ГлавнаяБлог

IT-кардиналдар: неліктен барлығына backend-әзірлеушілер қажет?

Backend-әзірлеушілерді сұр кардиналдармен салыстыруға болады - олар сайттар мен қосымшалардың жұмысын сахна сыртында жүргізіп отырады, ал миллиондаған пайдаланушы күн сайын олардың жұмысының нәтижесін көреді. Мұндай мамандарға сұраныс сәт сайын артып келеді және олардың жалақысы да нарықта ең жоғарылардың бірі болып саналады.

6 маусымда DAR 5q.kz білім беру платформасының бета-нұсқасын іске қосты, онда қазір Java серверлерін әзірлеу курсы қолжетімді. Тәлімгері Анна Огородова 5Q-ға мансап жолы және болашақ бэкендерлерге ұсыныстарын айтып берді.

Жылдам старт

Анна 22 жасында бірнеше бағдарламалау тілін меңгеріп, ҚБТУ-да оқыды және DAR-да тағылымдамадан өтті, қазір ол бэкенд-әзірлеуші ​​болып жұмыс істейді.

Анна мектепте жүргенде-ақ Pascal және Visual Basic тілдерінен бастап бағдарламалауға қызығушылық танытқан. 8-сыныпта оқып жүргенде UI/UX дизайнының негіздерін, frontend әзірлеуді үйренген: HTML, CSS, JavaScript және TypeScript, дерекқорлар, серверлік бағдарламалау тілдері (C ++, C # және Java). Мектептен кейін ҚБТУ-ға «Ақпараттық жүйелер» факультетіне грантқа түсті, НЗМ-нен кейін оның оқуы университетте 3,5 жылға созылды.

ҚБТУ-да оқып жүргенде Анна әртүрлі компанияда тұрақты түрде тәжірибеден өтті. Солардың бірі жұмыс істеуге шақыған DAR компаниясы болды.

Бэкэнд жалғыз жүретін адамдарға арналған деген стереотип бар, бірақ бұл дұрыс емес. Жалпы өнімділік команданың қаншалықты тығыз қарым-қатынаста екеніне байланысты. Байланыс неғұрлым көп болса, өнім соғұрлым тұрақты болады. Егер маман қарым-қатынас жасауды білмесе, бүкіл ұжымға қиын болады. Өзім де басында сондай оймен келдім, бірақ қарым-қатынас дағдыларын тез дамыттым, — дейді Анна.

Бэкендтің фронтендтен қандай айырмашылығы бар?

Кез келген онлайн ресурс — сайт немесе қолданба ол туралы барлық ақпарат сақталатын және өңделетін сервермен байланысты. Ол арқылы онлайн транзакциялар мен деректер алмасу пайдаланушыларға көрінбейді. Бұрын сайттарды жасаумен бір маман айналысса, уақыт өте келе уеб-әзірлеу күрделеніп, екі салаға – бэкенд пен фронтендке бөлінді. Біріншісі сервермен жұмыс істеуді қамтиды, екіншісі макет пен кодтауды алдыңғы қатарда біріктіреді.

Фронтенд пен бэкендті бейнелі түрде сипаттайтын болсақ, біріншісі — актерлар мен декорациялар бар сахна, ал бэкэнд — режиссер мен сценарист жүретін сахна сырты деп айта аламыз. Ол орындалу логикасы, деректерді сақтау және беру үшін жауап береді. Техникалық тұрғыдан алғанда, бұл — пайдаланушы түймені басқаннан кейін орындалатын барлық әрекет, — деп түсіндірді Анна.

Пайдаланушы сайтқа кірген кезде браузер уеб-ресурс орналасқан серверге сұрау жібереді. Сервер қажет файлды тауып, оны пайдаланушының құрылғысына жолдайды, ал браузер сайттарды сол күйінде көре алатындай командаларды түсіндіреді. Пайдаланушы сайтқа немесе қолданбаға енгізген барлық дерек серверде де өңделеді. Ол сондай-ақ файлдарды жүктеуге және жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Анна бэкендті онда ІT-өнімдердің логикасын жазуға болатыны үшін ұнатады. Бэкендер жүйенің ішкі мазмұнына, деректерді сақтауға және тасымалдауға жауап береді. Сондай-ақ ол қосымшалардың API (application programming interface) – арнайы командалар/басқару элементтер жиынтығын сынайды. Ол әртүрлі бағдарламаның бір-бірімен әрекеттесуіне арналған. Сондай-ақ сервер үшін Git сияқты бастапқы код нұсқасын басқару жүйесімен және Postman көмегімен сұрауларға тест жасап жұмыс істей алуы маңызды. Оны курста да үйренуге болады.

Бэкэндердің табысы қанша?

Kolesa Group зерттеуіне сәйкес, 2021 жылы backend-әзірлеушілердің орташа жалақысы мамандықтар контексінде екінші орында — 712 мың теңге.

