Қазір видеограф мамандығына сұраныс жоғары. Өйткені видеоконтент арқылы брендтер мен инфлюенсерлер тауарын, қызметін жарнамалап, танымалдығын арттырып жатыр. Оған қоса, видеоконтент арқылы олар имиджге қатысты проблеманы шешіп келеді. Видеографияны үйрену жайлы DAR компаниясы ұйымдастырған “Біліміңді монетизация жаса” байқауының финалына жеткен Вячеслав Тен айтып берді. 

Вячеслав өзінің былғары бұйымдарын смартфонға видеоға түсіріп, Instagram-ға сала бастағанда видеографияға қызыққан. Кейінгі 9 жылда бизнеске арналған кәсіби видео түсірумен айналысып келеді. 

Видеомейкер деген кім, ол не істейді?

Видеомейкер – видеохостингілерге, әлеуметтік желі мен телевизияға арнап видео түсіретін маман. Ол видео түсіріп, оны монтаждап, бояйды, кейде видеоның көптеп таралуы бойынша жұмыс істейді. Бұл жарнама ролигі, блог, шолу, курстар, репортаж, интервью, клип және тағы басқасы болуы мүмкін. Видеоның қай түрі болса да, жұмысқа кәсіби жабдық пен техника керек. Сондықтан видоемейкердің әуелі объективі бар камера мен постпродакшн жасауға арналған компьютер сатып алуға бастапқы капиталы болуға тиіс.

Вячеславтың айтуынша, видеоны көргеннен кейін адам компанияға, өнімге немесе қызметке қатысты көзқарасын өзгертуі керек немесе көзқарас қалыптастыруы керек. 

Негізі, видеомейкиң деген – видео өндірісінің кезең-кезеңімен жүретін процесі. Оның жұмысы толық киностудияның жұмысына ұқсайды. Видеомейкер бүкіл продакшнның жұмысын атқарып, бірнеше маманның машығын меңгереді,

– дейді Вячеслав Тен.

Видеомейкер жұмысына видео түсірумен қоса мына қызметтер кіреді:

  • трендтер мен танымал роликтерді анализдеу;
  • видео концепциясын жасау – видеоға қатысты тапсырмалармен қоса сюжетті қараған аудитория үлкен болуы керек, видео тауарды сата алуы, брендтің танымалдығын арттыра алуы қажет және тағы басқа;
  • видеоқатарды ойластыру – референсті зерттеу, кадрға қалай бөлуді ойластыру;
  • продюсер болу – локация мен актерларды іздеу, студияны жалға алу, декорация мен реквизиттерді таңдап алу және тағы басқа;
  • видео түсіріліміне режиссер болу – түсіру алаңында актерлармен/модельдермен жұмыс істеу;
  • постпродакшн – монтаждау және видеоэффектілер қосу, музыка таңдау, түсті түзету.

Видеомейкиң мен мобилографияның айырмасы не?

Басты айырмасы видеоның нәтижесінде, әсіресе картинаның сапасында жатыр. Видеомейкерлер видеоны кескін сапасы жоғары кәсіби жабдықтармен түсіреді. Ал мобайл видео түсіру арзанырақ әрі оңайырақ. Ол көбіне тік форматты жөн көретін әлеуметтік желіге сай келеді. 

Видеомейкиңде формат өте көп. Оның ішінде ұзақ видео да бар. Мысалы, YouTube-ке арналған видеоны немесе телевизияға шығатын жарнаманы смартфонда монтаждау қиын. Камераға немесе телефонға түсірілген видео сапасының айырмасы да анық боп тұрады,

— дейді Вячеслав Тен. 

Кәсіби камерамен видео түсіріп, оны монтаждап үйренген соң бұл машықты мобилографияда еркін қолдануға болады. Айырмасы видео түсіріп жатқан құралда ғана. 

Видеоны смартфонға түсіру классикалық түсірілімді ығысытырып шығара алмайды. Сапалы картинаға, әсіресе, ірі бизнес қызығады. Өйткені мұндай видео клиенттің назарын аударып, компанияны бәсекелестерден ерекшелеп тұруға көмектеседі,

– дейді Вячеслав.

Телефонда кәсіби камералардағыдай икемді баптаулар жоқ. Сондықтан мобилография үшін жылдамдық маңыздырақ, ал видеомейкиңде егжей-тегжейлі баптауға, оның картина сапасына ықпалына көп мән беріледі. 

Видеомейкиңді қайдан оқуға болады?

Бизнес иесі арасында, өзінің жеке брендін қалыптастырып жатқан эксперттер арасында видеомейкиң қызметінің сұранысы жоғары. Әр кәсіпкердің-ақ әлеуметтік желіде аккаунты бар, ал оған сапалы контент шығару керек. Оған қоса, видеомейкиң қашықтан жұмыс істеп, графикті өзің реттеуге мүмкіндік береді, – дейді Вячеслав.

Оның айтуынша, Алматыда клиенті көп видеомейкердің орташа кірісі 500 мың теңгеден бастап, машығына қарай бұл сомадан жоғарылай береді. 

Бұл мамандықты меңгеру үшін бұрынғыдай бірнеше жыл оператордың оқуын оқу қажет емес. Мамандықтың қыр-сырын онлайн үйреніп алуға болады. DAR university ұйымдастырған байқаудың арқасында Вячеслав видеомейкиңді үйрететін авторлық курс жасап шығарды. Ол өзінің көп жылғы тәжірибесін жүйелеп ұсынады. 

Курсымда әлеуметтік желіде және YouTube-те жариялауға арналған видеоконтент жасауды үйретемін. Видеомейкиң жеке брендті, бизнесті, тауар мен қызметті ілгерілету құралы ретінде оқытылады. Курс бағадарламасы жеті жасар балаға да түсінікті болады. Роликке арналған идея ойлап табуға, сценарий жасауға, продакшналды кезеңін жасауға көмектесемін,

– дейді DAR U менторы. 

Видеомейкиң курсы ролик жасау процесін толық жасап шығуды үйретеді. Оған идеяны талдау, іздеу, сценарий жазу, түсірілім кезеңін қарастыру, монтаж жасауды үйрету мен дайын роликті ілгерілету кіреді. Оған қоса, ментор портфолио мен видеографтың жеке сайтын қалай жасап, клиентті қалай іздеу керек екенін және басқасын айтып береді. 

Курс әдістемесі сапалы видеоконтент жасауға қатысты негізгі білім алып, контентті ілгерілетіп, одан ақша табуды үйретеді. Курсқа қатысатындардың жасы да, қай салада істейтіні және бұрынғы мамандығы да маңызды емес. Сабақтар видео жасауға қатысты кезең-кезеңімен оқытылады, сондықтан алған білімді практикада жүзеге асыру қиын емес,

— дейді Вячеслав. 

Видеомейкиңді үйрететін авторлық курс жақында 5Q.kz платформасына шығады. Курска түсірілім процесін білгісі келетін кәсіпкерлер де қатыса алады. Оған қоса, курс видеотүсірілімге қызығатын жас мамандарға, қосымша табыс қарастырып жүрген студенттерге және жұмысын ауыстырғысы келетін жалдамалы қызметкерлерге ұсынылады. 

Басты фото: KAL VISUALS/Unsplash