C++ тарихы

C++ бағдарламалау тілін 1985 жылы даниялық компьтер инженері Бьярне Страуструп жобалап жасап шыққан. Анығын айтсақ, Страуструп C тіліне ұқсайтын, артық мүмкіндіктерге ие, икемді әрі қуатты бағдарламалау тілін жасауды қалады. Ол өзі ойлап тапқан C++ тілінің қалың көпшілік назарына бірден ілінетінін күтпеген. Жан-жақты құрастырылған, құрылымы берік, бағыт-бағдары анық жаңа бағдарламалау тілі IT әлеміне серпіліс алып келді. Артық мүмкіндіктерге ие болғандықтан C++ бағдарламалау тілі C тілінің толықтырылған нұсқасы аталып кетті. Айтпақшы, C++ тілі жаңарып, жанданып отырады. Сондықтан замануи нарықтан оны ысырып тастау әлі мүмкін емес.

Неліктен C++ ?

C++ – өнімділігі жоғары қосымшаларды жасап шығуға арналған мүмкіндігі мол бағдарламалау тілі. Ол IT-мамандарға жүйелік ресурстар мен жадты басқаруда зор мүмкіндік береді. Біз білетін, пайдаланатын бағдарламалардың көпшілігі дәл осы тілде жазылған әрі көптеген заманауи тілдердің жұмыс істеуіне С++синтаксисі арқау болған.

  • Жылдам. C++ бағдарламалау тілінде кодтың орындалу жылдамдығы жоғары, сол себептен IT саласында үнемі сұранысқа ие. Үлкен деректер немесе біршама өнімділікті қажет ететін процестермен жұмыс істеу кезінде C++ тіліне назар аударған жөн.
  • Әмбебап. Расында C++ қолданылмайтын бағдарламалау саласы кемде-кем. Робототехника, микроконтроллерлер, IoT, компьютерлік және мобайл қолданбалар, ойындар мен модельдеу жүйелері, нейрондық желілердегі статистиканы өңдеу саласын да C++ тілінсіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологиялардан бастау алатын кез келген жоба C++ бағдарламалау тілін айналып өтпейді, яғни оны білетін бағдарламашыларға есік үнемі ашық болмақ.
  • Актуал. C++ үнемі жаңарып, жетіліп отырады. Замануи тенденцияларға ілесе алуы – қалыпты жағдай. Көптеген маман C++ арқылы код жазады, шаблондарды бөліседі, яғни C++ тілін енді үйрене бастағандар кез келген сұрағына жауап табады. C++ пайдаланатын IT қауымдастық көмек қолын созуға дайын, ал интернетте C++ ресурстары толып тұр.
  • Маңызды. Java, JavaScript, С# сияқты көптеген бағдарламалау тілі C++ принциптеріне негізделген. Біршама IT университеттердің оқу бағдарламасында C++ курсы міндетті саналады. Қоғамда «C++ бағдарламалау тілін білетін маман өзге тілдерді оңай меңгеріп кетеді» деген пікір қалыптасқан. Мысалы, C++ тілінің алғышарттарын оқымаған я түсінбеген болсаңыз, осы дәуірдің ең қуатты тілдерінің бірі Java-ның жұмыс принципін түсіну қиынға соғады. «Мықты IT-маманы боламын» десеңіз, C++ тілін меңгергеніңіз жөн.
  • Сұранысқа ие. Жоғарыда көрсетілген аргументтерге сүйенер болсақ, C++ бағдарламалау тілін білетін мамандарға жұмыс жетерлік. 

C++ қолдану аясы

C++ тілі қолданылатын салалар жетерлік. Технологиялар, IT салалары, бағдарламалау тілдері сан-алуан болса да, C++ тілінің бағыт-бағдары анық.

  • Операциялық жүйелер. C++ тілі бастапқыда-ақ жүйелі түрде бағдарламалау үшін жасалған, сондықтан бұл бағдарламалау тілінің осы салада белсенді болуы – таңғаларлық жағдай емес. Кез  ткелген операциялық жүйе ең алдымен тез іске қосылып, жүйелік ресурстарды тиімді басқаруы керек. Оған C++ көмектеседі.
  • Кіріктірілген жүйелер (встроенные системы). С++ тілі  ресурстар тұтынуда өте үнемді. Нәтижесінде, енгізілген жүйелер баяуламастан жұмыс істейді. Сондықтан смарт сағаттар, сенсорлар және кофе машина сияқты интернет-технологияны қолданатын құрылғылар көбіне C++ тілінде жазылған.
  • Ойындар мен ойын қозғалтқыштары. Ойындар үшін өнімділік өте-мөте маңызды. Бүгінгі таңда ең жылдам бағдарламалау тілдерінің бірі болғандықтан С++ 3D форматындағы не көп ойыншылар бірігіп ойнай алатын ойындар жасауда тиімді таңдау саналады. C++ бағдарламалауына негізделген Xbox және PlayStation консольдерін айтпағанда, Counter-Strike, StarCraft: Brood War, Diablo I, World of Warcraft ойындардың барлығы C++ тілінде жазылған.
  • Көп платформалы бағдарламалар. C++ тілінде Windows, Linux, Android, MacOS және iOS үшін бір уақытта түрлі қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін SDL кітапханасы бар. Photoshop, Illustrator және Adobe Premiere толығымен C++ тілінде жазылған.

Қалай үйренеміз?

C++ танымал бағдарламалау тілі болғандықтан IT-маманы болғысы келетіндер үшін көптеген ресурс бар. Интернетте онлайн сабақтар, уеб-сайттар мен кітаптар толып тұр. Бұл тілді үйренген соң кәсіби маман ретінде не істегіңіз келетінін ойлап, саралап алғаныңыз жөн. Назарыңызға пайдалы ресурстар тізімін ұсынамыз:

Онлайн курстар:

Кітаптар:

  • C++ Primer 5th Edition
  • Язык программирования C++. Лекции и упражнения. Стивен Прата
  • Effective Modern C++
  • С++ для начинающих. Шаг за шагом. Герберт Шилдт
  • Программирование. Принципы и практика с использованием C++. Страуструп

YouTube арналар: