ГлавнаяБлог

Кез келген жағдайда жеңіс: Асу Алмабаевтын Бахрейндегі жекпе-жегі несімен есте қалды?

Бастапқыда жекпе-жек Бразилияда өтуі керек еді, бірақ ұйымдастырушылар оны Бахрейнге ауыстырды. Асу Алмабаев жеңіл салмақтағы қазақстандық ММА-дағы ең перспективті жауынгері деп аталады. Оған он екінші жеңіс оңай соқпады, оны төрешілердің бөлек шешімінің нәтижесі бойынша бағалауға болады – 29:28, 28:29, 29:28. Асу Алмабаев 5Q арнасына берген сұхбатында жекпе-жек туралы толығырақ айтып берді.

 — Асу, соңғы жекпе-жекті қалай бағалайсың?

Орташа деп бағалаймын өз-өзіме толықтай қанағаттандым деп айта алмаймын, бірақ ең бастысы жеңіс. Аллаға шүкір еңбегіміз ақталды, бірақ әліде көп жұмыс істеу керек, үйрен де жирен.

— Орынның өзгеруі сізге әсер етті ме?

Орын өзгеруі әсер етпедi, уақыт өзгеру әсер етті, Бахрейн елі бiзден қатты алыс емес, уақыты тек 3 сағат артқа. Олар сол жерде Бразилияның уақытымен жекпе-жек ұйымдастырды. Таңғы 5 те төблесу ынғайсыз болды, қалғаны бәріне Аллаға шүкір жақсы болды.

— Қарсылас туралы не айта аласыз?

Қарыслас өте тәжірибелі, осындай бiр сақтықпен шығуға тура келетін қарсыластардың бірі болды. Келесі жекпе-жектерде ашылып, дурыстап төблесеміз.

— Сіз төрешілердің шешімімен келісесіз бе?

Төрешілер шешіміен толықтай келісемін. Бірінші жекпе-жек біткен кезде келіспегенмін,сол кезде менің қолымды көтерді Алланың қалауымен. Бірақ кеіннен жекпе-жекті толықтай қайталап қарасам қателіктер көп екеніне көзім жетті.

Төрешілермен толықтай келісемін.

— Келесі кіммен жекпе-жек өткізгіңіз келеді?

Келесі жекпе-жегім Brave-те соңгы жекпе-жегім деп ойлаймын. Кез келгенімен  кездесуге дайынмын, мен Brave-те қарсылас таңдамадым, бәрібір мыктырағын береді деп ойлаймын.