ГлавнаяБлог

60 млн долларлық компания иесі Айбек Қуатбай: IT — елдегі ойыншысы жоқ нарық

Айбек Қуатбай – кәсіпкер, Bugin Holding директоры. Холдинг құрамына бірнеше компания кіреді. Олар: Bugin.soft, Bugin.kz, Daryn.online, Daryn Teacher, Daryn Tandau, Daryn Books, Bugin Entertainment, Educenter және Ordagen.

Кәсіпкер 2020 жылы Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингісіне енген. Оның бір ғана Daryn.online жобасының 3,7 миллион қолданушысы бар. Миссиясы: адами капиталдың сапасын арттыру арқылы адамзаттың табысты және бақытты болуына көмектесу.

Айбек Қуатбай бізге берген сұхбатында Қазақстанның IT нарығында мамандарға сұраныс, білім-ғылымның маңызы, компаниясындағы қызметкерлеріне жасалған жағдай және шетел нарығына ену жоспарын бөлісті.