Junior 300 мың теңгеге дейін, middle 800 мың теңгеге дейін, senior 800 мың және одан да көп жалақы алады. Бірақ бұл пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін тапсырмаларды бизнес-процестер ретінде қарастыратын әзірлеушінің жауапкершілік деңгейіне, бастамасы мен дағдыларына байланысты. Мұқият, тыңғылықты дайындалса, 3 айда джуннан мидлға дейін өсуге болады, – дейді Анна.

Бэкенд-әзірлеушілер нарықта жоғары сұранысқа ие, өйткені осы саладағы мамандар әртүрлі бағдарламаларды жасап, жаңарта алады. Аннаның айтуынша, мамандық қашықтан жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.

Бэкендерге техникалық білім қажет пе?

Аннаның пікірінше, бэкенд-әзірлеуші ​​​​дерекқорлармен, фреймуорктермен және басқа бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білуі керек. Ол ІТ негіздерін үйренеді, содан кейін серверлік бағдарламалау тілдерінің бірін таңдайды: Python, Java, Scala, Go, Ruby және тағы басқалары. Бірақ техникалық білімнің орнын оқуға мотивация мен ынта толтыратын жағдайлар сирек кездеседі.

«Тағылымдаманы жүргізіп жүргенімде бізге биология факультетін бітірген 28 жастағы бойжеткен өтініш білдірді. Басында күмәндандым, бірақ оны тыңдағаннан кейін бэкендті үйренуге құштарлығы қаншалықты күшті екенін түсіндім. Нәтижесінде ол тағылымдамадағы үздік студенттердің бірі болды, біз оған ұсыныс жасауды жоспарлап отырмыз», — дейді Анна.

Маманның пікірінше, бэкендті әзірлеуді өз бетімен зерттеу қиын және ылғи тиімді емес.

«Оқытуда тәлімгердің ролі маңызды. Онымен бірге студент мақсатқа тезірек жетеді, өйткені тәлімгер сол кезеңдерден өткен және жолды тездетуді біледі. Сондай-ақ нәтиже негізінен курстардың сапасына байланысты. Интернетте субъектив және әрдайым пайдалы бола бермейтін ақпарат та бар», — дейді Анна.

Әдетте, түлектер IT саласын көп, бірақ анық емес біліммен бітіреді. Сондықтан олар білімін практикада бекітуі керек.

Бағдарламалау тілін таңдауға және оны қолданып машықтануға кеңес беремін, мысалы, алгоритмдермен есептерді шешу. Сіз сондай-ақ кейде сұхбатта көрсетуді сұрайтын қарапайым PET-жобаларын (жеке) аяқтау арқылы білім жинақтай аласыз. Міндетті түрде тағылымдамадан өтіңіз. 3,5 жыл оқу барысында университетте аз нәрсе үйренбедім, бірақ 2 айлық тәжірибеде өте көп білім алдым, — дейді Анна.

5q.kz сайтындағы backend программалау курсы қалай құрылған?

Анна оқу бағдарламасын әзірлеуді 2022 жылдың қаңтарында бастады. Ол бірнеше жерден жинаған тәжірибе бойынша әзірленген материалдар мен тапсырмаларға негізделген. Тренинг Java бағдарламалау тілінің негіздерін және ІТ саласындағы базалық білімді білетіндерге арналған.

Барлығы 6 курсқа 1000 грант қарастырылған, оны бірінші үміткерлер алады. Курстар арасындағы грант санына ешқандай шектеу жоқ. 9 маусымдағы жағдай бойынша 800-ден астам адам өтінім берді, оның 294-і бэкендті әзірлеуге тіркелді. Бұл — ең егжей-тегжейлі жазылған курс. Ол теория мен практикалық тапсырмаларды қамтитын 7 тақырып пен 36 бейнероликтен тұрады. Әрбір тақырып бойынша презентациялар, үй тапсырмалары және тесттер беріледі. Курс шамамен 2 айға созылады, бірақ оны уақытынан бұрын аяқтауға болады.

Менің міндетім — ақпаратты оқушыларға қарапайым тілмен жеткізу. Басқа тиісті сараптамалық ресурстарға көптеген пайдалы сілтемені қостым. ІТ-мамандарының ресми құжаттарды оқи алуы маңызды. Видеоларды көріп, барлық үй тапсырмасын орындасаңыз, бұл қиын емес. Практикалық тапсырмаларды орындау да өте маңызды. Біз үй тапсырмасын құрастырдық, осылайша курстың соңында студенттер заманауи қолданбалы архитектура қалай құрастырылғаны және микросервистердің қалай жұмыс істейтіні, бэкэнд-әзірлеушісі кім және оның міндеттері қандай екені туралы нақты түсінікке ие болады, — дейді тәлімгер.

5q.kz қазақша білім беру платформасындағы курстар үнемі жаңартылып отырады.