ГлавнаяБлог

Көңіл-күйім жоқ па, әлде депрессиядамын ба?

ДДҰ-ның мәліметінше, депрессия - 280 миллионға жуық адамға әсер ететін, ең көп таралған психикалық бұзылыс. Қазақстанда кем дегенде 800 мың адам депрессияға шалдыққан. Депрессия жылдарға созылуы мүмкін және жиі қалыпты жағдайға айналып кетеді. Мұндай кездерде адам көбіне маман көмегіне жүгінуге ұялады.

Депрессияны қалай тануға болады?

Кез келген адамға депрессияға түсіретін ой келеді. Олардың кейбірі тіпті пайдалы, өмір шындығын, оның шектеулі екенін және психологиялық саулығыңызға қамқорлық қажет екенін еске салады. Бірақ уақытша жабығудан, торығудан айырмашылығы — депрессия ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. 

Өне-бойды басып алған мұң, болашақ туралы күңгірт, пессимист ой, өзін төмен бағалау, үнемі кінәлау және назар аудара алмау — психикалық бұзылудың ықтималдығын көрсететін белгілердің кейбірі ғана. Депрессия ұйқының бұзылуымен, апатиямен, тәбеттің төмендеуімен, салмақ жоғалтумен немесе салмақтың артуымен қатар көрініс беруі мүмкін. Егер бұл белгілер 2 аптадан астам уақытқа созылса, алаңдаушылық тудырады.

Депрессия кез келген травматикалық жағдайдың және физиологиялық себептердің нәтижесі болуы мүмкін. Сонымен қатар әйелдер ерлерге қарағанда депрессиядан бір жарым есе жиі зардап шегеді. Бұл ең алдымен репродуктив функцияның биологиялық факторларына және гормонал өзгерістерге байланысты. Маусымдық аффектив бұзылыс күзде және қыста көңіл-күйдің өзгеруіне, құбылуына әсер етуі мүмкін.

Жынысқа қарамастан психикалық ресурс шаршағандықтан таусылады, бұл созылмалы шаршауға әкеледі. Егер бір уақытта ештеңе жасалмаса, эмоциялық фон төмендей бастайды, содан депрессия дамуы мүмкін. Беріліп жұмыс істейтіндерде осыдан кейін эмоционал күю басталады. 

Біз бәріне үйренеміз. Әсіресе басқа дүниетаным сізге таныс болмаған кезде мұндай күйде өмір сүру әдеті психика үшін норма болып көрінеді.

Ақпараттық технологиялар ғасырында құндылықтарды алмастырып жатырмыз. 

«Физикалық саулық басқа адамдардың өмірінің, эмоциясының, жетістіктерінің және тағы басқаларының проекциясымен алмасады. Адамдар Instagram-дағы «жұлдыздардың» өмірін өзінікімен салыстырып, жеке қызығушылығына аз көңіл бөледі, көбіне өзіне көңілі толмайды. Мұндай салыстыру көңіл-күйді түсіреді, өміріне көңілі толмаған адам депрессияға бейім болады», — дейді психотерапевт Елена Лаврова. 

Депрессиядан шығуға не көмектеспейді? 

Ең әуелі, көмек сұрауға кедергі келтіретін және сезіміңізді құнсыздандыратын жалған көзқарастар көмектеспейді. Мысалы, «Психикасы дұрыс емес адамдар ғана психологқа жүгінеді» деген түсінік тараған. Депрессия эмоциялық жағдайдың бұзылуына әсер етсе де, интеллектіге, тұлғаға және ойлауға әсер етпейді. 

Алкоголь де көмектеспейді. Өкінішке қарай, ішу жағдайды тек ушықтырады. Алкоголь апта сайынғы эндорфиндердің бөлінуін тудырады, содан кейін оны нашарлатады. Ал оны қалпына келтіру үшін уақыт қажет.

«Көңілді, назарды басқа жаққа аудару керек, сонда депрессия өзі тарқайды» деген де түсінік бар. Психологиялық жағдайды қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін және психологқа бір рет қана бару жеткіліксіз болып жатады. Орташа алғанда, емделу аптасына бір сеанстан бір айдан 3 айға дейін созылады. Әркім әртүрлі және кейбір адамға ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін. 

Адам өзіне қалай көмектесе алады? 

Сарапшылар жеңіл депрессия кезінде әуелі өмір салтын түзетуге кеңес береді. Биологиялық сағатты қалпына келтіріп, сағат 00.00-ге ұйқыға жату керек. Ағза дәл 00.00-ден 2.00-ге дейін дене бақыт гормоны — серотонинді шығарады. Егер ол жетпесе, күндізгі уақытта көңілде алаң мен күйгелек күй артады. Мысалы, түнгі ауысымда жұмыс істейтін медбикелер арасында депрессия кәсіпке тән ауру болып саналады.

Салауатты ұйқы үшін эндорфиндердің дұрыс бөлінуіне көмектесетін физикалық белсенділікті арттыру керек және рационға өсімдік тағамдарын көбірек қосуға болады. Депрессия әр адамда әртүрлі емделеді, ерекшелігіне, болмысына байланысты түрлі тәсілді қолдану керек. Психологқа жүгіну алаңды бірте-бірте бәсеңдетуге және депрессияны тудырған мәселелерді түсінуге көмектеседі. 

«Ашық белгілермен қалыпты эмоциялық фонды қалпына келтіру үшін алдымен психотерапевтік сеанстар жүргізіледі, содан кейін олар бұл жағдайға не себеп болғанын анықтайды. Егер депрессия кезінде негізгі себептермен жұмыс істей бастасаңыз, оны тек күшейте аласыз. Біз экологиялық дұрыс емдеуге ұмтыламыз», — деп түсіндіреді Елена Лаврова. 

Кейде дәрігер антидепрессанттарды тағайындай алады, ондағы мақсат — адамның эмоциялық жағдайын түзету. Оларға қажеттілік ағза эндорфиндерді немесе басқа гормондарды жеткілікті бөле алмаған болған кезде туындайды. Бірақ антидепрессантты дәрігер тағайындауы керек, дәрі-дәрмектерді қабылдау әдетте психотерапиямен қатар жүреді. 

«Бүгінгі таңда психотерапия (когнитив мінез-құлық, гештальт, транзакциялық талдау және тағы басқалары) және антидепрессанттардың көмегімен депрессиядан шығу уақыты шамамен бірдей екенін көрсететін зерттеулер бар. Жағдай мүмкіндік берсе, психотерапия бастаған жөн. Егер 2-3 сеанста оң динамика пайда болса, онда дәрі-дәрмексіз де жұмысты жалғастыруға болады», — дейді дәрігер.