ГлавнаяБлог

Демалыс күндерін Алматыда қалай қызық өткізуге болады?

Алматыға көктем келді. Бұл дегеніңіз — демалыс күндері үйде төрт қабырғада қамалып отырмай, уақытты қызық әрі пайдалы өткізетін сәттің туғаны. Әркім жан қалауына қарай сенбі-жексенбіні есте қаларлықтай етіп өткізе алады. Осы ретте талғамы түрлі оқырманға демалыс күнгі іс-шараларды ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

Көрме керек десеңіз — көрме, қойылым болса — қойылым. Мәдени ғана емес, спорттық іс-шараны да қостық. Мысалы, футболсүйер қауым сенбі күні премьер лига турнирін тамашалай алады. Ендеше, көп созбай осы демалыстың бұрынғыдан өзгерек өтуіне септігін тигізетін іс-шараларға тоқталайық.

Театр қойылымдары

Осы сенбі-жексенбі сәуірдің 9 және 10 жұлдызына тап келіп отыр. Театрлардың кестесін бір шолып шығып, демалыстағы қойылымдарды тізіп шықпақпыз.

«Томирис»

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

9 сәуір, сағат 18.30

Мекенжайы: Абай даңғылы, 103

Билет бағасы: 500-2000 теңге аралығында.

«Ақтастағы Ахико»

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

10 сәуір, сағат 18.30

Мекенжайы: Абай даңғылы, 103

Билет бағасы: 500-2000 теңге аралығында

«Баянсыз бақ»

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

9 сәуір, сағат 18.30

Мекенжайы: Абылай-хан даңғылы, 38

Билет бағасы: 600-1500 теңге аралығында

«Шағала»

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

9 сәуір, сағат 18.30

Мекенжайы: Абылай-хан даңғылы, 38

Билет бағасы: 600-1500 теңге аралығында

«Жүз жылдық жалғыздық»

ARTиШОК театрының үлкен сахнасы
9-10 сәуір, сағат 19:00

Мекенжайы: Гоголь көшесі, 40

Билет бағасы: 4000 теңге

«Қуыршақ думан»

Мемлекеттік қуыршақ театры
9 сәуір, сағат 12.00

Мекенжайы: Пушкин көшесі, 63

Билет бағасы: 1000 теңгеден бастап

«Сұғанақ ешкі»

Мемлекеттік қуыршақ театры
10 сәуір, сағат 14.00

Мекенжайы: Пушкин көшесі, 63

Билет бағасы: 1000 теңгеден бастап

Джузеппе Вердидің «Травиата» операсы

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

9 сәуір, сағат 18.00

Ұзақтығы — 2 сағат 20 минут

Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 110

Билет бағасы: 600-2500 теңге аралығында

Людвиг Минкус, «Баядерка» балеті

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

10 сәуір 14:00

Ұзақтығы — 2 сағат 40 минут

Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 110

Билет бағасы: 1000-4000 теңге аралығында

«Әгугәй мен Игигәй» атты  жасөспірімдер мен балаларға арналған музыкалық ертегі премьерасы

Алатау дәстүрлі өнер театры

9 сәуір, сағат 14.00

Ұзақтығы — 30-40 минут

Мекенжайы: Нұркент, 6

Билет бағасы: 700 теңге.

«Бауырсақ» Baby театры

Жас сахна театры

10 сәуір, сағат 11.00

Ұзақтығы — 1 сағат

Мекенжайы: Абай даңғылы, 117

Билет бағасы: 2000 теңгеден бастап

Шапито интерактив циркі

La Bohême шығармашылық театры 9 сәуір күні 12:00-де барша отбасыға арналған қызық шоу ұйымдастырады. Бағдарламада түрлі конкурс, интерактив ойын, сайқымазақтар, фокус, үйретілген аңдар бар делінген. 2-8 жас аралығында балаларға қызық болады деп ойлаймыз. Ұзақтығы — 45 минут. Билет құны — 2500 теңге.

Мекенжайы: Зенков көшесі, 24.

