдам таралатын қалжың туралы сөйлеп отырғанымыз жоқ. Авторлық контентті жасау үшін қолданушы тартатын көптеген мысал бар. Мысалы, олардың өмір тарихы, тақырыпқа қатысты видеолар және т.б.

Геймификация — ойыннан тыс жағдайларда ойын принциптерін қолдану. Бұл өнімге немесе қызметке назар аударту үшін әртүрлі марапат, квест және жарыс болуы мүмкін. Геймификация — тұтынушылар тартатын және олардың брендке деген адалдығын арттыратын тиімді әдіс, оған әлеуметтік желілер көмектеседі.

Инфлюенсермен жұмыс істеу

Мақсатыңыз көп қаралым жинау емес, сату болса, блогерлерді іріктеп алуыңыз керек. Бұл белгілі бір аудиторияның ғана танымал тұлғалары болуы мүмкін. Бұл жағдайда жазылушылар санына емес, олардың өнімге қаншалық қызығатынына мән беру керек.

Нативке келер болсақ, ендігі бәрі жарнама контентін танып алды. Дегенмен оны да пайдалы әрі қызық етіп жасауға болады. Бұл ретте көптеген елде жарнама жариялау қазірдің өзінде реттеліп, блогерлерге аудиториясына жарнама жариялап жатқанын ескертуді міндеттейді.

Метағалам және жасанды интеллект

Ірі бизнестер қазірдің өзінде сонда кетіп жатыр. Көзді ашып-жұмағанша бәріміз metaverse-тен бір-ақ шығамыз. Сонымен қатар нейрон желілері белсенді тұрде контент жасап үйреніп жатыр. Ал чат боттары қазірдің өзінде өлең жазып, ән шығарып, сценарий жазады және тіпті іскерлік хат алмасуға көмектесіп жүр. 

Деректер қауіпсіздігі

Бұл жағдайда біз бизнеке қатысты жеке ақпарат таралып кетуі туралы айтып отырмыз. Сондықтан тұтынушы деректерін сақтайтын ШОБ өкілдері оларды пайдалану қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы керек. 

Оқыту   

Маркетиң бөлімдері бар ірі бизнестен айырмашылығы сол, ШОБ өкілдері мен жеке кәсіпкерлер көбінесе мәселенің бәрін өзі шешуге мәжбүр болады. Желіде көптеген пайдалы ақпарат бар, бірақ кәсіби оқыту бағдарламалары ілгерілеуді жылдамдатуға және білімді бірден тәжірибеге енгізуге көмектеседі.

Мысалы, Әсел Қожақова дайындаған Шағын бизнеске арналған үлкен маркетиңнің қысқаша курсы сияқты.

Оқыту бағдарламасында 9 сабақ бар. Олар әр ШОБ кәсіпкері білуі керек нәрселерді қамтиды. Курсты аяқтағаннан кейін сіз маркетиңнің негізгі тұжырымдамаларын үйренесіз, мақсатты аудиторияны анықтауды, науқан мақсатын жасауды және әлеуметтік желілердің қалай жұмыс істейтіні мен не себепті блогерлермен жұмыс істеу қажет екенін түсінесіз.