ГлавнаяБлог

Перфекционизмнен гөрі әрекет жақсы: бизнесті өз күшіңмен қалай дамытуға болады?

Кез келген бизнес кішкентайдан басталады. Apple гаражда басталды. Harley, Disney, Mattel, Amazon сияқты алпауыт компаниялар да ісін сонда бастады. Кәсіпті қалай жүргізу керек, не үшін бизнеспен айналысу қажет және шабытты қайдан іздеу керек? Бұл туралы GoViral фестивалінде Силикон алқабының кәсіпкері, Aspira Consulting негізін қалаушы, коуч және подкастер Оскар Гарсия айтты.

Қасапшының баласы

Google, LinkedIn, Microsoft және Meta сияқты компаниялар орналасқан Силикон алқабында, Маунтин-Вьюде дүниеге келдім.Ата-анам — мексикан, әкемнің мектеп білімі бар болғаны бір сынып болды. Жазуды да, оқуды да білмейтін, ағылшын тілін мүлде білмеген. Сондықтан мектепте әкемнен сабаққа көмектесуін сұрай алмадым. 

Ол қасапшы болған. АҚШ-та отбасым демалыс күндері ет сататын. Заңсыз. Бізде қажет рұқсаттар мен сертификаттар болмады, әрине бізде полициямен үнемі проблемалар туындайтын. Маған бұл ұнамады, мұның бәріненұялдым. 

Калифорния мектептерінде асханаларда екі кезек бар — аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін тамақ беріледі, олардың жанында ақшасы көп басқа студенттер тұрады. Мен бірінші қатарда тұрдым, сол үшін де қатты ұялдым. Бірақ бүгін өткенге көз жүгіртсем, бүкіл тәжірибе маған көптеген өмірлік сабақ берді. Соның ішінде мансап жағынан да. 

Қазір бизнесіңіздің көлемі маңызды емес, арманыңыздың қаншалықты үлкен екені маңыздырақ. 

Мансап жолымды IT-индустриясында бастадым, онда бес түрлі стартапта 12 жыл жұмыс істедім. 1,5 жыл сайын стартап жабылды немесе оны біреу сатып алды. Мен сату саласында жұмыс істедім, ал сатушылар мен маркетологтар әрқашан бірінші болып жұмыстан босатылады. Бір кезде үнемі жұмыстан қуылғаннан шаршадым. Осылайша мен Сауда-өнеркәсіп палатасына (USCC-ке)бардым, онда 7 жылға жуық жұмыс істедім. WhatsApp Маунтин-Вьюге көшкен кезде мен Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры ретінде лентаны қидым.

Содан кейін қайтадан өзгерісті қаладым және мен LinkedIn-де қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер ретінде жұмысқа орналастым. «Сол жерде жұмыс істей жүріп, кәсібімді ашамын» деп шештім, қазір мансап және кәсіпкерлік бойынша кеңес беріп жатырмын. 

Сенетіндер аз, бірақ мен интровертпін. Көпшілік алдында тек экстраверттер ғана өнер көрсете алады деген пікір бар, бірақ бұл олай емес. Жасыңыз 40-тан сәл асса да,бойыңызда бірдеңені өзгертуге әбден болады.Жасым 53-те, үнемі өзгеріп отырамын.

Бизнесті бастамас бұрын өзіңізге қоятын 10 сұрақ: 

  1. Идеяңыз сізге қаншалықты шабыт береді?Істеп жатқаныңыз сізге қаншалықты ұнайды?
  2. Алғашқы сатылымдарды қалай жүргізуге болатыны туралы қадам-қадам бойынша жазылған жоспар бар ма? 
  3. Сізге бизнес бастауға қанша уақыт қажет? Кейбіреу үшін негізгі жұмыстан бір-екі сағат бос уақыт бөлу жеткілікті. Бұл бәрі онлайнболғанда әбден мүмкін. 
  4. Сізге қанша ақша керек?Тренингтібастау үшін маған көп қаражат қажет емес еді. Тек уақыт керек болды. 
  5. Сіздің бизнесіңіз қанша ақша әкеледі? Ол инвестициялық шығындарды өтей ме?
  6. Бұл бизнесті жүргізу қаншалықты оңай? Менің кез келген жерден жасай алатын бизнесім бар. Мүмкін бұл сіз үшін де маңызды. 
  7. Жауапкершіліктерді автоматтандыру немесе тапсырма беру қаншалықты оңай? Біреу «жақсылық жасағың келсе, өзің істе» деген мақалды басшылыққа алады. Басқалар үшін бизнестің олардың қатысуынсыз жұмыс істеуі маңызды. Барлығы әртүрлі. 
  8. Бизнесіңізді кеңейту қаншалықты оңай?Бизнес үлгіңіз тек бір аймақта жұмыс істей ме? 
  9. Бизнестен кету қаншалықты оңай? 
  10. Болашақта бизнесіңізді сата аласыз ба? 