Аspancinema автокинотеатрының сеанстары

Алматыда ашық аспан астында, әркім өз көлігінде отырып, кинотеатрда отырғандай фильм тамашалай алады. Бір сеанс бағасы — 3000 теңге. Алаңға 80-ге жуық автокөлік сыяды. Орналасқан соң операторлар көліктің ішінен дыбыс шығып тұруы үшін радио толқындарды реттеп береді.

Сенбі-жексенбіде төрт фильм көрсетіледі. Атап айтқанда, 9 сәуір күні 21.00-де — «Развод по-американски», 23:30-да — «Гангстер, коп, дьявол» фильмін тамашалай аласыздар. Ал жексенбіде осы уақытта «Ужин с придурками» және «Хэнкок» көрсетіледі. Мекенжайы: Тимирязев көшесі, 42.

Fascination Violin гала-концерті

Жамбыл атындағы филармонияда Festive spring gala concert концерті өтеді. Дирижер: Маттиас Манасси (Германия). Солист: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова (скрипка). Бағдарламада А. Оренбургский, И. Брамс, Р. Шуман, Р. Вагнер өнер көрсететіні жазылған.

Мекенжайы: Қалдаяқов көшесі, 35.

Билет бағасы: 1200-1500 теңге аралығында. 

«The Best of Бетховен» концерті

Әлемдік музыка мәдениетінде ойып тұрып орын алған ерек тұлға — Бетховен. Оның шығармалары расында жан тебірентеді. Егер тыңдарман қатарында сіз де болсаңыз, концерттен құр қалмаңыз. Кеш бағдарламасы бойынша Людвиг ван Бетховеннің таңдаулы шығармалары орындалады.

Мекенжайы: Қалдаяқов көшесі, 35.

Билет бағасы: 2000-3000 теңге аралығында.

Байланыс нөмірі: +7 701 751 89 85. 

«Премьер-Министр» тобының концерті

Сонау 2000-жылдардың атмосферасына бір сәт қайта оралғысы келгендер мен топтың әндерін сүйіп тыңдайтындар үшін жақсы жаңалық. 9 сәуір күні 20.00-де «Премьер-Министрдің» концерті өтеді. Сондай-ақ кешке DJ’S, MC қатысады. Билет бағасы — 10 мың теңге.

Билет алғаннан кейін міндетті түрде +7 747 222 61 00 нөміріне хабарласып, үстелге брон қою керек. Депозит құнына келсек, 8 адамдық орын — 120 мың теңге, 4-5 адамдық — 90 мың теңге, 2-3 адамдық — 50 мың, барда отыратындарға депозит міндетті емес.

Мекенжайы: Шевченко көшесі, 100-де орналасқан Fizika bar. 

Қолөнер жәрмеңкесі

9-10 сәуір күні 10.00 мен 18.00 аралығында ашық аспан астында өтетін бұл жәрмеңкеде бәрі болады: табиғи тастар, ағаш пен керамикадан жасалған ыдыстар, қолдан тігілген қуыршақтар мен ойыншықтар, ұлттық кәдесыйдың түр-түрі, киізден жасалған заттар, күмістен соғылған әшекей бұйымдар және т.б. Жәрмеңкеге қазақстандық қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылады.

Мекенжайы: Жібек жолы даңғылы, Желтоқсан және Наурызбай батыр көшелерінің ортасында.

Кіру тегін.

Бар болғаны қолөнер бұйымдарын тамашалап, қаласаңыз сыйлыққа ала аласыз. Алматыда мұндай жәрмеңке күн жылынған бойда әр аптаның соңында өтіп тұрады. Демек, әр сенбі-жексенбіде осы жерден табылып, ерекше бұйымдар сатып алсаңыз болады.

«Қайрат» ФК — «Каспий» ФК

9 сәуір күні 19:00-де премьер лига турнирі өтеді.

Мекенжайы: Орталық стадион, Сәтбаев көшесі, 29/3. 5 жасқа дейінгі балаларға тегін, бөлек орын берілмейді. Билет бағасы 500-1000 теңге аралығында.