BUNKER

BUNKER-дің базалық курсына жазылу басталды. Бұл – театрдың биылға жоспарланған соңғы курсы.

Базалық курс өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға сенуге, төзімді және айрықша болуға, ситуациядан өзгеше жол тауып шығуға және өзіңізді бұрын-соңды ойлап көрмеген тұлғаға айналуды үйретеді.

Сабақтар қалай өтеді?

  • Іш пыстыратын дәрістер болмайды және ештеңені жазып алудың қажеті жоқ.
  • Алғашқы секундтан бастап сахнаға шығасыз және курс бойы тек практикамен айналысасыз.

Курс кезінде BUNKER-дің барлық қойылымы мен жобасына білім беру мақсатында тегін қатыса аласыз.

Сабақта мына пәндер мен дағдыларды үйренесіз: физикалық әрекетті есте сақтау, импровизация, серіктеспен жұмыс, актердың дене даярлығы, үйлесім, көп істі қатар орындау, сахнадағы жекпе-жек, сахнадағы қимыл-қозғалыс, сахна тілі, режиссермен жұмыс, физикалық кедергілерді жою.

BUNKER ең үздік оқытушыларды шақырып қана қоймай, Алматыдағы тәуелсіз театр әлемімен таныстырады. Оқу кезінде кем дегенде жеті мұғалім дәріс береді. Беделді сахналар, ұжымдар мен осы өнер саласындағы көрнекті қайраткерлер туралы кеңінен біле аласыз.

Студенттер курс соңында екі күндік емтихан тапсырады. Бірінші күні жабық емтиханда қазылар алқасы алдында барлық пәннен сынақ алынады. Театр және кино саласының мамандары құнды кеңестерін бөлісіп, тіпті ұнаған студентті жобаға шақыруы мүмкін. Екінші күні түлектер сахнаға шығып, көрермендер алдында шеберлігін көрсетеді. Базалық курсты бітірушілер екінші деңгейді жалғастыруға болады. 

Бітірушілер қазылар алқасының бағасы, ескертулер жазылған қағаз бен курсты аяқтағаны туралы сертификат алады. Сертификат кастингте немесе университетке тапсырғанда, актер мамандығы бойынша жұмысқа орналасарда сұхбат кезінде көмектесуі мүмкін. Курсты сәтті аяқтағандар BUNKER командасына қабылданады.

Курс мастері – Наталья Лукьянова («Кадеш» актер оазисінің негізін қалаушы, актриса, режиссер).

Егер сахнада өзіңізді сынап көргіңіз келсе, көпшілік алдында қысылу сезімін жеңгіңіз келсе, физикалық қана емес, психологиялық кедергілермен жұмыс істеуді қаласаңыз, театрдың тегін сынама сабақтарына қатыса аласыз.

Курс ұзақтығы: 3 ай.

Сабақтар уақыты: аптасына екі рет 2-2,5 сағаттан.

Бағасы: айына 40 мың теңге.

Театр мекенжайы: Досмұхамедов, 78а. Курсқа дайректе немесе +7 778 465 66 78 нөміріне хабарласу арқылы жазылуға болады.

«Дом культуры» театр студиясының курсы

Елена Набокованы базалық курсы актер болғысы келетіндерге ғана арналмаған. Курста меңгерген дағдыларды жеке және кәсіби өмірде пайдалануға болады. 2 ай бойы сиқырға толы театр әлеміне сүңгіп, өзіңізді актер ролінде ғана емес, режиссер ретінде байқап көре аласыз. Оқу аяқталған соң түлектер театрда сахналанатын қойылымдарға қатысып, көрермен алдында өнер көрсете алады.

Курс бес кезеңнен тұрады:

  • базалық жаттығулар, ойнау, қарапайым этюдтер құру, физикалық және психологиялық кедергілермен жұмыс, дене тілі: ым-ишара, мимика, жүріс;
  • назар мен энергияны басқару, концентрация, импровизация хикаяларды құру қағидалары, ойнау ережелері, байланыс;
  • жұппен және топпен жұмыс дағдылары, кейіпкер шығару, актерлік техникаларды күнделікті өмірде қолдану, шешім қабылдаудағы импульстің маңызы;
  • дауыс және артикуляция жаттығулары, тыныс алу, импровизация, атмосфераны құруға арналған этюдтер;
  • емтихан этюдтеріне дайындалу және қою, сертификат табыстау.

Курс бағдарламасымен мына жерден таныса аласыздар.

Ұзақтығы: 2 ай.

Уақыты: сейсенбі және жұма күндері 19.00-ден 22.00-ге дейін.