Ақша VS құндылықтар 

 «Миллионер болу үшін бизнес бастау» деген ой әуелдендұрыс емес. Осылай көп ақша табуға бола ма? Сөзсіз. Бірақ бір сәт соның кесірінен бақытсыз боласың. Сол себепті: 

Кәсіпкердің жолын елестетейік: 

— Кәсіп бастап, одан шабыт алып, өркендеп келе жатқаныңызды сезінесіз. 

— Жоспарларыңызды достарыңызбен, ата-анаңызбен бөлісесіз. Оқуыңды тастама, жұмыс істе деп кеңес береді. Сіз күмәнданасыз, мотивация жоғалады. 

— Алғашқы сатылымдар жүріп жатыр. «Ура, менің өнімімді біреу сатып алды!» деп ойлайсыз.

— Клиент сізге телефон соғып, ақшасын қайтаруды талап етеді. Қайтадан құлау. Бизнес — бұл эмоционал тербеліс және сіз олармен күресе білуіңіз керек. Егер өзіңізге ұнамайтын нәрсені істеп жатсаңыз, эмоциялармен күресу әлдеқайда қиын болады. 

Болашақ кәсіпкер нені ескеруі керек? 

  • Үнемі кері байланыс іздеңіз. Мен әрқашан кері байланыс сұраймын және осылайша жақсартамын. 
  • «Қалай?» деген сұраққа икемді болу керек және «неге?» деген сұраққа табанды жауап беру керек.
  • Сіз шешіп жатқан мәселені жақсы көруіңіз керек.Ол үшін сізге ешкім ақша төлемесе де.
  • Жеке нетуоркиңді дұрыс бағалаңыз. Жақын адамдардан бастап, таныстар шеңберін құрыңыз. 
  • Шабыт іздеуді, күтуді тоқтатыңыз.Жоғарыда айтқанымдай, мен интровертпін және мен тренингтерденшабыттанбаймын. 

Жеке бизнесті қалай дамытуға болады? 

  • Перфекционизмнен гөрі әрекет маңыздырақ

Бұрын бір нәрсені бастамас бұрын оны үздіксіз зерттейтінмін, интернеттіақтардым, жүздеген адаммен сөйлестім. Содан кейін өмір өзі жалғаса берді. Менің жеке шаруаларым пайдаболды, сөйтіп идеяларымды іске асырмай жатып ұмытып кеттім. 

Бірақ бір сәтте: «Жетеді» деп шештім. Жардан қанатсыз секіремін, төмен қарай ұшып бара жатқанда, оларды қалай өсіру керегін түсінемін». 

  • Жеке бренд 

Ол 4 элементтен тұрады: 

Біріншісі — офлайн және онлайнимидж. 

Екіншісі – миссия.Неүшін нені істеп жатырсың.Бизнесконтексте бұл сұрақбылай: «Компанияңыз тұтынушыға не береді?». Менің миссиям — мүмкіндіктер сізді табу үшін сізді босату. 

Үшіншісі — құндылықтар.

Төртіншісі – көзқарасыңыз. Қайда бара жатырсыз және соңында неге қол жеткізгіңіз келеді? Көзқарасыңызды басқаларға жеткізе аласыз ба? Бір мысал келтірейін: 12-15 жыл бұрын Силикон алқабында екі адам инвесторлардан ақша сұрауға барған. Олардың бір идеясы болды — бейтаныс адамдардан басқа бейтаныс адамдарға көлік беру үшін көліктерін пайдалануды сұрау. Бүгінде бұл компания Uber деп аталады. 

  • Іскерлік бренд 

Бизнесіңіздің бренді сіздің жеке брендіңізге сәйкес келеді, керісінше емес. Бизнесіңіз миллиондаған долларлық бизнеске айналғанша, адамдар сізден жеке сатып алады. Жоғарыда имидж, миссия, құндылықтар және көзқарас туралы айттым. Бұл бизнес үшін де жұмыс істейді. Егер сіз жеке және іскерлік брендтерді үйлестіре алсаңыз, бұл тамаша одақболады.

Қарым-қатынас әрқашан бизнестен жоғары тұруы керек.

