ГлавнаяБлог

Программалаушының жаттығуына ыңғайлы 7 сайт

Үздік программалаушы болудың жалғыз сенімді жолы - программалауды, есептер шығаруды тоқтатпау. Программалауға жаттығу үшін ыңғайлы алаң болғаны жөн. 5Q Media дәл осы мақсатқа орай 7 сайтты ұсынады.

LeetCode

Жаңа жұмысқа тұрайын деп жүрсеңіз, Leetcode — нағыз сізге қажет құрал. Онда техникалық сұхбатқа дайындалуға болады. Сонымен бірге сайтта тапсырманың дұрыс-бұрысын қадағалайтын маман да бар. Қажет болса, сұхбаттасушы ретінде бағыңызды сынап көріңіз.

LeetCode
LeetCode.

Coderbyte

Бұл сайт та сұхбаттасуға көмектеседі. Сайтта 200-ден астам сұрақтың жауабын білуге болады. Сонымен бірге басқа программалаушылардың шешімдерін көре аласыз. Ресурс одан басқа информатика және уеб-әзірлеу курстарын ұсынады.

Coderbyte

HackerRank

Сайттағы тапсырмалардың деңгейі сәл күрделі. Мұнда программалаудан бөлек, алгоритмдер, математика,  SQL, AI және басқа да салаға қатысты мәлімет бар. HackerRank ұжыммен бірге программалауға да мүмкіндік береді. 

Topcoder

Topcoder — орташадан жоғары деңгейдегі IT мамандарға арналған алаң. Бұл — кодтауға арналған алғашқы сайттардың бірі. Онда басқа программалаушылармен есептерді шешуден жарыса аласыз. Қорытындысында ақшалай жүлде беріледі. Сонымен Single Round Match байқауына қатыса аласыз. 

Topcoder
Topcoder

Codewars

Бұл сайтта Ruby, JavaScript, Java, Python, Clojure, CoffeeScript, C# , Haskell тілдерін қолданып жаттыға аласыз. Онда алгоритмдік және практикалық есептер беріледі. Әр есепті шешкен сайын дұрыс жауабын көре аласыз. 

Codewars

Programming Praxis 

Бұл — блог. Сайтта көптеген қызық тапсырма бар. Шешімін программалаудың бірнеше тілінде тексеруге болады. 

Programming Praxis

Codeforces

Topcoder-дің орысша аналогы. Бұл — қиын тапсырмаларды шешкенді жақсы көретін программалаушылардың қауымдастығы. Мұнда түрлі жарыс, байқаулар болып тұрады. Жеңімпазға ақшалай сыйлық беріледі. Сайттың негізін қалаушылар Codeforces-ті программалау жарыстарына арналған әлеуметтік желі, деп таныстырған. 

Codeforces