ГлавнаяБлог

Алаяқтар мен әккі ұрылар туралы 8 үздік фильм

5Q Media алаяқтар туралы фильмдер мен сериалдардың тізімін жасады. Олардың кейіпкерлері таң қалдыратын «өнерге» ие. Өзіне баурап, сүйсінтіп, содан кейін құрбандарының ту сыртынан пышақ ұрып кететін әккілері де бар.

«Ойдан шығарылған Анна» (2022)

Бұл — Анна Сорокиннің оқиғасы. Ол 2017 жылы алаяқтық жасады деген айыппен қамауға алынған. Өзін бай мұрагер ретінде танытып, Нью-Йорктің іскер және қоғамдық орталарында адамдармен танысып, содан кейін оларды ірі сомаға «отырғызып кеткен». Түп тамыры орыс ұлтынан. Фильмде журналист Джессика Преслер алаяқтың Манхэттеннің элитасын, белгілі бизнесмендерді және бірнеше банкті қалай қалпақша айналдырғанын тергеуінде баяндайды. Оның мақаласы — осы сериалдың негізі.

Пресслердің прототипі — екінші басты кейіпкер — Вивиан Кент. Вивиан Манхэттенде жұмыс істейді. Ол бір кездері мансаптық перспективалары бар өте табысты автор болған, бірақ оның беделін бір материал ғана құртқан. Енді ол журналистикадан ауылы алыс басшының қол астында ешкімді қызықтырмайтын тақырыптарды жазуға мәжбүр. Содан Вивиан Аннаның қамауға алынғаны туралы білген соң бұл жағдай оның атын қалпына келтіретін керемет оқиғаға айналуы мүмкін екенін түсінеді.

«Шамаң келсе, ұстап ал» (2002)

Бұл — Стивен Спилбергтің шынайы оқиғаға негізделген әрі аңызға айналған фильмі. Мектеп оқушысы кезінен бері адамдарды алдай бастаған кіші Фрэнк Абигнейлдің оқиғасы. Ол ата-анасының ажырасып кеткенін білген соң үйден қашып, алаяқтық жолын бастайды. Фрэнк Абигнейл ұшаққа ешқашан отырмағанына қарамастан, Панамерикалық ұшқыштар командасының мүшесі бола алады. Дәрігер, тіпті заңгер болып та жұмыс істей береді, сөйтіп жүріп банк чектерін де қолдан жасап жүреді. Өзі тартымды, басқаларды сендіру білу қабілеті – сенімді серігі. Фрэнк тіпті кәмелетке толмаған қылмыскерді барлық жолмен ұстағысы келетін ФБР агенті Карл Ханраттиді да алдап үлгереді. Олардың «мысық пен тышқан» ойыны бірнеше жылға созылады.

«Паразит» (2019)

«Үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар 2020» жеңімпазы. «Паразит» фильмі осы номинацияда жеңіске жеткен бірінші ағылшын тіліндегі емес фильм болды. Фильм бірнеше жанрларды біріктіреді: комедия, драма және триллер. Таптық теңсіздік мәселелерін көтере отырып, Ким отбасының тарихын баяндайды.

Байланыссыз және интернетсіз жартылай жертөледе өмір сүріп жатқан кедей отбасы өмірін өзгертуге мүмкіндік алады. Бір отбасының ұлы Ки Вуға өте ауқатты отбасынан шыққан оқушы қызға ағылшын тілінің мұғалімі болуына ұсыныс алады. Сәнді өмір Ки Уға қызық болып көрінеді және ол осы үйге әпкесін, содан кейін ата-анасын әкелу жоспарын жасайды.

«Алаяқ» (2020)

Розамунд Пайк ойнайтын, айлакер алаяқ туралы қылмыстық комедия. Оның кейіпкері Марла Грейсон — әлеуметтік қызметкер. Серіктестердің көмегімен сот арқылы өзін-өзі күте алмайтын қарттарды қамқорлыққа алады. Содан кейін оларды қарттар үйіне орналастырады, ал өзі олардың мүлкін сатады. Осылайша Марла байлыққа кенеледі.

