ГлавнаяБлог

5Q Live. Еңлік Әбдіқадыр: Бір сәтте бірнеше істі стрессіз қатар атқару тәжірибесі

Бұл - 5Q Live - нәтижелі өмір сүру салтын қалыптастырған, жетістікке жеткен әртүрлі саладағы тұлғалар туралы подкастың екінші шығарылымы. Бүгінгі кейіпкердің тәжірибесі уақытын тиімді пайдалануды, ішкі тәртібін қалыптастыруды мақсат еткен тыңдарманға пайдалы болмақ.

Еңлік Әбдіқадыр 20 жасынан бастап кәсіпкерлікпен айналысқан. Студент бола жүріп түрлі салада өзін сынап көрген. Ең алғаш “Армандар орындалады” мотивациялық журналын ашып бизнеске қадам басты. Кейіннен продюсерлік орталық, музыка үйірмесі, жас журналистерге арналған курс, фотостудия ісімен, фитнес орталық кәсібімен айналысты. Кейінгі жылдары бизнес тренингтер өткізуді қолға алды. Қазір AEN Press баспа үйін, Brilliant club қыз-келіншектерге арналған даму орталығын басқарып отыр. 

Біз Еңлікпен жоспарды дұрыс құру, эмоциялық күю, демалу, уақытты тиімді пайдалануға көмектесетін шеңбер техникасы жөнінде әңгімелестік.