Табысты адам гені
Адам нейромедиаторлардың ролі туралы білген соң сана-сезімін арттырып, жадына, назарына және эмоцияларына байыпты түрде қарай бастайды. Ол кенеттен бұлардың уақытша емес екенін, олардың құрылымдарға, жасушалар мен молекулаларға негізделгенін түсінеді.
Әуелі өзіңізді бір құрылғы сияқты елестетіп, шектеулеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді сезініп көріңіз. Мысалы, қозғалыс қуанышының батырмасы бар, адам аз қозғалады немесе қарым-қатынас қуанышына арналған батырмасы бар, ал индивид көп уақытын интернетте өткізеді, достық қарым-қатынастың жетіспеушілігін сезінеді.
Ағзада 400 ген бар, ол адамның қаншалықты белсенді екенін, қаншалықты импульсив, агрессив және тағы басқа екенін анықтайды. Бірақ гендер – біздің бойымызда үздіксіз жұмыс істеп тұратындардың тек 50%-ы. Екінші жартысы – гормондар мен өмірлік тәжірибе. Солар арқылы адам көбірек білуге, мақсатқа ұмтылып, көшбасшылық қасиеттерге ие болады.
Бәлкім, дәл осылай өмірлік тәжірибеңіз құлшынысыңыздың аз болуына, еңбекті сүймеуіңізге, шығармашылығыңыздың төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан көп нәрсе бойдағы ерік-күшке байланысты.
Нейробиология тұрғысынан алсақ, табысты адам, ең алдымен, мінез-құлық ерекшеліктерінен байқалады. Егер мидың көрсеткіштеріне қарасаңыз, онда бұл тек статистикалық бағалау болады. Табысқа жетудің генге түк қатысы жоқ. Тіпті үміттенбеңіз.
Есте сақтаудың екі түрі
Біз ақпаратты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жады арқылы есте сақтаймыз. Екіншісі – ең маңыздысы, өйткені ол біздің өмірлік тәжірибемізді, білімімізді, ойлау ерекшеліктерімізді бекітеді. Біз үйренген кезде мида жүйке жасушалары (синапстар) арасындағы байланыстардың нәзік молекулалық жолы қайта құрылады немесе қарапайым тілде айтсақ, жаңа ақпарат жазылады.
Есте сақтаудың негізгі шарттарының бірі – қайталау. Алғашқы кездегі кез келген тәжірибе ұзақ мерзімді жадқа түспейді. Ақпаратқа бірнеше рет оралу керек, оны қайталап айтып берсеңіз, жақсы есте қалады. Есте сақтаудың тамаша тәсілі – эмоциямен көпшілік алдында сөйлеу.
Жеткілікті демалу үшін қанша сағат ұйықтау керек?
Адам 1,5 сағаттық циклмен ұйықтайды. Бұны түсіну өте маңызды. Әрбір 1,5 сағаттық циклдің 80%-ында ресурстар қалпына келеді, ми демалады және ішкі органдардың жұмысы жақсарады. Қалған 20%-ында уақыт парадоксаль ұйқы фазасына түседі, оның барысында ми күні бойы жинақталған ақпаратты өңдейді, оны қысқа мерзімді жадтан ұзақ мерзімді жадқа «қайта жазады».
Адамға күніне кемінде 4 цикл, яғни 6 сағат ұйықтауы қажет. Егер аз болса, онда денеде стресс қалыптастады. 60 жастамын, әдетте аптасына 5 күн 6 сағат ұйықтаймын және 2 күн демаламын – 7,5 сағат немесе 5 цикл ұйықтаймын. Осы арқылы өзімді жақсы сезінемін. Бірақ әр адамда әртүрлі. Генетикалық деңгейде адам ұйқының әртүрлі кезеңіне бейімделеді және ұйқының болмауына әртүрлі жолмен шыдайды. Теориялық тұрғыдан алғанда, төсектен ұйқыңыз қанбаған кезде тұруыңыз керек.
Жеке тиімділік және ипотека
Жеке өнімділіктің ең маңызды шарты – мотивация. Адамның істегені ол үшін мағыналы болуы керек. Не ұнамды нәрсеге қол жеткізеді, не жағымсыз нәрседен аулақ болады. Әрине, аулақ болудан гөрі жетістіктерге назар аударған дұрыс. Әйтпесе, бұл неврозға алып келеді. Әдетте, мотивацияның болуы адамның өзі айналысатын қызметке қызығушылық танытуын аңғартады. Жұмысқа немесе басқа әрекеттерге қызығушылықты жағымды эмоциялар ағыны арқылы түсінуге болады.