Сату керек пе?Беру керек 

Әрқашан сатуыңыз керек — америкалық компанияларда жиі еститінім. Бірақ бұл мүмкін емес. Мен оларға: «Сіз әрқашан беруіңіз керек»деп айтамын. Өйткені бірдеңе бергенде өзіңді дамытасың. 

  • Жеке даму

Бұл – көп адам мән бермейтін тағы бір мәселе. Жеке даму маған «қалың тері» деп атайтын нәрсені құруға көмектесті. 

  • Нетуоркиң

Қарым-қатынас маңызды, бірақ одан да маңыздысы — қарым-қатынастарды сақтау және дамыту. Бір күні бұл адамдар сізге көмектесе алады. Орта мектепте 7-8 жыл сабақ бердім, бүгінде шәкірттерім ірі компанияларда жұмыс істейді. Олар мені еске алып, мезгіл-мезгіл өздерімен тренинг өткізуге шақырады. 

  • Кәсіпкерлік сана 

Бұл нені білдіреді? Біріншіден, бұл — үлкенді армандау.Кейбіреу: «Армандама, өйткені ол орындалмаса, ренжіп қалуың мүмкін» дейді. Бірақ мен теледидар алдында диванда отырып өлгенше, бірдеңе істеуге тырысқаным дұрыс. 

Екіншісі – қызмет көрсету.Кез келген жұмысқа дайын болыңыз және адамдарға көмектесіңіз. 

Үшіншіден, жоғары және одан асып кетуге дайын болу. 

Төртінші – сабыр.«Микротолқынды ойлау» деген ұғым бар. Бұл микротолқынды пеште қыздыру сияқты өмірге жылдамкөзқарас — екі минут және сіз аяқтадыңыз. Менің интроверттік комфортаймағымнан шығуыма қанша уақыт кеткенін білесіз бе? 25 жыл. 

Бесінші – өзін-өзі қамтамасыз ету. Өзіңізді басқалармен салыстыруды доғарыңыз. Біз мұны жиі жасаймыз. Әсіресе,әлеуметтік желіде. Мен басқалардың проблемаларын білмеймін, олар менікі туралы білмейді. Әркімнің өз жолы мен қарқыны бар. 

  • Жаңа дағдыларды үйреніңіз 

Білім тек университетпен ғана шектелмейді. Ештеңе үйренбесеңіз, құлдилайсыз. 

  • Оқиғаңызды бөлісіңіз

Өзіңіз және бизнесіңіз туралы сөйлесуді үйреніңіз. Сізге ыңғайлы платформаны таңдаңыз. Мен үшін №1 — LinkedIn. Мүмкін сізге TikTok, Instagram немесе Facebook сәйкес келеді, мүмкін бұл Twitter болады.
Негізі контент жасау өте оңай. Мысалы, мен конференцияда сөйлеп, телефоныма жазып алдым. Видеоны YouTube-ке жүктедім. Содан кейін аудионы шығарып, подкаст жасадым. Сол жерде суретке түсіп, күлкілі коллаж жасап, инстаграмға жарияладым. Сонымен қатар, LinkedIn үшін тағы бір маңызды фотосурет түсірдім. Бір оқиғадан төрт контент. Кейбіреу бұны кәсіби емес деп айтуы мүмкін, бірақ мен жоғарыда айтқанымдай, перфекционизмнен гөрі әрекет жақсы. Неғұрлым көп нәрсе жасасаңыз, соғұрлым жақсы болады.

• Мықты тұсыңызға назар аударыңыз

Сіз аудио подкаст, блог жасай аласыз, мақала жаза аласыз немесе видео түсіре аласыз. Өз басым жазуға жалқаумын, камераны жақсы көремін. Бірақ мен видео түсіріп, оны мәтінге түрлендіре аламын. Бұл үшін арнайы сайттар бар.

Аудиторияңызды ескеру маңызды: ол қайда отырады, не тыңдайды, не оқиды. Контент жасау кезінде білімді бөлісуді ұмытпаңыз. Әлеуметтік желіде сыпайы болыңыз. Біреу жазбаңызға пікір қалдырды — оған жауап беріңіз, асықпаңыз. Үнемі жаңа идеяларды сынап, нәтижені талдаңыз.

Егер ештеңе шықпаса

Қайтадан тырысыңыз, тағы құлаңыз. Велосипед тебуді қалай үйренгеніңіз есіңізде ме? Қорқынышты болса да, қайтадан отыру керек. Шын мәнінде, сәтсіздік — қалыпты жағдай. Неліктен? Өйткені сіз қызметкер емес, кәсіпкерсіз.