ГлавнаяБлог

Naiza 43 Grand–Prix 5х5. Алғашқы топ жекпе-жегі қалай өтті?

Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza 43 Grand–Prix турнирі өтті.

Алғашқы топта Қазақстанның Dar Team және Tobet Top Team, Өзбекстанның Muradov Team және Иранның Yousefi Team командалары бақ сынады.

GRAND–PRIX жарысында ереже бойынша командалар бес салмаққа спортшыларын ұсынады. 61 және 66 келі салмақ дәрежелерінде командаларға тәжірибелі файтерлерін шығаруға рұқсат етілсе, қалған үш салмақ (70, 77, 84) жас, кәсіпқойға енді қадам басқан спортшыларға арналған.

Нұр-Сұлтан қаласының TOBET TOP TEAM командасы Иранның YOUSEFI TEAM ұжымымен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

TOBET TOP TEAM – YOUSEFI TEAM

61 келі салмақ
Султан Жолдошбек Улуу –
Киавош Долати

66 келі салмақ
Сәбит Жүсіпов –
Хамит Кианиан

70 келі салмақ
Елжан Гасанов
– Әли Нозухури

77 келі салмақ
Самандар Рузматов
– Хоссейн Гаффари

84 келі салмақ
Юрий Титоренко
– Хамидраза Әли Араб

Қос команда арасындағы текетіресте қазақстандық файтер Сәбит Жүсіповтің ирандық Хамит Кианианге қарсы жекпе-жегі аса тартысқа толы өтті. Сәбит Жүсіпов қабағын жарып алып, жекпе-жекті ерте аяқтайтын қауіп болған. Дегенмен жігерлік танытып, қарсыласын соққының астына алды. Төреші ирандық файтер қорғансыз қалғанын ескеріп, жекпе-жекте уақытынан бұрын аяқтады.

Тағы бір жекпе-жекте Самандар Рузматов қарсыласы Хоссейн Гаффариді уақытынан бұрын жеңді.

Жеңіл салмақта Эльжан Гасанов техникалық нокаутпен Әли Нозуориден басым түсті.

Ал қазақстандық ұжымның жеңісіне нүктені Юрий Титоренко қойды. Ол Хамидраза Әли Арабты үшінші раундта жеңілуге мәжбүрледі.

  • Naiza 43
  • Naiza 43
  • Naiza 43

Екінші тарапта қазақстандық  DAR Team мен Өзбекстанның Muradov Team командалары айқасты. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық ұжым 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір айта кетерлігі, бес жекпе-жектің екеуі өтпеді. DAR Team өкілі Намик Нефталиев қарсыласы салмақ жасай алмай, қазақстандық файтерге техникалық жеңіс берілді.

DAR TEAM х MURADOV TEAM

61 келі салмақ

Абу Нұрболат – Ферузбек Ишонкулов

66 келі салмақ

Ұлан Тамғабаев – Бехруз Акбаров

70 келі салмақ

Саид Агаев – Асқар Әлжанов

77 келі салмақ

Намик Нефталиев – Бабур Назруллаев

84 келі салмақ

Мустафа Нуриев – Шерали Остонов

Алғашқы жекпе-жекте Абу Нұрболат өзбекстандық қарсыласы Ферузбек Ишонкуловтен сабмишмен басым түсті.

DAR Team өкілі Ұлан Тамғабаев өзбекстандық Бехруз Акбаровпен кездесіп, екінші раундта жеңіске жетті.

Тағы бір жекпе-жекте Саид Агаев бірінші раундта Асқар Әлжановты соққының астына алып, айқасты ерте аяқтады.

Орта салмқата жұдырықтасқан Мустафад Нуриев медициналық себептермен өзбекстандық қарсыласы Шерали Остановпен жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Бірінші топтың нәтижесі:

  1. Tobet Top Team  — 27 ұпай
  2. Dar Team  — 16 ұпай
  3. Muradov Team — 4
  4. Yousefi Team  — 0

Екінші ширек финалдық топта Қазақстанның Takhtay Team және Erkin Kush командаларынан бөлек Ресей мен Бразилиядан келген аралас жекпе-жек шеберлері сегізбұрышқа шығады.

Naiza 43 Grand – Prix турнирінің жүлде қоры қомақты. Финалда жеңіске жеткен ұжым 25 миллион теңгені иемденеді.