Ақшаға қатысты ережелер ұстанған адам 35 жасында-ақ зейнетке шыға алады. Демек енді адам ақша табу үшін жұмыс істемейді, керісінше ақша адамға жұмыс істейді. Бұл ережелерді инвестиция жөніндегі тәлімгер Әлібек Жалғаспаев ұсынды.

1. Әуелі өзіңе төле

Ақша түсе салысымен (жалақы, бонустар, сыйлықтар) оның белгілі бір бөлігін жинақ шотына аударыңыз (оларға тимеңіз!).

2. 3-6 айға арналған қаржы қорын жасаңыз

Бірнеше кіріс көзі болса, 3 айға қаржы қорын қамдап қоюға болады. Ал басқа адамдарды қамтамасыз етуіңіз керек болса (отбасы, туыстар), дұрысы 12 айды қамдау керек.

3. Кірісті 50/30/20 ережесі бойынша бөлу

– 50%-і қажетіңізді төлеуге (үй, тамақ, транспорт) кетеді;

– 30%-і шығын (қалаулар, той, демалыс) жабуға жұмсалады;

– 20%-і жинаққа, салымға (инвестиция) аударылады.

4. Бонус алсаңыз (болмаса, басқа да күтпеген ақша), оны үшке бөліңіз:

– 1/3 – көңіл көтеруге;

– 1/3 – зейнетақыға (болашаққа салым);

– 1/3 – кредит пен қарыз жабуға (мөлшерлемесі көбін).

5. Мөлшерлемесі көп кредиттен алшақ жүріңіз

Банктер мен микроқаржы ұйымдарында тұтыну кредиттері теңгемен жылына 56%-пен беріледі. Мөлшерлемесі көп кредитіңіз болса, оны барынша ерте жауып тастаңыз.

6. Жұмыс орнын жиі ауыстырыңыз

Статистика бойынша, жұмыс орнын жарты жыл сайын ауыстыратын адамдар бір компанияда ұзақ істейтіндерге қарағанда орта есеппен 50% көп табады.

7. Өзіңізді қымбатырақ сатуға тырысыңыз

Сізге атқарылған жұмыстар үшін немесе жұмыстың қаншалық күрделі екеніне қарап төлемейді. Басқа адамдарға бере алатын құндылық үшін төлейді. Басқаларға не қажет екенін біліңіз де, сонысын шешіп беріңіз. Әңгімелесуден дұрыс өтуді үйреніңіз.

8. Процент бойынша төлем (ипотека, кредит, бөліп төлеу, қарыз және тағы басқа) кірісіңіздің 25%-інен аз болуы керек.

9. Көлік сатып алу керек пе? 20/4/15 ережесін қарастырыңыз

– алғашқы төлем – 20%;

– 4 жылға берілетін кредит;

– ай сайынғы төлем кірісіңіздің 15%-і болуы керек.

10. Зейнет туралы қазір ойланыңыз

Зейнет деген — жас емес (60+ жас), ол уақытта жұмыс істемеуге болатындай қаржы жағдайыңыз. Зейнетке 35 жаста да шығуға болады! «Движение FIRE» дегенді гуглдан іздеп көріңіз де, кірісіңіздің белгілі бір бөлігін зейнетақыға салыңыз.

11. Қазіргі жасыңызды 120-дан алыңыз

Соңында шыққан сан сіздің инвестициялық портфеліңіздегі акцияның оңтайлы процент қатынасын көрсетеді.

Мысалы: менің жасым – 30-да. 120 – 30 =90. Демек салымның 90%-і акцияға салынады, ал 10%-і облигация мен алтынға салынады.

12. Нарықта акциялардың түсімі орташа есеппен $-мен алғанда жылына 10% болады.

Кейінгі 120 жылда осылай болды, әрі қарай да осылай жалғасуы мүмкін. Дегенмен қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жылына 8% деп есептуге болады (ұзақ уақытқа арналған перспективаны қарастырған кезде).

13. Сіздің жеке капиталыңыз

Ең жақсы дегенде Жасыңыз*Кірісіңіз (ай сайынғы) – осы есептен аз болмауы керек.

Мысалы, менің жасым – 30-да. Айлығым – айына 1 млн тг.

Демек жеке капиталым 30 млннан кем болмауға тиіс.

14. Жеке капитал (ЖК)

Дүние-мүлкіңіздің жалпы құны: ЖК=Активтер-Пассивтер

Активтер (ақша, үй, авто, құнды қағаздар және т.б.)

Пассивтер (кредит, бөліп төлеу, ипотека, қарыз)

15. Бірнәрсе сатып аларда мынаны істеңіз:

Сатып алардан бұрын 24 сағат күтіңіз. Сосын өзіңізден былай деп сұраңыз: «Бұл нәрсені шынымен алғым келе ме?» Алғыңыз келсе, алыңыз. Бұл ойламаған жерден зат сатып алудан сақтайды.

16. Уақытты ақшадан артық көріңіз

Бір сағатыңыз қанша тұратынын біліңіз. Сосын өзіңізден: «Бір сағатым осынша тұруға лайық па?» деп сұраңыз. Лайық емес болса, бірнәрсе өзгерту керек деген сөз. Әрекет етіңіз!

Басты фото: Несси Гилева