Әзірге онлайн платформаның бета-нұсқасында Java тіліндегі backend әзірлеу, жаңадан бастаушыларға арналған Node JS (QA) жүйесінде уеб-қосымшаларды тестілеуді автоматтандыру, қазақ тілі, бизнес сараптауды нөлден бастап үйрену, SMM және Excel курстары қазақ тілінде қолжетімді.

Болашақта платформада білім беру контенті көбірек болады. Платформаға барлығы 1324 адам тіркелген. 5q.kz сайтындағы ең танымал курс «Backend программалау: Java» болды. Өтініштер саны бойынша екінші орында «Бизнесті сараптау (бастапқы деңгей)» курсы тұр. Платформадағы ең танымал курстардың үштігіне «Қазақ тілі» де кірді.

Альфия Шығанақова, Атырау қаласы

Курс: SMM-қысқа да нұсқа (бастапқы деңгей)

Альфия дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатын бітірген соң Түркияға оқуға түсіп, видеограф ретінде еңбек жолын бастаған. Қазір ол түрік тілін үйретеді және әлеуметтік желілерде Түркиядағы өмір туралы блог жүргізеді.

Альфия: «Курстар туралы Instagram желісінен білдім және қатысуға шешім қабылдадым. Актуал мамандықтарды толығымен тегін меңгеру мүмкіндігі туа бермейді. SMM – жастар арасында өте танымал ниша. Жаңа білім Instagram-да және кез келген басқа әлеуметтік желіде мақсатты аудиториямен дұрыс коммуникация құруға көмектеседі. Осы курстың арқасында жаңа нәрсе үйреніп, алған білім мен дағдыларымды Түркиядағы өмір мен білім туралы блогымда пайдалана аламын деп үміттенемін».

Әлібек Есетов, Алматы қаласы

Курс: Backend программалау Java

Абай атындағы ҚазҰПУ университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген. Мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. React кітапханасын пайдаланып уеб және мобайл қосымшаларды әзірлеуде аздаған тәжірибесі бар.

Әлібек: «Жаңадан бастаған әзірлеушімін. Java тілінде әртүрлі есеп шешкенді ұнатамын, JS жүйесінде қосымшалар әзірледім (React JS, Reac Native, Firebase және тағы басқалары). Курс кезінде backend-программалау туралы білімімді жетілдіруге бар күшімді саламын және болашақта ІТ саласында Android немесе бэкенд әзірлеушісі ретінде жұмысқа орналасамын деп үміттенемін».

Сүлеймен Асқаров, Алматы қаласы

Курс: SMM-қысқа да нұсқа (бастапқы деңгей)

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, исламтану магистрі. Ғылыми қызметпен айналысады.

Сүлеймен: «SMM оқуды шештім, өйткені өзіндік бренд жасап, мұсылмандар үшін білім беру контентін шығарғым келеді. Ғылыми қызметпен айналысамын – «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ ислам ғылымдары кафедрасында сабақ беремін. Осы ретте «Ислам энциклопедиялары» жобасында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын.

Сондай-ақ мақалалар мен кітаптарды аударып, өңдеймін. Алған дағдыларымның көмегімен әлеуметтік желілерде ислам ғылымдары мен араб тілі саласындағы білімімді бөлісемін».

Индира Райымбекова, Нұр-Сұлтан қаласы

Курс: Қазақ тілі

Индира ҚарМУ-ды туризм мамандығы бойынша бітірген, Қазақстандағы туризмді дамыту жобаларында жұмыс істеген. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасындағы өңдеуші салаларды дамыту бойынша талдау жұмыстарымен айналысады. Қазір декреттік демалыста.

Индира: «Қазір менің бос уақытым, үйренуге құлшынысым да бар. Мектепті де, университетті де орысша бітірдім, отбасында бәрі де орысша сөйледі. Бірақ мен балаларымның қазақ тілін ана тілі деп білгенін қалаймын. Оған қоса, балаларымызды қазақтілді мектепке беруді жоспарлап отырмыз, ол үшін өзім де тіл білуім керек.

Балалармен күнделікті қазақша сөйлесемін, бірақ қоғамда кенет қате сөйлеп кеткеніме ұяламын. Ұятымды жеңіп, қазақ тілін еркін қолданып, көркем-аналитикалық мәтіндерді оқып, сауатты жазып, түсінуге тырысамын. Ұстазбен бірге оқу болашақта тілді жетік білуіме көмектеседі деп сенемін».

Әсел Мазақбаева, Нұр-Сұлтан қаласы

Курс: Бизнесті сараптау (бастапқы деңгей)

Құрылыстағы өндірістік-техникалық бөлімнің инженері. Бакалавриат пен магистратураны Л.Н.Гумилев университетінде оқып, Кипрде магистратура тағылымдамасынан өткен. Қазіргі уақытта декреттік демалыста.

«Курстар туралы Instagram-нан білдім, өзімді ұзақ уақыт бойы IT саласында сынап көргім келді және өтінім беруді шештім. IT саласында қызмет ету онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазір бұл әсіресе маған қатысты, өйткені декреттік демалыста қашықтан жұмыс істеуге және баламен уақыт өткізуге мүмкіндік бар.

Деректерді талдау саласында жоғары жалақы алатын маман болғым келеді және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін сақтағым келеді. Бизнес-сараптау курсы мақсатыма жетуге көмектеседі деп үміттенемін».