Бір күні ол бай, жалғызбасты зейнеткер Дженнифер Петерсон туралы біледі. Қалыптастырып алған схема бойынша меншігіне қол жеткізеді. Бірақ бір қате жіберіп алады. Зейнеткер Дженнифердің ұлы бар — криминалдың жетекшісі Роман Лунев. Шешесінің қарттар үйіне түскенін білген соң Роман адамдарына мұның артында кім тұрғанын анықтауды тапсырады.

«Кір-қожалақ Джон» (2018)

Пулитцер сыйлығының иегері журналист Кристофер Гоффарттың аттас шынайы қылмыс подкастына негізделген антология сериясы. Осы уақытқа дейін әрқайсы әртүрлі оқиғаны баяндайтын екі маусым шықты.

Бірінші бөлім алаяқтық тарихына негізделген. Басты кейіпкер Дебра — ажырасқан табысты әйел. Ол танысу сайтына тіркелуге бел буып, сол жерде анестезиолог Джон Миханмен кездеседі. Сымбатты, ақылды, қамқор адам алғашқы минуттардан-ақ Дебораның жүрегін жаулап алады. Олардың романтикасы тез дамиды, Дебора ғашық, бірақ анасының таңдаған ер адамы қыздарына күдікті болып көрінеді.

«Джеки Браун» (1997)

Эльмор Леонардтың «Ром пуншы» романыны экранизациясы. Айтпақшы, бұл — Квентин Тарантиноның режиссерлық мансабындағы жалғыз экранизация. Туындыға кейбір өзгеріс енгізгенімен, (мысалы, басты кейіпкердің келбетін толығымен өзгерткенімен) Элмор Леонардтың өзі фильмге риза болды.

Джеки Браун Лос-Анджелесте тұрады және Мексиканың шағын әуе компаниясында стюардесса болып жұмыс істейді. Оны жұмыстың өзі және жалақысы емес, Мексика мен Америка Құрама Штаттары арасында еркін жүру мүмкіндігі қызықтырады. Джекидің негізгі табысы — қару сатушы Орделл Роббиге қолма-қол ақша алып жүруі. Арнайы қызмет оны әуежайда қамауға алғанша, ол күдік тудырмай екі өмірді шебер біріктіріп жүреді. Ақшадан басқа ол туралы білмейтін кокаинді де табады.

«Істен шыққан» (2022)

Аманда Сейфрид Элизабет Холмстің — Силикон алқабындағы кәсіби алаяқтың ролін сомдайды.  Ол алқапта Theranos компаниясын құрып, 4,5 миллиард доллар табыс табады. Ребекка Джарвис өзінің «Істен шыққан»  подкастында қалай жетістікке жеткені туралы әңгімелейді. Сериалдың негізін қалап, оған атау берген де — сол. Сериал Элизабеттің басынан бастап: өршіл идеяның алаяқтық схемаға айналуы туралы баяндайды.

Стэнфорд университетінің 19 жастағы студенті Элизабет Стив Джобсты жақсы көретін, үлгі тұтатын. Ол да Стив сияқты нәрсе ойлап табуды армандайды. Сөйтіп Элизабет қанның бір тамшысы арқылы дәл диагноз қоюға қабілетті аппарат ойлап тапты. Бұл идея инвесторларды бірден қызықтырады, ал Элизабет компаниясын дамыту үшін тіпті университетті тастап кетуге шешім қабылдайды.

«Менің әйелім сияқты» (2017)

Эзра Блум арманындағы қызды кездестірді. Оны бір көргеннен баурап алған сүйкімді бельгиялық Ава. Романтикалық қарым-қатынас некеге ұласады. Бәрі Ава сияқты тамаша. Эзра картамен төлем жасай бастағанда, біртүрлі нәрселер бола бастайды, бірақ ол ешқандай қаражат көрсетпейді. Үйге оралған ол Аваның да кеткенін және онымен бірге оның барлық жинағы жоқ болғанын біледі.

Ава (шын аты-жөні Мадди) еркектерді өзіне ғашық етіп, ақшасыз қалдыратын кәсіби алаяқ болып шықты. Ең бастысы, Эзра да оған арыз жаза алмайды, өйткені қыз отбасының атына кір келтірді. Бақытына орай, шарасыз адамды Мэддидің басқа «бұрынғы күйеуі» тауып алады, ол алаяқты бірге әшкерелеуді ұсынады.