Өнімділіктің тағы бір факторы – алаңдататын нәрселердің болмауы. Жеке адамға маңызды нәрсе жасау қажет болғанда, басқа әрекеттерді алып тастау керек. Бұл ереже әсіресе шығармашылық жұмысқа қатысты. Бұл жауыр болып көрінуі мүмкін, бірақ нейрондық желілер деңгейінде кейбір белсенді нейрондық желі басқаларға қалай кедергі келтіретінін көруге болады. Яғни, мида әртүрлі ақпараттық субъект әрдайым бәсекелесіп жатады. Адам бір уақытта өзі жақсы білетін бірнеше істі қатар атқаруы мүмкін. Дегенмен бұл шығармашылықпен немесе оқумен байланысты емес.
Пастернактың: «Тек данышпан стихиялық белсенділік танытады, қалғандары жағдайдың қысымымен жұмыс істейді» деген сөзі есімде. Бұл адамға айналасын бір жағынан қызық, ал екінші жағынан баратын жері жоқтай ұйымдастыруы қажет екенін түсіндіреді. Сол кезде ғана тау қопаруға болады. Егер адамға жұмысы ұнаса және оның кішкентай баласы немесе ипотекасы болса, онда бұл шыңға жету үшін өте қолайлы. Биологиялық деңгейде, мұндай жағдайларда адам жаңалық пен жеңу қуанышын тудыратын дофаминді, ал екінші жағынан, оны қоздыратын адреналин, норадреналин және кортизол шығарады. Бірақ бұл күйді қысқа істер үшін пайдалануға болады.
Ұзақ мерзімді тапсырмалар үшін тұрақты жұмысқа бейімделу керек. Егер адам күн сайын қалпына келтіргеннен гөрі көбірек энергия жұмсаса, онда жылдар өткен сайын денесі нашар жұмыс істейді. Бұл жүрек-қан тамырлары, эндокриндік, иммундық параметрлерде, ішектің жұмысында және ұйқының сапасында көрінеді.
Ноотроптар және нейробиологияның танымалдығы
Кез келген күшті дәрі-дәрмек – адамның миын көтеретін фармакологиялық балдақ. 70 жастағы адамға ноотроп және басқа да препараттар қажет болуы мүмкін. Ал 20-40 жаста нейрометаболикалық стимуляторлардың көмегімен миыңызды қалай бұзуға болатынын ойлау қиын – мидың ең жақсы үйлесімділігі бұзылады. Мида мәселені шешуге, іске асыруға қажет барлық ресурс жеткілікті.
Көп жыл бойы миды зерттеген адам ретінде айтарым: нейробиология әрқашан танымал болды. Жалпы, «басымда не бар, менің психикам қайдан пайда болады?» деген түсінік бәріне түсінікті және жақын. Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы не үшін берілетініне қарасаңыз, оның жартысы иммунитетке, жартысы миға арналған.
Нейрондар мен физиологияны білу адамға ақыл-ой әрекетінің көріністеріне неғұрлым байыпты қарауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пайда болған жалқаулық, агрессия, стресс және тітіркену кездейсоқ емес, көбіне бұл – белгілі бір жүйелердің жұмысының нәтижесі. Бұл адамның күйзеліске ұшырағанын, тіпті ауру болуы мүмкін екенін білдіреді және онымен күресу керек. Әрбір адам ДНҚ деңгейінде, иммунитетте және ми деңгейінде бірегей. Адам өмір бойы өзін түсінуге тырысады. Сонымен қатар нейрондық желілер пластикалық және біраз уақыттан кейін адам ойлауда, мінез-құлықта және бағалауда басқаша болады. Мысалы, 10 жыл үйленгеннен кейін ерлі-зайыптылардың әрқайсы өзгеріп, отбасылық психологты қажет етеді.
Тіпті деніңіз сау, еш жеріңіз ауырмаған кезде де өзіңізді тыңдауға тырысыңыз, қаншалықты күйзеліске ұшырағаныңызды, жақсы ұйықтағаныңызды, шаршағаныңызды сезінуіңіз керек. Иә, бұл қарапайым естілуі мүмкін, бірақ мидың оң күйі жоқ.
Ең дұрысы, мұны мектеп оқушыларына үйрету керек, бірақ бұл әзірге қиын. Сондықтан өмірлік тәжірибе маңызды. Қазір адамдар ұзағырақ өмір сүреді, мамандығын бірнеше рет өзгертіп үлгереді және бұл – қалыпты жағдай.
Мәскеу мемлекеттік университетінде онлайн қашықтан білім беру платформасы бар, онда менің 2 курсым жазылған: жады, эмоциялар, ұйқы, қорқыныш және агрессия орталықтары туралы тегін курстар. Оларды кез келген адам тыңдай алады.
Add comment