Бағасы: айына 70 000 теңге, жалпы курс 140 мың теңге.

Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 119. Курсқа дайректке немесе +7 705 551 04 92 нөміріне хабарласып жазылуға болады.

Қазақстан медиа академиясының «Кино және ТВ актері» курсы

Бұл курс актерлық талантын ашуды армандайтын, икемділікті, Станиславский жүйесін және голливуд актерлерінің жаңа техникаларын меңгеріп, танымал отандық актерлермен жүздесіп, өзін кино не сериалдан көргісі келетін кез келген адамға арналған. Курс ұйымдастырушылары кино және сериалда ойнауға кепілдік береді.

Курста актерлық шеберлік, имидж және стиль, сахнадағы қимыл-қозғалыс, режиссермен жұмыс, камера алдында ойнау, жеке даму тренингтері, кино және телевидение кәсіби мамандарының сабақтары болады. Курсқа қатысу үшін сұхбаттан өту керек.

Курс ұзақтығы: 6 ай.

Уақыты: сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін.

Бағасы: айына 80 мың теңге.

Мекенжайы: Республика даңғылы 13,  410-кеңсе.

+7 701 317 90 09 нөміріне хабарласып жазылуға болады.

«Кастинг куратор» курсы

Бұл – лицензияланған актерлық шеберлікті үйрену авторлық әдіснамасы. Мектеп Прагада Карлов университетінің қолдауымен құрылған. Курс К.С.Станиславский, Страсберг, Майзнер және Адлердің актерлық техникаларын, «Таңдау» техникасы, эмоцияны басқару, эмоциялық интеллект, сахнадағы қимыл-қозғалыс, дыбыс және оны дамыту, диалог энергиясы, бейнелеу техникасы, грим негіздері, импровизация, актердің және көпшіліктің психологиясы, сахна тілін қамтиды. Сабақты курс авторы Габриэль Коэн жүргізеді.

Мектепте алғаш рет қазақ топтары ашылып жатыр. Сабақтар актерлық шеберлікті меңгеру мен қолданудың авторлық Еуропалық әдістемесі бойынша өтеді.

Психо-актерлік техникалар көмегімен студент өзін кез келген жағдайда сенімді сезінеді. Курс түлектері бизнес, театр, тіпті заң саласында жетістікке жеткен. Қатысушылар адам миындағы стереотиптер мен үрейді жойып, өзін  артқа тартатын кедергілерді анықтап, онымен жұмыс істейді.

Курста үй тапсырмасы беріліп, қатемен жұмыс жасалады. Қажет әдебиеттер ұсынылып, емтихандар тапсырған соң түлектерге еуропалық үлгіде сертификаттар табысталады.

Бағасы: айына 80 мың теңге.

Мекенжайы: LOTOS бизнес орталығы, Мақатаев 117, 310-311 кеңселер.

ТеатРон театры

Актерлық шеберлік курсын аяқтағандар ТеатРон сахнасында ойнап, көрермен алдында өнер көрсетеді.

Курс ұзақтығы: 3 ай.

Уақыты: бейсенбі және сейсенбі сағат 20.00-21.30.

Бағасы: айына 40 мың теңге.

Мекенжайы: Манхеттен ТҮК, Прокофьева 144.

DN продюсерлік студиясы

Актерлық шеберлік сабақтарында ішкі сенімсіздік пен үреймен жұмыс істеп, кедергілерді жойып, сахнада өнер көрсету және көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышын жеңіп, дауыс қою және спектакльде үзінділер ойнауды үйренеді. Сынама сабақ тегін.

Курс ұзақтығы: 3 ай, аптасына екі рет.

Бағасы: айына 30 мың теңге.

+7 776 339 99 55 нөміріне хабаралсып жазылу қажет.

Еркен Губашевтің «Актер-профессионал» курсы

Курста актер, сценарит Еркен Губашев студенттерге Станиславский мен Чехов бойынша актерлік шеберлік теориясының негіздерін, өзіне сенімді болу, көрінбейтін қабілеттерін ашу, көпшілік алдында еркін сөйлеу, кастингте өзін ұстау тәсілдерін үйренеді.

Курс ұзақтығы: 3 ай.

Уақыты: апатсына үш рет 19.00-21.00 аралығында.

Бағасы: айына 50 мың теңге.

Мекенжайы: LOTOS бизнес орталығы, Мақатаев 117А, 411-кеңсе. Курсқа дайрект арқылы немесе +7 747 267 55 09 нөміріне хабарласып жазылуға болады.