ГлавнаяБлог

Grand–Prix. 40 файтер бақ сынайтын бәсеке

10 қыркүйек күні көптен күткен аралас жекпе-жектен Naiza 43 турнирі өтеді

Гран-Приге сегіз командадан 40 жауынгер қатысады. Алғашқы айналымда Қазақстанның Dar Team және Tobet Top Team, Өзбекстанның Muradov Team және Иранның Yousefi Team командалары бақ сынайды.

Ширек финалда командалар өзара кім мықтыны анықтайды. Бір жақта қазақстандық Dar және өзбекстандық Muradov командалары айқасса, екінші тарапта тағы бір қазақстандық Tobet Top пен ирандық Yousefi командалары кездеседі.

GRANDPRIX жарысында ереже бойынша командалар бес салмаққа спортшыларын ұсынады. 61 және 66 келі салмақ дәрежелерінде командаларға тәжірибелі файтерлерін шығаруға рұқсат етілсе, қалған үш салмақ (70, 77, 84) жас, кәсіпқойға енді қадам басқан спортшыларға арналған. Бұл — бәсекелестіктің көтерілуіне, жарыстың одан сайына қызық болуына себеп.

Naiza 43

Naiza лигасының матчмейкері Жандарбек Кисимовтің сөзінше, Grand – Prix турниріне жақын және алыс шетелдің мықты спортшылары келеді.

Бастапқыда Қазақстаннан төрт, шетелден төрт команда қатысады деп жоспарлағанбыз. Олар: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Бразилия. Алайда Қырғызстан қатыса алмайтын болып, орнына Иран командасы келді. Өзбекстаннан Muradov Team бақ сынайды. Махмуд Мурадовтың командасы көрші елдің үздігі саналады. Yousefi Team де — Иранның мықты командаларының бірі.

Жанкүйерлер отандық спортшылардың жекпе-жегін асыға күтіп жүр. Атап айтқанда, Ұлан Тамғабаев, Сәбит Жүсіпов сияқты тәжірибелі файтерлер бағын сынайды.

Сондай-ақ Naiza лигасы жанкүйерлерге керемет жекпе-жек дайындады. Ресейде атышулы Корней Тарасов Қырғызстан өкілі Ислам Эгембердиевпен қолғап түйістіреді.

Naiza 43

NAIZA 43 турнирінің толық карды төмендегідей:

61 келі салмақ

Корней Тарасов (Ресей) — Ислам Эгембердиев (Қырғызстан)

DAR TEAM х MURADOV TEAM

61 келі салмақ

Абу Нұрболат — Ферузбек Ишонкулов (1-1)

66 келі салмақ

Ұлан Тамғабаев (9-7) — Бехруз Акбаров (Дебют)

70 келі салмақ

Саид Агаев (Дебют) – Елжан Әлжанов (Дебют)

77 келі салмақ

Намик Нефталиев (Дебют) — Бабур Назруллаев (2-0)

84 келі салмақ

Мустафа Нуриев (Дебют) — Шерали Остонов (Дебют)

TOBET TOP TEAM — YOUSEFI TEAM

61 келі салмақ

Султан Жолдошбек Улуу (15-2) — Киавош Долати (Дебют)

66 келі салмақ

Сәбит Жүсіпов (12-3) — Хамит Кианиан (Дебют)

70 келі салмақ

Елжан Гасанов (Дебют) — Әли Нозухури (5:2)

77 келі салмақ

Самандар Рузматов (1:0) — Хоссейн Гаффари (Дебют)

84 келі салмақ

Юрий Титоренко (1-0) — Хамидраза Әли Араб (Дебют)

Naiza 43

Турнирде жанкүйерлер 10 жекпе-жек көреді. Соның нәтижесі бойынша көп ұпай алған командалар жартылай финалға өтеді.

Екінші ширек финалдық топта Қазақстанның Takhtay Team және Erkin Kush командаларынан бөлек Ресей мен Бразилиядан келген аралас жекпе-жек шеберлері сегізбұрышқа шығады.

Naiza 43 Grand – Prix турнирінің жүлде қоры қомақты қаржыны құрайды. Финалда жеңіске жеткен ұжым 25 миллион теңгені иемденеді.

Еске салайық, Naiza 43 турнирінің тікелей эфирі 10 қыркүйек күні 18.00-де басталады. Жарысты 5Q қолданбасы мен Naiza TV YouTube-арнасынан көре аласыздар.