ГлавнаяБлог

Кодиңсіз IT: QA инженер кім және ол немен айналысады?

5Q-дің мансап нұсқаулығындағы тестілеуші мамандығына шолу

QA инженерлер IT өнімдерін әзірлеу кезінде қателерді түзеуге көмектеседі. Бұл пайдаланушыларға жоғары сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді. IT саласында бақ сынап көргісі келгендер бірінші осы тестілеуші позициясынан бастап көрсе болады. Бұл рас па, бүгінгі материалдан толығырақ оқи аласыз. 

Quality Assurance engineer немесе QA инженер өнімді жоспарлау, әзірлеу және қолдау кезеңдеріне қатысады. Оның міндеті – қандай да бір өнімдегі қатені мүмкіндігінше ертерек анықтау. Егер ондағы мәселе кеш анықталса, оны түзету әлдеқайда қымбатқа түседі. Өнім неғұрлым күрделі және ауқымды болса, қате де соғұрлым көп болуы мүмкін.

QA инженер мен тестілеушінің айырмашылығы неде?

Тестілеуші мен QA инженерлерді көбі шатастырады. Бұл мамандардың міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ айырмашылықтар да бар. QA инженердің міндеті – программалау және тестілеу кезінде ақауды болдырмау. Ал тестілеуші дайын өнімді тексереді.

Сонымен бірге, кей компаниялар Quality Control Engineer немесе QC позициясын бөліп көрсетеді. Бұл маманның міндеті – дайын өнім мен тапсырыс берушінің талаптары арасындағы сәйкестікті тексеру және сәйкес болмай қалса, оны түзету. Бірақ көбіне бұл міндеттер QA инженердің құзырына кіреді.

Негізінде Quality Assurance бұл – сапаны қадағалау, ал тестілеу және Quality Control – сол процестің бір бөлігі. QA инженер идеяның өміршеңдігін, тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестігін және өнімнің сапасын бақылайды. 

QA мен тестілеуші немен айналысады?

QA инженер жұмысқа өнімді әзірлеудің басынан бастап қосылады. Жоспарлау кезінде де бизнес-талдаушылармен, басшылықпен және тапсырыс берушілермен бірге өнімнің болашағын талқылайды.

QA инженерінің міндеті – мәселені шешу ғана емес, болашақта қайталанбайтындай ету. Сонымен бірге қауіп-қатерді есептейді, тестілеу процесін жоспарлайды және тест құжаттарымен жұмыс істейді.

Әрі қарай, backend және frontend-программалау кезінде идея құжаттама түрінде тағайындалады. Кейін программалаушылар тестілеу үшін альфа нұсқасын ұсынады, содан соң тестілеушінің негізгі жұмысы басталады. Ол – өнімді тексеріп, қателерді анықтау. .

Қателер түзетілгеннен кейін, өнім тестілеушіге қайта жіберіледі, сосын өнім бета-тестілеуге жіберіледі.

Автотестілеуші деген кім?

Тестілеудің екі түрі бар: қолмен және автоматты тестілеу. Бірінші жағдайда маман ақауды қолмен іздейді, ал автотестілеуші өнімді тестен өткізетін арнайы бағдарламаны іске қосады. Әдетте, автотестілеу күрделі өнімдерде қолданылады. Сол үшін автотестілеуші білікті және жоғары жалақы алатын маман қатарына кіреді.

Қолмен тексеретін тестілеуші әрлі-берлі шапқылап жүруге міндетті емес, бірақ тест-дизайн және басқа да білім мен дағдыларды қамтитын тестілеу теориясын білуі керек.

Автотестілеуші бағдарламалау тілдерінің бірін білуі керек: Ruby, Python немесе Java. Сонымен бірге тест фреймуоркінде жұмыс істей білуі керек және ағылшын тілін білгені жөн.

Мұндай қызметке қалай тұруға болады?

Тестілеушінің жұмысын кодиң білімінсіз бастай аласыз. Ол үшін QA бойынша мамандандырылған курстардан өту жеткілікті. Мысалы, 5q.kz-те жаңадан бастаушыларға арналған жедел курс бар. Курстың бағдарламасын DAR-дың сапаны бақылау жөніндегі жетекші инженері Изат Биялиев әзірледі. Кез келген адам 5q.kz платформасында жаңа мамандықты игере алады. 

QA инженер үшін тестілеудің түрлерін түсіну, сынақ моделін жобалай білу және әртүрлі сынақ дизайн тәжірибелерін меңгеру маңызды. Сондай-ақ, бағдарламалау негіздерін білу және автотесттермен жұмыс істеу тәжірибесі қажет. Жұмыста командалық тестілеу процесін оңтайландыру дағдылары және go/PHP/Kotlin/Swift/JSNMRUMM тесттерін жазу мүмкіндігі пайдалы болады.

Сынақшы үшін ұқыптылық, табандылық, ұсақ-түйекке мұқият болу және жұмысты жоспарлау қабілеті маңызды. Тестер тестілеудің түрлері мен тест-дизайн техникасын білуі, дайын өнімді қабылдау критерийлерін сипаттауы және тест құжаттамасы мен әзірлеу әдістемесінің түрлерін түсінуі керек.

QA инженері үшін тестілеудің түрлерін түсіну, сынақ моделін жобалай білу және әртүрлі сынақ дизайн тәжірибелерін меңгеру маңызды. Сонымен бірге, бағдарламалау негіздерін білу және автотесттермен жұмыс істеу тәжірибесі де болғаны жөн. Жұмыста командалық тестілеу процесін оңтайландыру дағдылары және go/PHP/Kotlin/Swift/JSNMRUMM тесттерін жазу мүмкіндігі де пайдалы болады.

Тест жүргізуші ұқыпты, табанды болуы, ұсақ-түйекті мұқият қарайтын және жұмысты жоспарлау қабілетінің болуы маңызды. Тестілеуші тест түрлері мен дизайн техникасын, дайын өнімді қабылдау критерийлерін сипаттауды және тест құжаттамасы мен программалау әдістемесінің түрлерін түсінуі керек.