ГлавнаяБлог

Университет таңдауға көмектесетін 7 критерий

Университет тек сабақ пен үй тапсырмасынан тұрмайды. Бұл - даму және нетуоркиң, саяхат, құнды өмірлік тәжірибе үшін зор мүмкіндік. Сол себепті университет таңдау - жауапты қадам, оның шешімі алдағы бірнеше жыл қалай өтетінін анықтайды. Ол кейбіреу үшін өмірде шешуші роль атқарып, бірнеше жылғы бағытты белгілейді.

Альма-матерді таңдау кезінде назар аудару керек негізгі критерийлерді қарастырамыз.

№1. Университет беделі

Оқу орнының беделі оның дипломының қаншалықты бағаланатынын анықтауы мүмкін. Университет имиджі білім сапасы, мемлекеттік аккредитация, ғылыми дәрежесі бар оқытушылар саны, шетелдік студенттердің үлесі және басқа да көрсеткіштерден құралады.

Университет беделді халықаралық рейтингтерде неғұрлым жоғары болса, оның беделі соғұрлым биік. QS World University Rankings, Webometrics, THE World University Rankings позицияларын тексеріңіз. Былтыр QS EECA британ агенттігінің нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне жеті отандық университет, соның ішінде ҚазҰУ, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтбаев университеті кірді. Қазақстандық университеттердің рейтингін IQAA Ranking білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік құрастырады.

Рейтингтегі жоғары орын оңай жұмысқа орналасудың кепілі емес екенін есте ұстаған жөн. Ірі жұмыс берушілердің университеттердің, әсіресе бейінді мамандықтар жағдайында (мысалы, IT-мен байланысты) өзінің айтылмаған рейтингтері бар. Оқу орнының объектив бейнесін шығару үшін оның түлектерімен қызығушылық профилі бойынша сөйлесуге тырысыңыз.

№ 2. Оқу базасы

Білім сапасы оқытушылар құрамына, оқу кабинеттерінің, зертханалардың жабдықталуына, ғылыми-өндірістік базалардың және оқу материалының болуына тікелей байланысты. Сондықтан оқуға түсер алдында қандай оқытушылар дәріс оқиды, олардың арасында практиктер мен шақырылған шетелдік лекторлар бар ма, студенттердің жетістігіне әкімшілік қаншалықты мән береді, тәжірибе қайда, қалай өтеді — соны білу керек.

Университеттің мемлекеттік аккредитациясы бар-жоғын және кейінгі бес жылда оның күші жойылмағанын тексеріңіз.

Тек аккредитациядан өткен университеттер мемлекет мойындайтын ресми диплом, әскерден үзіліс береді. Аккредиттеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ресми сайтынан тексеруге болады.

№3. Қашықтан оқытудың қолжетімділігі

Заманауи шындықтарды ескере отырып, университетте қашықтан оқыту қалай ұйымдастырылғанын, қандай платформалар мен бағдарламалар қолданылатынын білген пайдалы. Оқумен қатар жұмыс істеу қажет болса, сабаққа еркін қатысу мүмкіндігі туралы алдын ала білу керек. Дегенмен барлық мамандыққа бірдей мұндай формат келе бермейді.

№ 4. Жағдай мен мүмкіндік

Оқу кезіндегі комфорт та маңызды роль атқарады. Университетте оқу кем дегенде жарты күн болатынын ескерсек, университеттің жеке асханасы немесе кафе, студенттердің демалысы мен жұмысына арналған аймақтары, сондай-ақ спорттық инфрақұрылымы болуы керек. Қаладан емес талапкерлерге жатақханада тұрудың шарттары да қарастырылуы қажет.

№5. Әскери кафедраның болуы

Егер студент жоғары оқу орнының базасындағы әскери кафедраға барса, ол міндетті әскери қызметтен босатылады. Оқу аяқталғаннан кейін әскери билет және запастағы лейтенант офицерлік шені беріледі. Әскери кафедрада ұлдарға да, қыздарға да оқуға болады. Егер бұл мәселе өзекті болса, студент қандай жағдайда кафедрадан өте алатынын алдын ала біліңіз.

Ол таңдалған университет негізінде жұмыс істегенде оңайырақ. Егер университеттің басқа оқу орнымен келісімі болса, бұл үшін нақты кім жауапты екенін көрсетіңіз және кафедраға түсу шарттарын мүмкіндігінше ертерек біліп алыңыз.

№ 6. Халықаралық бағдарламаларға қатысу және академиялық ұтқырлық

Егер тәжірибе алмасуды жоспарлап жатсаңыз немесе шетелде тағылымдамадан өтуді армандасаңыз, мұндай бағдарламаларды қай университеттер ұсынатынын тексеріңіз.

Қазақстан Республикасының жетекші университеттері, әдетте академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және халықаралық студенттер алмасуын қолдайды. Серіктестер — Еуропаның, Азияның және АҚШ-тың жетекші университеттері. Сондай-ақ Erasmus+ бағдарламасы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ірі ЖОО-да жұмыс істейді.

Қосымша артықшылық студенттерге үйде және шетелде оқуға мүмкіндік беретін қос дипломдық бағдарламалар болады. Мұндай бағдарламалар қандай мамандықтарды қамтитынын және пандемия кезінде студенттерді жіберудің қалай жүріп жатқанын алдын ала біліңіз.

№ 7. Студенттік өмір

Университетте оқу тек лекция, семинар, эссе, емтихан ғана емес. Бұл — өмірдегі ең қызық кезеңнің бірі. Жаңа орта, таныстар мен пайдалы қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, сондай-ақ икемді дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді — нетуоркиң, көпшілік алдында сөйлеу және өзін-өзі таныстыру.

Оқудан тыс жұмыстар неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, оқушыларға соғұрлым көп мүмкіндіктер беріледі. Егер сіз дарынды болсаңыз, спортпен шұғылдансаңыз немесе мектепте белсенді болсаңыз, оқу орнында КВН командасы, спорт командалары, қызығушылық клубтары, кәсіподақтар бар-жоғын және іс-шараларға қатысу ынталандырылатынын тексеріңіз.

Университет туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Оқу орны туралы ресми ақпаратты университеттің ресми сайтынан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтынан алуға болады. Көбіне оқу орындары талапкерлер үшін ашық есік күндерін ұйымдастырады немесе білім көрмелеріне қатысады. Мұндай іс-шараларға барған жөн.

Студенттер мен түлектердің пікірін білу маңызды. Әлеуметтік желілерде университет немесе факультеттердің топтарын оқыңыз, кештерге немесе бейресми іс-шараларға қатысыңыз (олар туралы хабарландырулар әдетте әлеуметтік желілерде жарияланады), ашық есік күні кезінде студенттермен сөйлесіңіз. Студенттердің пікірі бар сайттарды да ақтарыңыз.

Тек бір дереккөзге сенбеңіз, өйткені олардың әрқайсы белгілі бір деңгейде субъектив. Барлық аталған ресурстарды талдау жалпы картинаны құруға көмектеседі, ал шешім қабылдауға ішкі инстинкт әсер етеді.