5Q Media әлемнің 40-тан астам елін шарлаған жиһангез Руслан Меделбектің кеңесін жинап, сіздерге барынша тиімді саяхаттау жолдарын ұсынады.
- Ақша жинау
Саяхаттағы ең маңызды дүние – ақша. Қалтаңда ақша болмаса, саяхат та болмайды. Ақша жинап қана қоймай, оны басқара білу керек. 2017 жылы Тайланд, Сингапур, Камбоджа және Мальдив елдеріне бардым. Оған бір жыл бойы ай сайын депозитке 100-200 доллар салып, ақша жинадым.
- Тіл білу маңызды
Кез келген тіл саяхатты жеңілдете түседі. Егер тіл білмесе, адам өте пысық болуы керек.
- Саятты жоспарлау
Саяхатты жарты жыл бұрын жоспарласаңыз – шығын азаяды. Өйткені ұшаққа билетті ерте алып, қонақ үйге броньді ерте жасасаңыз қалтаңыздан көп шығын шықпайды. Саяхаттағы ең үлкен шығын – осы екеуі. Бұл шамамен 70%.
- Үнемдеу жолдары
Стамбұлға жүксіз ұшсаңыз кем дегенде 40 мың теңге үндемдеп қаласыз. Сосын тікелей рейстердің бағасы қымбат шығады. Оның орнына лоукост компанияларда арзан билеттер табуға болады. Дегенмен басқа қала арқылы ұзақ ұшуға да дайын болу керек.
- Күн жылы жаққа саяхаттау
Саяхатты күн жылы кезде не күн жылы жаққа жоспалау керек. Өйткені қыстыгүні шығын көп кетеді. Қалың киім бір сөмкеге сыймайтыны анық.
Саяхат барысында қауіпсіздікке аса маңыз аударған жөн. Назарыңызға кейіпкеріміздің қауіпсіздікке қатысты бірнеше кеңесін ұсынамыз.
- Саяхаттан естелік
Шетелде шопинг жасауға қарсымын. Қажеті шамалы. Естелікке сөмкеде көп орын алмайтын, саяхатты еске салатын кішкентай заттарды сатып алса жеткілікті.
Саяхат барысында қауіпсіздікке аса маңыз аударған жөн. Назарыңызға кейіпкеріміздің қауіпсіздікке қатысты бірнеше кеңесін ұсынамыз.
- Паспортқа мұқият болу
Паспортқа көздің қарашығындай қарау керек. Егер паспортыңызды жоғалтып алсаңыз, елден сол күні-ақ шығып кету керек. Болмаса, Қазақстан елшілігіне жүгініңіз. Оның өзінде полицияның көзіне көрінбеуге тырысыңыз.
- Кепіл ақша
Мысалы, шетелге 3000 доллармен шықсаңыз, үйде кем дегенде 300 мың теңге тастап кету керек. Сапар кезінде неше түрлі жағдай болып қалуы мүмкін.
- Таныстармен байланыста болу
Ата-анаңыз не жақын туыстарыңыз қайда жүргеніңізден хабардар болуы керек. Қайда баратыныңызды, жоспарыңыз қандай екенін, кіммен жүргеніңізді – бәрін айтып отыру маңызды.
- Байланыс
Барған елден міндетті түрде SIM-карта сатып алған жөн. Өйткені қай уақытта да байланыста болу маңызды. Немесе Airalo деген қосымшадан кез келген елдің SIM-картасын сатып алуға болады.
Қонақ үй таңдау
Қонақ үй таңдағанда ол жер туралы пікірлерді шолып шыққан жөн. Booking-тегі қолданушылардың бағалау жүйесіне қарау керек. Кемінде 7,5 болсын.
Add comment