ГлавнаяБлог

«Канелоны» жеңетін қазақ Садриддин Ахмедов пе?

Оның шаршы алаңға шықпағанына да бір жылдан асты. Кейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың басында өткізіп, үш бірдей чемпиондық белбеуге қол жеткізді. Содан кейін боксшы ұзақ уақыт жарақатынан емделіп, қатарға енді қосылды.

Осы уақытқа дейін Садриддин ешқандай БАҚ-қа шықпаған еді. Жуырда 5Q Media басылымының Youtube арнасына қонақ болды. Ол экслюзив сұхбатында шаршы алаңға қашан оралатынын, «Канеломен» жекпе-жегі туралы айтты.

Сондай-ақ бокс мектебін ашуға қаражат қайдан алғанын, жекпе-жектен ең көп қанша қаржы тапқанын, еліміздегі ең үздік боксшылар мен ММА спортшыларын да тілге тиек етті.

Оған қоса, әлемге әйгілі UFC тұжырымында да өнер көрсеткісі келетінін айтты. Садриддиннің сұхбатын 5Q Live Youtube жобасынан арнасынан көре аласыздар.