ГлавнаяБлог

Қазанда шығатын фильмдердің премьералары

Күздің екінші айында отандық кинотеатрлар экранынан қандай фильмдер көре аламыз? Қолға сусын мен попкорн алып, тамашалауға арналған түрлі жанрдағы туындыларды 5Q Media тілшісі тізіп шықты. Назарыңызға ұсынамыз, мархабат! 

Просто еще один сон /Just Another Dream

Өндіріс: АҚШ, 2021

Қазақстандағы премьера:06.10.2022

Жас бойынша шектеу:16+

Ұзақтығы:92 минут

Жанр: триллер

Режиссер:Пол Шнайдер

Бала кезінде жарақат алған 14 жасар Анна Миллер аян түстер көреді. Өзіне көрген түстері біртүрлі көрінгендіктен, басқаларға айтуға батпай жүреді. Жылдар бойы сөйтіп іште сақтап келген оған, бір күні түсінде біреулердің банк тонағанын, ондағы бір қызметкерді атып кететінін көреді. Арада аз уақыт өткен соң дәл сол жағдай болады. Содан Анна анасына айтады. Бірақ ол қызына сенбейді. Ол аздай, ауруханаға жатқызады. Күндердің күнінде ем алып жатқан Анна анасы мен бауырларының көлік апатына ұшырап, қайтыс болғанын көреді. Ендігі оның бар мақсаты — жақындарын аман сақтап қалу.  

Пацанская история

Өндіріс: Қазақстан, 2022

Қазақстандағы премьера:06.10.2022

Жас бойынша шектеу:21+

Ұзақтығы:90 минут

Жанр:роуд-муви, комедия, криминал

Режиссер: Нұрсұлтан Жұмабеков

Үш дос жаңа өмір бастамаққа бекінеді. Бірақ ол жолда түрлі қиындық күтіп тұр. Рус, Тима және Қайр шекарадан заңсыз жүк өткізбек болады. Сөйтіп жоспарлағандары іске аспай, әуреге түседі. Оларға енді керегі — сәттілік.  

Сердце пармы

Өндіріс:Ресей, 2022

Қазақстандағы премьера:06.10.2022

Жас бойынша шектеу:16+

Ұзақтығы:160 минут

Жанр: драма

Режиссер: Антон Мегердичев

Орыс кінәзі Михаил мен бойжеткен Тиченің арасындағы махаббат хикаясы баяндалады. Екеуінің бірге болуына кедергі көп. Тіпті қосылуы мүмкін еместей көрінеді.

Голиаф

Өндіріс:Қазақстан, Ресей, 2022

Қазақстандағы премьера:06.10.2022

Жас бойынша шектеу:16+

Ұзақтығы:93 минут

Жанр: драма

Режиссер: Әділхан Ержанов

Оқиға Қаратас ауылында өтеді. Бұрыннан бері бұл маңды қылмыс әлемінің серкесі Пошаев билеп төстейді. Ол ауылдағылардың жұмыспен қамтып, жағдайын жасап отыр. Дегенмен бетіне келгендерді аямайтыны бар. Арзу есімді кедейдің әйелі де осындай әрекеттің құрбаны болады. Осыдан кейін Пошаев оны қамқорлығына алады. Бірақ қазаға қайғырған Арзу кек алуға талпынады. 

Апокалипсис: Дорога мертвецов/ Wyrmwood: Apocalypse

Өндіріс:Аустралия, 2021

Қазақстандағы премьера:06.10.2022

Жас бойынша шектеу:16+

Ұзақтығы:88 минут

Жанр: боевик

Режиссер:Кия Роуч-Тернер

Бұрын әскери қызметте болған Риз Аустралияның жазық даласында зомбилердің арасында өмір сүреді. Күнде таңертең бақшасын суғарып, энергия алуға пайдаланылатын пайдалы зомбилерді тамақтандырады. Ал әзірге пайдасы жоқтарын үркітіп, ресурсы толғандарын жаңасына ауыстырумен күнін бастайды. Одан соң барып, аңға аттанады. Ақырзаманнан аман қалғандарын аулап, оларды тәжірибе жасайтын хирургке өткізеді. Сөйтіп орнына күнде ішетін дәрісін алады. Бір күні Риз әлі толық зомбиге айналмаған Грейс деген қызды аулап алады да, зертханаға апарады. Бірақ артынша оның әпкесі Ризбен байланысып, оған қалайда Грейсті құтқаруға тура келеді.  

Там, где раки поют/ Where the Crawdads Sing 

Өндіріс:АҚШ, 2022

Қазақстандағы премьера:06.10.2022

Жас бойынша шектеу:16+

Ұзақтығы:125 минут

Жанр: триллер, драма, детектив

Режиссер: Оливия Ньюман

Фильм оқиғасы Солтүстік Каролинаның шалғай аумағындағы Баркли-Коув қаласында баяндалады. Жылдар бойы мұнда жігіттерді өлтіретін қыз туралы аңыз айтылып келген. Бас кейіпкер — Киа Кларк есімді жоғары сынып оқушысы. Ол аса ешкіммен араласпауға тырысады, бала кезінен бері дуана өмір кешіп келеді. Сөйтіп бір күні қалаға екі жаңа жігіт келеді де, Киа олармен дос болып кетеді. Араға көп уақыт салмай, әлгі екі жігіттің бірі қала сыртындағы батпақ жақтан өлі табылады. Содан кінәні Кларктың мойнына артады. Әрі аңызда айтылып жүрген қыз да осы Киа деген әңгіме шығады. Осы істі ашу үшін басқа жақтан тәжірибелі із кесуші келеді. 

Разговор с моим садовником/ Dialogue avec mon jardinier

Өндіріс: Франция, 2008

Қазақстандағы премьера:06.10.2022

Жас бойынша шектеу:14+

Ұзақтығы:109 минут

Жанр: комедия, драма

Режиссер:Жан Беккер

Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған, жасы да біразға келген суретші балалық шағы өткен үйге көшуге бекінеді. Үйге келген соң жұмысқа бір бағбанды алады. Артынша суретші ол кісіні танитын болып шығады….

Вершина страха/ Summit Fever

Өндіріс:Ұлыбритания, 2022

Қазақстандағы премьра:13.10.2022

Жас бойынша шектеу:16+

Ұзақтығы:115 минут

Жанр:драма

Режиссер:Джулиан Джилби

Жас экстремалдар тобы Альпідегі ең қауіпті асуды бағындырмақ болады. Бұл шыңға шығам деп талай адам мерт болғанына қарамастан, олар шегінбеуге бекінеді. Бірақ екі дос жолға шығарда ауа-райының бұзылып, қар көшкіні болатынын естімеген. Енді олардың сапары қиын болғалы тұр. 

Средневековье/ Jan Žižka

Өндіріс:Чехия, 2022

Қазақстандағы премьера:20.10.2022

Жас бойынша шектеу:18+

Ұзақтығы:126 минут

Жанр:драма

Режиссер:Петр Якл

Рим империясында қырғын қантөгіс. Жауласқандар босап қалған таққа таласып жатыр. Жалшылардың Ян есімді көшбасшысы қуатты ақсүйекті таққа отырғызбас үшін қалыңдығын алып қашып кетпек болады. Қызық осы жерде басталады.