Кәсіпкер 2020 жылы Forbes-тің “30-ға дейінгі 30” рейтингісіне енген. Оның бір ғана Daryn.online жобасының 3,7 миллион қолданушысы бар. Миссиясы: адами капиталдың сапасын арттыру арқылы адамзаттың табысты және бақытты болуына көмектесу.

Айбек Қуатбай бізге берген сұхбатында Қазақстанның IT нарығында мамандарға сұраныс, білім-ғылымның маңызы, компаниясындағы қызметкерлеріне жасалған жағдай және шетел нарығына ену жоспарын бөлісті.