ГлавнаяБлог

Стартаптарға no-code не үшін қажет және оны Қазақстанда қайдан үйренуге болады?

No-Code - бағдарламалаудағы қызық трендтердің бірі, әсіресе Еуропа мен АҚШ-та сұранысқа ие. Ноукодиң уақыт пен ресурстарды үнемдеуге көмектеседі, қазір ТМД елдеріндегі әзірлеушілер арасында танымалдылыққа ие болып отыр. Тіпті Astana Hub IT технопаркінің базасында кез келген адам жазыла алатын тегін no-code курстар ашылды.

No-code дегеніміз не және ол не үшін қолданылады? 

Бұл — бағдарламалаусыз, іс жүзінде дайын шешімдерден ІТ-өнімдерін әзірлеу тәсілі. Нокодиңнің сипатты ерекшелігі — бағдарлама жазуды білмейтін пайдаланушылар үшін қарапайым және қолжетімді. Ноу-кодтың қарапайым мысалы — Wix, Tilda және Vigbo сияқты уеб-сайттарды құрастырушылар. Оларды лендиң, интернет-дүкендерді және тағы басқаларын жасау үшін пайдалануға болады. Бірақ ноукодиң мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді. 

Тәжірибелі кодерлер қарапайым лендиңмен қоса қолданбаларды, дерекқорларды, CRM-жүйелерін және мобайл боттарды жасайды. Ең танымал Bubble, Adalo және Glide кодсыз платформалары бұл нишаны мықтап жаулап алды. Олармен жұмыс істеуді бастау үшін жеке аккаунт жасап, жазылу керек. Кодсыз платформалар стартаптар үшін өте қолайлы, өйткені оларды аз немесе мүлдем инвестициясыз өміршең өнімді жасау үшін пайдалануға болады. Бұл тәсіл ақшаны жоғалту қаупінсіз бизнес-идеяны немесе IT-бағдарламаны сынауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кодсыз режим қысқа уақыт ішінде бар бизнесіңізді кеңейтуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді. 

Мәселен, Squares.kz стартапы үй-жайды жалға алу қызметінің негізгі нұсқасын жасау үшін ешбір кодты пайдаланбаған. Екі алматылықтың жобасы 100 мың доллар инвестиция тартып, белсенді дамуын жалғастырып отыр, тіпті Қазақстаннан тыс жерлерде де.

Қазақстанда No-code бойынша курсты қайдан оқуға болады? 

Қазақстанда IT-стартаптар технопаркінің базасында Astana Hub онлайн ноукодиң мектепті іске қосты. Экспресс курс 2 айға созылады және орналасқан жері мен бағдарламалау тәжірибесіне қарамастан барлығына қолжетімді. Мектеп үш буынды өткізіп, 700-ден астам оқушыны оқытады және сабақты жалғастырады. 

No Code School – отандық стартаптарды қолдауға арналған Astana Hub-тың жеке жобасы. Курс әртүрлі конструкторды пайдаланып MVP (ең төменгі өміршең өнім) құруды үйретеді. Технопарктің стартап-инкубациялық бағдарламасына ноу-код енгізу идеясы 2020 жылы, шетелде кодсыз қозғалыс енді ғана қарқын алған кезде пайда болды. Бірақ оған ешкім мән бермеді.

Біз идеяны ұсыну, гипотезаларды тексеру және стартаптарды іске асыруға дейін жеткізу бағыты бойынша тамаша жұмыс істедік. Бірақ MVP кезеңіне жобаларды әзірлеу қиын болды. MVP кодсыз негізде жасалатын ең жылдам екенін түсініп, оны инкубатор бағдарламасына қосуды ұйғардық, — дейді Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің аға менеджері Дәулет Беймурзинов. 

Мектеп Bubble, Tilda, Webflow, Adalo, Integromat және Glide сияқты платформаларда жұмыс істеуді үйретеді. Студенттерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: ноу-код құралдарды меңгеріп, no-code developer ​​сияқты фрилансер ретінде жұмыс істегісі келетіндер және стартаперлер. Курс барысында олар ең батыл идеяларды сынап, жобаның нишасын таба алады. 

«Бізде нақты платформаларды тереңдетіп зерттеумен бір апта бойы қарқынды жаттығулар өтті. Бірақ қазір қатысушы жобасының тапсырмалары үшін қай платформа қолайлырақ екенін түсінуі үшін барлық құрал туралы негізгі білімді береміз. Студент ноукодиң негіздері мен принциптерін түсініп, оны зерделей алады», — дейді Дәулет Беймурзинов. 

Курс қатысушыларына жетекші IT-компанияларда жұмыс істейтін сертификатталған тәлімгер-мұғалімдер сабақ береді. Курстарға әртүрлі мамандық өкілі, сонымен қатар IT емес мамандықтардың студенттері мен мектеп оқушылары тіркеледі. Сондай-ақ мектепте жас шектеуі жоқ, мысалы жасы 50-ден асқан оқушылар да оқиды. 

Біздің студенттерге басқа курстарды сатып алудың қажеті жоқ. Бүгін олар лендиң жасайды, ал ертең күрделірек ауқымды жобаларды іске асырады, — дейді маман.

2022 жылы курс 3 айға созылады, өйткені жаңа бағыт – low-code (кодты минимал қолданумен бағдарламалау) қосылады. Low-code кодсыз функция жобаны кеңейту үшін жеткіліксіз болған жағдайда ыңғайлы. Мектепке түсу үшін Astana Hub уеб-сайтында өтініш беру керек. Өтінім мақұлданғаннан кейін студенттер Astana Hub LMS білім беру платформасына қол жеткізе алады, онда сабақтар өтеді. 

Қазақстандық ноу-кодерлердің жетістіктері 

No Code School түлектері өнімдерін нарықта белсенді түрде дамытып келеді. Кейбіреуі уеб-сайттар, басқалары пайдалы қолданбаларды жасайды. Мысалы, zerokode (ноу-код негізіндегі IT-өнімдерін әзірлеу қызметтері); TheCube (мамандандырылған пәндерге арналған білім беру орталығы); NextGMUN (Next Generation MUN халықаралық конференциясының лендиңі); netboom (уеб-сайтты жылжыту және әзірлеу қызметтері); My House kz (тұрғын үй кешендерін ұстауды оңтайландыруға арналған қосымша).

Мектеп қатысушыларынан басқа, Astana Hub-та өзінің ноу-код және лоу-код платформаларын іске қосқандар да бар. Жарқын мысал — AppMaster.io әмбебап платформасы, ол уеб және мобайл қолданбаларды жасауға, сондай-ақ бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазір өнім танымал Product Hunt IT-платформасында орналастырылған және сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.